Долфин ересектерге арналған мұрынды шаю

Долфин ересектерге арналған мұрынды шаю

Өнім мәліметтері
ӨндірушіЗентива
Өндіруші еліЧех
Формапорошок
Саны30
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Теңіз суын, негізгі2 гр
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 0 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

 

 

Қазақстан Республикасы 

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және 

фармацевтикалық қызметті 

            бақылау  комитеті Төрағасының 

200_ жылғы “____” _____________

№ _____ бұйрығымен

                                            БЕКІТІЛГЕН

 

Медициналық мақсаттағы бұйымдарды қолдану жөнінде тұтынушыларға арналған  

нұсқаулық

(аңдатпа –қосымша бет)

 

Медициналық мақсаттағы бұйымның атауы  

Оториноларингологиялық құрылғыны шаюға арналған №1 жеке зат «ДОЛФИН»,  пакетшелерде 2 г-нан (ересектерге) және 1 г-нан (балаларға).

 

Бұйымның құрамы және сипаттамасы

Компоненттің атауы

Бір пакетшедегі заткомпоненттерінің мөлшері, г

пакетшеде 1 г-нан

пакетшеде 2 г-нан 

галит (ас тұзы)

0,7

1,4

карналлит

0,25

0,5

қоскөміртотықты натрий (ас содасы)

0,02

0,04

итмұрынның құрғақ сығындысы

0,015

0,03

 мияның құрғақ сығындысы

0,015

0,03

Шаюға арналған №1 зат ашық-қоңыр түсті немесе қоңыр түсті бір текті ұсақ кристалды ұнтақ

 

Қолдану тәсілі  

Ауыз қуысы және мұрынжұтқыншақтың жұқпалы әрі аллергиялық қабынуда, өнеркәсіптік және тұрмыстық факторлардан шырышты қабық  тітіркенуінде, аденоидтар қабынғанда және мұрынның қосалқы қойнаулары  қабынғанда қолдануға арналған ерітінді.  

Мұрынның ауруларын емдеуге арналған заттың құрамында галит (ас тұзы) 70%, карналлит-25%, қоскөміртотықты натрий (ас содасы) -2%,  мияның құрғақ сығындысы -1,5%, итмұрынның құрғақ сығындысы -1,5%. 

Құрғақ затты қолдану теңіз суын қолданумен байланысты кемшіліктерге жол бермей (түрлі ластанулар және басқалар),  ex temporo мұрын қуысын толық көлемді шаюды жүргізуге арналған ерітінді және микроэлементтердің қажетті концентрациясын алуға мүмкіндік береді. Құрғақ затты суда еріткенде назальді секретке изотониялық ерітінді алынады.  

      Ерітіндінің микроэлементтер бокал тәрізді жасушалар қорғайтын шырыш өндірілуін белсендіре отырып мұрынның шырышты қабығының  функционалды белсенділігін қалпына келтіреді. Йод және натрий хлориді антисептикалық әсері бар. Магний иондары мұрынның шырышты қабығының физиологиялық жағдайларын қалпына келтіре отырып жыпылықтайтын эпителийдің қызметін қалыпты етеді. Мырыштың және селеннің иондары мұрынның шырышты қабығы және мұрынның қосалқы қойнауларының жергілікті иммунитетін қалпына келтіре отырып  лизоцим, интерферон және иммуноглобулиндер шығарылуына ықпал етеді. 

     Заттың құрамы итмұрынның (бактерицидті қасиеттерге және құрамында поливитаминді жиынтық бар) және мияның (аллергияға қарсы  әсер ететін және құрамында сыртқы ортаның жағымсыз факторларын қамтамасыз ететін флавоноидтар бар) биологиялық-белсенді заттарымен толтырылған.

      Мұрынның осы ауруын емдеу үшін сулы ерітіндіні қолдану қабынуға қарсы айқын, секретолитикалық әсер етеді, іріңді үдерістің ерте басылуына, шырыштың ісінуі азаюына, секрет тұтқырлығының азаюы,  оның дренажы жақсаруына, жыпылықтайтын  эпителийдің тасымалдаушы белсенділігінің қалпына келуіне ықпал етеді. Осы заттың ерітіндісін пайдаланғанда қылтамырлардың тонусы жақсарады, мұрын қуысын микробтар және аллергендерден тазартатын шырыштың қозғалысын күшейтеді және арнайы емес жергілікті  иммунитетті көтермелеу есебінен мұырынның шырышты қабығының қорғайтын қасиеттері жоғарылады.  

      Мұрын қуысына ерітіндіні енгізудің ирригациялық әдістемесі  мұрын қуысының толық көлемді  шайылуын қамтамасыз етеді, мұрын қуысының бүкіл ұзындығын бойынша  мұрынды жайлы және қауіпсіз шаюға,  мұрын қуысына ерітінді жіберу күші мен жылдамдығын баяу реттеуге  мүмкіндік береді. Бұл мұрынның шырышты қабығының терең сулануын, оның аллергендерден, ауру тудыратын бактериялар және вирустардан тазаруын қамтамасыз етеді. Осындай шаюдың салдарынан мұрынмен тыныстаудың жақсаруы, ауыру синдромының басылуын, мұрынның қосалқы қойнауларындағы ісіну және секреттің азаюы байқалады, тамырды тарылтатын тамшыларды пайдалану қажеттілігі төмендейді,  аденоидты вегетацияларға тікелей әсер етеді, дәрілік препараттардың биотиімділігі жақсарады, ол аденоидиттер, риносинуситтер ұзақ жүруіне, асқыну дамуына кедергі етеді.  

     Осы заттың  сулы ерітіндісімен мұрын қуысын толық көлемді шаю  ауыру сезімін туындатпайды,  жүкті әйелдерде өз бетінше емделуде немесе қабынуға қарсы еммен немесе физиоеммен біріктіре сәтті қолдануға болады. Құрамында магний иондары және биофлавоноидтар болуы есебінен препараттың секретомоторлы белсенділігінің болуы оны мұрын қуысының атрофиялық үдерістерде ұсынуға мүмкіндік береді.

 

Қолдану тәсілі    

Пакетшелердегі зат 1 г-нан (балаларға):  құрылғының сыйымдылығына 34-360С температурадағы 120 мл қайнатылған ас суын құйып, бір пакетшенің ішіндегісін салу керек. 

Пакетшелердегі зат 2 г-нан (ересектерге):  құрылғының сыйымдылығына 34-360С температурадағы 240 мл қайнатылған ас суын құйып, бір пакетшенің ішіндегісін салу керек.

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар  

Мұрыннан жиі қан кеткенде;  мұрын қуысындағы жаңа түзілімдерде; жедел отит және созылмалы отиттің асқынуы; мұрын жолдарының толық бітелуінде; шаюға арналған заттардың компоненттерін жеке көтере алмауда

 

 

Сақтау шарттары 

Құрғақ, балалардың қолы жетпейтін жерде, ылғалдылығы 75%-дан аспайтын, 0-ден  +25 0С-ге дейінгі температурада сақтау керек.  

 

Жарамдылық мерзімі

Дайындалғаннан  күннен бастап 2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды. 

 

Өндіруші  

Фирма «Динамика» ЖШҚ

Заңды мекенжайы:  Ресей, 630100, Новосибирск қ-сы, 1-ші бұр. Пархоменко, 14

Өндіруші-зауыттың орналасқан мекенжайы:  633004, Бердск қ-сы,  Химзаводская к-сі, 11/48

Телефон: (383) 3340-370

Факс: (383) 3340-370

E-mail: 008@012.ru

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.