Аква Марис Эктоин

Аква Марис Эктоин

Өнім мәліметтері
ӨндірушіЯдран
Өндіруші еліХорватия
Формасироп
Саны1
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Теңіз суын, негізгі20 мл
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 0 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Медициналық мақсаттағы бұйымның атауы

АКВА МАРИС® Сенс

Мұрын спрейі 20 мл

 

Бұйымның құрамы және сипаттамасы

Эктоин – 2,0%

Натрий хлориді (теңіз тұзы) – 0,9%

Су – 100% дейін

Құрамында консерванттар жоқ.

Құрамында лактоза мен глютен жоқ.

Аква Марис® Сенс мұрын спрейінің құрамында жасушаларды қорғайтын бірегей молекула бар, ол қабынуға қарсы қасиеттерге ие – эктоин. 100% табиғи ингредиент эктоинді өте қолайсыз жағдайларда тіршілік ететін микроорганизмдерден (экстремофилдерден) алады. Өздерін қоршаған ортаның агрессиялық ықпалынан қорғау үшін экстремофилдер эктоинтүзеді.

Эктоин – бұл мықты осмотрофты (су құрылымын қалыптастыратын) жәнебиомолекуланы тұрақтандыратын қасиеттерге ие амин қышқылдарының туындылары. Ол мұрын шырышында аллергендердің жасушалармен жанасуын болдырмайтын, осылайша аллергендерден болған асқын сезімталдық реакциясын төмендететін қорғаныс гидрокешенін түзу жолымен жасушалық жарғақшаларын қорғайды және тұрақтандырады. Осылайша,аллергендер мұрын эпителийінде оңай ұсталып, сіңбіру кезінде мұрын қуысын тез босатады.

Аква Марис® Сенс мұрын спрейі мұрын шырышын жағымсыз сыртқы әсерден, мысалы, сусызданудан немесе ауада болатын бөлшектерден қорғайды, және сезімтал мұрын шырышының қалпына келуін жеңілдетеді.

 

Өндіруші-ұйымның атауы және (немесе) тауарлық белгісі

«ЯДРАН» Галенски Лабораторий АҚ

 

 

 

Қолдану саласы

- аллергиялық ринитте (қышыну және тұмау, түшкіру және мұрынның бітелуі тәрізді аллергия симптомдарын жеңілдетеді);

- тозаңның, үйдегі шаңның немесе ауа бөліктеріндегі басқа да заттардың жоғарғы ықпалы кезеңінде мұрын эпителийін қорғау үшін (аллергендердің мұрынның тітіркенген шырышты қабығына жағымсыз ықпалын төмендетеді; сонымен қатар алдын алу үшін қолдану ұсынылады).

Қолдану тәсілі

Ересектерге және 10 жастан асқан балаларға күніне бірнеше рет әр танауға 1-2 бүркуден.

10 жасқа дейінгі балаларға ата-анасының бақылауымен күніне бірнеше рет әр танауға 1-2 бүркуден.

Алғашқы қолданар алдында қорғағыш қалпақшаны алыңыз да ауаны шығарып жіберу үшін бүріккішті 2-3 рет басыңыз. Ұштықты кеспеңіз. Егер спрей қызметі бұзылса (мысалы, егер спрей көлденең қалыпта болса), онда спрейді тік қалыпта ұстап тұрып бүріккішті бірнеше рет басыңыз.

·       танауды тазалау үшін абайлап сіңбіріңіз;

·       қорғағыш қалпақшаны алыңыз;

·       сұқ және ортаңғы саусағыңызбен спрейдің екі ұшын, үлкен саусағыңызбен құтының түбін ұстаңыз. Басын кішкене алдыға еңкейтіңіз де ақырын саусақпен баса тұрып бір танауды жабыңыз;

·       ашық танау арқылы ақырын тыныс ала бастаңыз;

·       сұйықтық танауға кіру үшін бүріккішті жылдам және түбіне дейін басыңыз. Осы танау арқылы тыныс алуды жалғастырыңыз;

·       спрей ұштығын екінші танауға енгізіңіз;

·       жоғарыда баяндалғандардың барлығын екінші танауға қайталаңыз;

·       бүріккіш ұштығын таза тоқылмаған сүрткімен сүртіңіз;

·       құтыны қорғаныс қалпақшасымен жабыңыз.

Гигиеналық тұрғыдан әрбір өнім тек бір адамға ғана пайдаланылуы тиіс. Әр қолданғаннан кейін бүріккіш ұштығын құрғатып сүрту және жабу қажет.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау қажет.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет!

 

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткен соң пайдалануға болмайды.

 

Өндіруші-ұйым

Өндіруші-ұйымның атауы, елі және заңды мекенжайы

«Ядран» Галенски Лабораторий АҚ, 51000, Пулац н/ж, Риека, Хорватия.

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.