- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Анауран
Анауран
Қолдану көрсеткіштері
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Замбон Свитцерланд ЛТД |
---|---|
Өндіруші елі | Швейцария |
Форма | раствор |
Саны | 1 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецепт арқылы |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Полимиксина В сульфат, негізгі | 9999.99 мл |
Неомицин сульфаты, негізгі | 0.5 гр |
Лидокаин гидрохлориды, негізгі | 4 гр |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 4690 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | 1 н. |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау
комитеті Төрағасының
2008 жылғы “__” _____________
№ _____ бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Дәрілік заттың медицинада
қолданылуы жөніндегі
нұсқаулық
АНАУРАНâ
Саудалық атауы
Анауран®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
25 мл құлақ тамшылары
Құрамы
100 мл ерітіндінің құрамында
Белсенді заттар: полимиксин В сульфаты - 1000000 МЕ
неомицин сульфаты - 0,5 г (375000 ХБ барабар)
лидокаин гидрохлориді - 4,0 г,
қосымша заттар: бензалкон хлориді - 0,01 г, пропиленгликоль -44 мл, глицерол - 26,5 г, тазартылған су 100 мл-ге дейін.
Сипаттамасы
Мөлдір, түссіз, иісі жоқ сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Құлақ ауруын емдеуге арналған препараттар.
Микробтарға қарсы препараттар.
АТЖ коды SO2АА3О
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жергілікті әсері бар, жүйелі әсер етпейді.
Фармакодинамикасы
Неомицин сульфаты - әсер ету ауқымы кең аминогликозидті антибиотик грамоң (Staphylococcus spp., Streptococcus pneumoniae) және грамтеріс (Escherichia coli, Shigella dysenteria spp., Shigella flexneri spp., Shigella boydii spp., Shigella sonnei spp., Proteus spp.) микроорганизмдер жөнінде бактерицидті әсер етеді; Streptococcus spp. жөнінде – тиімділігі төмен.
В полимиксин - полипептидті антибиотик. Грамтеріс микроорганизмдер: Escherichia coli, Shigella dysenteria spp., Shigella flexneri spp., Shigella boydii spp., Shigella sonnei spp., Salmonella typhi и Salmonella paratyphi; Pseudomonas aeruginosa жөнінде белсенді. Proteus spp., Mycobacterium spp., грамоң кокктар, зеңдер жөнінде белсенді емес. Жергілікті тітіркендіргіш әсер етеді.
Лидокаин – жергілікті жансыздандыратын дәрі, ауырғанды және қышуды жылдам тоқтатады.
Жергілікті жансыздандырғыш әсері вольтажға тәуелді Na+-өзекшелердің бөгелуімен байланысты, бұл сезімтал жүйкелер ұштарында импульстардың генерециялануын және ауырту импульстарының жүйке талшықтарымен өтуін тежейді.
Қолданылуы
- сыртқы жедел және созылмалы отитте
- тесілмеген ортаңғы отитте
-созылмалы экссудатты (тесігі жоқ) ортаңғы отитте
-операция жасалған құлақтағы іріңді асқынуларда.
Қолдану тәсілі және дозалары
Жергілікті, сыртқы есту жолдарына арнайы тамшуырдың көмегімен қолдану керек. Тамызғаннан кейін бірнеше минут ауырмайтын құлақ жаққа қарай басты қисату керек.
Ересектерге: тәулігіне 2-4 рет 4-5 тамшыдан, балаларға: аурудың ауырлығына қарай тәулігіне 3-4 рет 2-3 тамшыдан.
Емдеу ұзақтығы 7 күннен аспауы керек.
Құлақ тамшыларын қолданудың алдында сыртқы есту жолына салқын сұйықтықтың түсуіне байланысты жағымсыз әсерлерден аулақ болу үшін, оны қолда ұстап тұрып, құтыны дене температурасына дейін жылыту ұсынылады.
Жағымсыз әсерлері
Мүмкін:
-гиперемия, қышу және сыртқы есту жолы терісінің қабыршықтануы, олар препаратты тоқтатқаннан кейін кетеді
- ототоуыттылық , ұзақ емдеген кезде нефроуыттылық (неомициннің сіңуі салдарынан)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың құрамдас бөліктеріне жоғарғы сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттестігі
Мономицинмен, стрептомицинмен, гентамицинмен, амикацинмен, нетилмицинмен үйлеспейді (жоғарыда аталған антибиотиктердің отоуыттылығы күшеюі мүмкін).
Айрықша нұсқаулар
Анауран тек құлақ ауырған кезде ғана қолданылады. Ауыр және орнықты жұқпаларда жергілікті емдеуді антибиотиктерді жүйелі қолданумен толықтыру қажет.
Анауранды ұзақ қолдану жүргізіліп жатқан емге төзімді асқын жұқпаның өршуін туындатуы мүмкін.
Педиатрияда қолдану
1 жасқа дейінгі балаларға препаратты тек аса қажеттілік туындаған жағдайда және дәрігердің бақылауымен қолдану керек.
Жүктілік және лактация кезеңінде
Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты қабылау тек аса қажеттілік туындаған жағдайда және дәрігердің бақылауымен қолдану керек.
Дәрілік заттардың көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозаланғанда
Артық дозалануы жазылмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
Күңірт шыныдан жасалған, полиэтилен тамшылатқыш-қақпақшасы бар құтыда 25 мл-ден . Картон пәшкеге қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге бір құтыдан салынған.
Сақтау шарттары
+15ºС -ден +25ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалар қол жеткізе алмайтын жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Замбон С.п.А., Италия
36100, Виа делла Кимика, 9, Виченца, Италия.