- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Бор қышқылының ерітіндісі
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Құлақ, тамақ, мұрын
- Бор қышқылының ерітіндісі
Бор қышқылының ерітіндісі
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Шаншаров-фарм |
---|---|
Өндіруші елі | Қазақстан |
Форма | раствор |
Саны | 1 |
Қаптамасы | нәрсе |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Бор қышқылы, негізгі | 3 % |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 129 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Дәрілік затты медициналық қолдану
жөніндегі нұсқаулық
БОР ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ 3 % СПИРТТІ ЕРІТІНДІСІ
Саудалық атауы
Бор қышқылының 3 % спиртті ерітіндісі
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
3 % спиртті ерітінді
Құрамы
100 мл препараттың құрамында
белсенді зат – 3,0 г бор қышқылы
қосымша зат - 70 % этил спирті 100 мл дейін
Сипаттамасы
Спирттің иісі бар түссіз мөлдір ерітінді
Фармакотерапиялық тобы
Антисептикалық және дезинфекциялайтын препараттар. Бор қышқылы және оның негізіндегі препараттар.
АТХ коды D08AD
Фармакологиялық қасиеттері
Антисептикалық дәрі.
Бор қышқылы жасуша қырылуын туғыза немесе бактериялардың өсуі мен дамуын кідірте отырып (препараттың концентрациясына байланысты) микроб жасушаларының ақуыздарын коагуляциялайды, жасуша қабығының өткізгіштігін бұзады.
Қолданылуы
- жедел, созылмалы отитте
- пиодермияда
- экземада
- баздануда
Қолдану тәсілі және дозалары
Отит кезінде күніне 3-5 тамшыдан 2-3 рет тағайындайды. Бор қышқылының ерітіндісіне малынған тампонмен терінің зақымданған жерін сүртеді. Емдеу курсы 3-5 күн.
Жағымсыз әсерлері
- жекелей жақпаушылық
- эпителий десквамациясы (тері беткейлік қабатының түлеуі)
- қышыну, күйдіру
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа жоғары сезімталдық
- жүктілік, лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Препаратты шырышты қабыққа түсірмеуге тырысу керек.
Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі
20 мл және 30 мл препараттан полиэтиленнен жасалған тығынмен тығындалып, бұрандалы қақпақпен жабылған бұралатын мойны бар шыны құтыларда немесе тығынмен тығындалып, қақпақпен жабылған полимер құтыларда. Құтыларды қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе орама қағазымен қапталған бумаларға медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен қапталады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Алматы қ., Б. Бұлқышев к-сi, 4е
Тіркеу куәлігінің иесі
«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы
ҚР аумағында өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
Б. Бұлқышев к-сi, 4е