Золотая звезда

Золотая звезда

Өнім мәліметтері
ӨндірушіДанафа Фармасьютикал Джойнт Сток Компани
Өндіруші еліВьетнам
Формараствор
Саны1
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Ксилометазолин, негізгі0.05 %
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 990 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

 

 

Қазақстан Республикасы 

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және 

фармацевтикалық қызметті 

бақылау комитеті Төрағасының 

20  _ жылғы “____” ___________

№ _____ бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

                                                                                                     

Дәрілік заттың медицинада

қолданылуы жөніндегі

нұсқаулық

«Золотая звезда»  тамшылары

                                                         

 

Саудалық атауы 

«Золотая звезда» тамшылары

 

Халықаралық патенттелмеген атауы  

Ксилометазолин

 

Шығарылу түрі 

0,05%  және  0,1%  10 мл мұрынға арналған тамышалар 

 

Құрамы 

10 мл препараттың құрамында 

белсенді зат  -  5,0 мг немесе  10,0 мг ксилометазолин  гидрохлориді бар.  

қоысмша заттар: натрий дигидрофосфаты, натрий гидрофосфаты, натрий  хлориді, бензалконий хлориді, тазартылған су. 

 

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық.

 

Фармакотерапиялық тобы 

Антиконгестанттар және жергілікті қолдануға арналған басқадай препараттар. 

АТЖ коды  R01AA07

 

Фармакологиялық қасиеттері 

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданғанда мүлдем сіңбейді,  плазмадағы концентрациясының аздығы сондай оларды қазіргі заманның аналитикалық әдістерімен анықтау мүмкін емес.  

Фармакодинамикасы

Альфа – адрено көтермелегіштер, шырышты қабықтың ісінуі мен гиперемиясын кетіре отырып, мұрын қуысы шырышты қабығының қантамырларын тарылтады. Әсері бірнеше минуттан соң байқалады және бірнеше сағат бойы жалғасады. 

 

Қолданылуы 

- жедел аллергиялық ринитте 

- риниттен болған ЖРА-да

- синуситте

- поллинозда

орташа  отитте (мұрынжұтқыншақ шырышты қабығының  ісінуін басу үшін)

- науқастың мұрын жолдарын  диагностикалық  манипуляция жасауға дайындау 

 

Қолдану тәсілі және дозалары 

Мұрын ішіне.  

 0,05% тамшылар

1 тамшының құрамында  0,025 мг ксилометазолин гидрохлориді бар.

- 2-ден 12 жасқа дейінгі балаларға: әр мұрын қуысына  8-10 сағат сайын  2 – 3 тамшыдан. 

 0, 1% тамшылар

1 тамшының құрамында 0,05 мг ксилометазолин  гидрохлориді бар.

- Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға: әр мұрын қуысына  8-10 сағат сайын  2 – 3 тамшыдан. 

Күніне 3 реттен асырмай қолдану керек. 

Емдеу курсын 7 күннен асырмау керек.  

 

Жағымсыз әсерлері   

Жиі және/немесе ұзақ қолданған кезде мынадай жағдайлар: 

- мұрынжұтқыншақтың шырышты қабығының тітіркену және/немесе құрғауы,  түшкіру, асқын сөлініс.  

Сирек

 - мұрынның шырышты қабығының  ісінуі 

- жүрек қағуы,  тахикардия,  аритмия, қан қысымынң жоғарылауы

- бас ауыруы

- құсу

- ұйқысыздық, жабығу (жоғарғы дозада ұзақ қолданған кезде) 

- көздің нашарлауы  болуы мүмкін. 

Белгілер пайда болған кезде препаратты қолдануды тоқтату  және дәрігерге қаралу керек. 

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар   

- препаратқа асқын сезімталдықта 

- артериялық  гипертензияда,   тахикардияда 

- айқын  атеросклерозда

- глаукомада

- атрофиялық  ринитте

- ми қабықтарына (сыртартқысында) хирургиялық араласуларда  

- 4 айға дейінгі балаларға 

- тиреотоксикозда

- жүктілікте  

- моноаминоксидаз тежегіштерін   және  үшциклды  антидепрессанттарды  қолданғанда 

- 2 жасқа дейінгі балаларға  (0,05% тамшы үшін)

- 12 жасқа дейінгі балаларға  (0,1% тамшы үшін)

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі  

МАО тежегіштерімен және үшциклды антидепрессанттармен бір мезгілде қолдануға болмайды. 

 

Айрықша нұсқаулар 

4 айдан кіші балаларға тамшыларды қолдануға болмайды. 

Кішкентай балаларда қозу немесе ұйқының бұзылуы орын алуы мүмкін. Егер аурудың мұндай белгілер пайда болса, дәрілік препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Созылмалы немесе вазомоторлы  ринитті науқастарға препаратты қолдануға болмайды. 

ЖИА (стенокардия), қуық асты безінің гиперплазиясы, қант диабетінде  сақтықпен қабылдау керек. 

Препаратты  7 күннен артық қабылдамау керек.

Жүктілік және  лактация кезеңі

Препаратты жүктілік кезінде қолдануға болмайды, лактация кезеңінде препаратты сақтықпен қабылдау керек.  

Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері 

Препаратты көлік және механизмдерді басқару қабілетін  төмендетпейді.  

 

Артық дозалануы

Белгілері: жағымсыз әсерлерінің күшеюі. 

Емі белгілеріне қарай. 

 

Шығарылу түрі мен қаптамасы

10 мл препарат пластмасс тамызғы-құтыда. Құтыға өзі желімденетін затбелгіні жабыстырады.

1 құты-тамызғы қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған. 

 

Сақтау шарттары  

15°С-ден  25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

 

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Дәрігердің рецептісінсіз босатылады. 

 

Өндіруші

ДАНАФА ФАРМАСЬЮТИКАЛ ДЖОЙНТ СТОК КОМПАНИЯСЫ

Адрес: д.253, ул. Зунг Си Тхань Тхе, р-он Тхань Тхе, Дананг Сити, Вьетнам

 

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.