Ингалипт

Қолдану көрсеткіштері
Өнім мәліметтері
ӨндірушіАлтайвитамины
Өндіруші еліРесей
Формааэрозоль
Саны1
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Натрий сульфаниламид, негізгі0.75 гр
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 1090 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

 

 

Қазақстан Республикасы 

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  министрлігі Mедициналық және 

фармацевтикалық қызметті 

бақылау комитеті Төрағасының 

20_ жылғы “____” ___________

№ _____ бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

                                                                            

Дәрілік затты медициналық қолдану

жөніндегі нұсқаулық

 

Ингалипт

 

Саудалық атауы

Ингалипт

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі

Жергiлiктi қолдануға арналған аэрозоль, 30 мл  

 

Құрамы

Бір баллонның ішінде 

белсенді заттар:

Натрий сульфаниламиді                                    - 0,750г

(ерігіш стрептоцид)

Натрий сульфатиазол пентагидраты                 - 0,750г

Эвкалипт майы                                                   - 0,015г

Бұрыш жалбызының майы                                - 0,015г

Тимол                                                                    - 0,015г

қосымша заттар:  этанол (95% этил спирті), сахароза (рафинад-қант), глицерол (глицерин), полисорбат-80, тазартылған су, азот.

 

Сипаттамасы

Ашық-сары түстен күңгірт-сары түске дейінгі, баллоннан шашырап шыққанда тимолға және ментолға тән иіс түзетін мөлдір сұйықтық. 

 

Фармакотерапиялық тобы 

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.

АТХ коды  R02AA20

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бүркігішті әр басқанда ауыз қуысына ерітіндінің тең мөлшері ұсақ тамшылар түрінде шашырайды, қанға сіңірілуі көмей деңгейінде байқалады.  Шашыраған заттардың бөлігі өкпеге түседі. Ал басқа бөлігі- өңешпен  асқазанға  және  асқазан ішек жолының басқа бөлігіне түседі. Тыныс жолдарына түскен дәрілік заттар абсорбцияға ұшырап жүйелі қан айналымына түседі. Асқазан ішек жолына түскен кезде дәрілік заттар әр түрлі агрессиялы факторлардың әсеріне ұшырайды (ферменттер, тұз қышқылы). Олардың ыдырамаған бөлігі, жіңішке ішекте сіңеді және қан ағымы арқылы бауырдан өтіп, белсендігін жоғалтып  нәжіспен метаболит ретінде  шығарылады.  

Фармакодинамикасы

Жергілікті қолдануға арналған біріктірілген препарат. Препарат құрамына кіретін еритін сульфаниламидтер  микробқа қарсы әсер етеді (грамоң және грамтеріс бактерияларға қатысты ауыз қуысының және жұтқыншақтың ауруларын туындататындарға). Тимол, эвкалипт майы және бұрыш жалбызы майы  зеңге қарсы (Candida тектес зеңдерге қатысты), микробқа қарсы, қабынуға қарсы және жеңіл ауыруды басатын әсер көрсетеді.    

 

Қолданылуы 

-         микробтарға қарсы және қабынуға қарсы дәрілік зат ретінде, ингаляция үшін ауыз қуысы мен тамақтың  қабыну ауруларында қолданылады (тонзиллитте, фарингитте, афтозды және ойық жаралы стоматитте) 

 

Қолдану тәсілі  және дозалары

Жергілікті

Сыздықтатып шашар алдында ауызды және жұтқыншақты қайнаған жылы сумен шаю керек. Баллоннан сақтандырғыш қалпақшасын ағытып алып, клапан өзекшесіне қоса салынған шашыратқышты кигізу керек. Шашыратқыштың бос ұштығын ауыз қуысына енгізіп, баллонның бас тиегін 1-2 секунд бойы басу керек. Препаратты ауыз қуысында 5-7 минут ұстау керек.

Ересектерді емдеу үшін тәулігіне 3-4 рет қоладанады.

Шашыратқыш тесігінің бітеліп қалуын болдырмас үшін, манипуляция жасаған соң оны үрлеп немесе таза су құйылған стақанға  салған жөн.     

Баллонды қолданғанда қатаң түрде тік қалыпта ұстау керек. 

Емдеу курсы: 7-10 күн. 

 

 

Жағымсыз әсерлері

-          аллергиялық реакциялар (терінің бөртуі, қышу)

-          қысқа мерзімде тамақтың күйдіру және ашу сезімі болуы  мүмкін. 

Жағымсыз реакциялар пайда болған кезде препараттың қолданылуын  тоқтатып және дәрігерге қаралу қажет.

Әдеттен тыс реакциялар пайда болған жағдайда препаратты әрі қарай қолданылуының мақсатқа сай болуы бойынша дәрігерден кеңес алу керек.

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар 

- препараттың кез-келген компоненттеріне жоғары сезімталдық 

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа  дәрілік заттармен үйлесімді, клиниалық мәнді өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ. 

Әсер ету ауқымын кеңейту және тиімділікті көтермелеу мақсатында басқа да жергілікті микробтарға қарсы дәрілермен бір мезгілде қолдануға болады.  

 

Айрықша нұсқаулар

Балалар  

Балаларға Ингалипт препараты тек дәрігердің ұсынымы бойынша ғана қолданылады

Жүктілік және лактация кезеңі

Анаға деген болжанған пайдасы ұрыққа және балаға деген әлеуетті қаупінен жоғары болғанда ғана дәрігердің кеңесі бойынша қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері   

Көлік құралдарын басқару  және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне  жанама ықпал ету әсері тіркелмеген.  

 

Артық дозалануы

Симптомдары: препараттың бөлігін жұтумен байланысты жүрек айнуы, құсу    

Емі: арнайы антидоты жоқ, симптоматикалық және демеуші ем.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

Үздіксіз әсер ететін клапанмен, бүріккіш және аэрозолді қалпақшамен жабдықталған аэрозолді алюминий баллонға препарат 30 мл-ден толтырылған. Әр аэрозолді алюминий баллонға заттаңба жапсырылады.  Әрбір баллон аэрозолді қақпақшамен, бүріккішпен және медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады. 

 

Сақтау шарттары

30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. 

Күн сәулесінің тікелей әсер етуіне және соғылуға, түсіріп алуға жол бермеу керек. 

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Қаптамада көрсетілген, жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

 

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз 

 

Өндіруші

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Мекенжайы: 659325, Алтай өлкесі, Бийск қаласы, Заводская  көшесі 69,

тел. (3854) 338-719, 326-946

факс: (3854)327-640

 

Тіркеу куәлігінің иесі 

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Мекенжайы: 659325, Алтай өлкесі, Бийск қаласы, Заводская  көшесі 69,

 

 

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы туралы түскен шағымдарды қабылдайтын  ұйымның  мекенжайы, телефон нөмірі, факс нөмірі, электронды поштасы

«Алтайвитамины» ЖАҚ

Мекенжайы: 659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қаласы, Заводская  көшесі 69,

Телефон: (3854) 338-719, 326-946, факс: (3854) 327-640

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.