Кандид

Өнім мәліметтері
ӨндірушіГленмарк Фармасьютикалс
Өндіруші еліҮндістан
Формараствор
Саны1
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Клотримазол, негізгі1 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 0 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

 

Қазақстан Республикасы 

Денсаулық сақтау министрлігі фармацивтикалық бақылау 

                            комитеті төрағасының 

2008 жылғы “__” _____________

№ _____ бұйрығымен 

БЕКІТІЛГЕН

 

Дәрілік заттың медицинада  

қолданылуы жөніндегі 

нұсқаулық

 

КАНДИД

 

 

Саудалық атауы

Кандид 

 

Халықаралық патенттелмеген атауы        

Клотримазол

 

Дәрілік түрі 

Жергілікті қолдануға арналған   1% ерітінді 

 

Құрамы 

белсенді зат – клотримазол 1мг,

қосымша заттар:            пропиленгликоль, глицерин.

 

Сипаттамасы

Түссіз , мөлдір, тұтқыр сұйықтық 

 

Фармакотерапиялық тобы 

Жергілікті қолдануға арналған зеңдерге қарсы препараттар. Имидазол туындылары.

ATЖ коды  D01AС01

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Клотримазол жергілікті қолданғанда  қан ағымына түспейді және жүйелі әсер етпейді. 

Фармакодинамикасы

Клотримазол – имидазол туындысы, жасуша қабырғасының зақымдануына әкеп соқтыратын зеңдердің жасушалық жарғашасы - эргостерин синтезі бұзылуымен байланысты зеңдерге қарсы әсер етеді.  Эргостерин зеңдер 

цитоплазматикалық жарғақшасының басты компоненті.  Клотримазол  2,4 метилэнедигидроланостеролды диметилстеролға айналдырудың  ферментативті тежегіші бола отырып, провитамин Д2 зеңдер цитоплазматикалық жарғақшасының негізгі бөгегіші болып табылады. Клотримазолдың ең кіші фунгицидті концентрациялары қоршаған ортаға жасушаішілік фосфорлы қоспалардың өтуіне ықпал етеді, ол  жасушалы нуклеин қышқылдарының ыдырауы және калий жойылуымен  қатар жүреді. Плазмалық жарғақшалы АТФаза және басқа да жарғақшалы   ферменттердің қайта құрылуы, жарғақша тасымалдануының және майлы қышқылдардың  метаболизмі өзгеруі  клотримазолдың зеңдерге қарсы әсерінің басқа механизмдеріне жатады.   

Клотримазолдың әсер ауқымы кең, дерматофиттер, ашытқы зеңдеріне қатысты тиімді, эритразма, стрептококктар және стафилококктар қоздырғышына  микробтарға ұарсы әсер етеді,   трихомонадтарға қатысты тиімді.

 

Қолданылуы

- кандидоздық стоматитте, глосситте, хейлитте, ангулярлы стоматитте, пародонтитте.

 

Қолдану тәсілдері және дозасы

Кандид препаратының 10-20 тамшысын (1 мл-нің 1/2 бөлігі) мақта таяқшасының көмегі арқылы ауыз қуысының зақымданған жерлеріне күніне 3-4 рет жағады.  Жаққан кезде ауыз қуысының бүкіл зақымданған  қабығы ерітіндімен   өңделгендігіне көз жеткізу керек.  Жағдайдың жақсаруы  емдеудің тек 3-5 күндері пайда болғанымен,  емдеуді аурудың   клиникалық байқалулары толық жойылғанға дейін   жалғастыру керек.

 

Жағымсыз әсерлері

- жергілікті аллергиялық реакциялар  (қызару, күйдіру, шаншу)

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар     

- препарат  компоненттеріне жоғарғы сезімталдық

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Амфотерицина В немесе нистатинмен бірге бір мезгілде қабылдағанда клотримазолдың белсенділігін төмендетеді. 

 

Айырқша нұсқаулар

Ауыз қуысын тек жергілікті емдеуге арналған. Көзге тигізіп алмау керек. Көзге тигізіп алған жағдайда әбден сумен шаю керек. Егер тұрақты қолданғаннан кейін жағдай нашарласа немесе жақсару байқалмаса, дәрігерге қаралыңыз. 

Жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы 

Препаратты жүктілік кезеңінде тағайындау  дәрігердің кеңесінен кейін жеке шешілуі керек.  

Клиникалық және экспериментті зерттеулерде әйел немесе ұрықтың денсаулығына дәрінің теріс әсер еткендігі анықталған жоқ.  

Клотримазолдың ана сүтіне бөліну-бөлінбеуі белгісіз, бірақ оны бала емізетін әйелдерге сақтықпен қолдану керек.  

Дәрілік заттардың көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері 

Әсер етпейді

 

Артық дозаланғанда

Симптомдары: артық дозалануы нейғайбыл, артық дозаланған жағдайда жағымсыз әсерлер күшеюі мүмкін. 

Емдеу:  зақымданған жерлерді молынан шайып, артынан белгілеріне қарай ем жүргізу керек.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

Жергілікті қолдануға арналған 1%, 15 мл ерітінді.

Бірінші қаптамада: палстик құтыда 15 мл ерітінді 

Екінші қаптамада: бір пластик құты қолданылу жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қаптамада. 

 

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, +250С-ден аспайтын температурада сақтау керек. 

Балалар қол жеткізе алмайтын жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі  

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

 

дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

 

Өндіруші

Гленмарк Фармасьютикалз Лтд / Glenmark Pharmaceuticals Ltd

Б/2, Махалакшми Чемберз, 22, Бхулабхай Десай Роуд, Бомбей-400026, Үндістан

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.