Лазорин

Қолдану көрсеткіштері
Өнім мәліметтері
ӨндірушіИнститут де Ангели Institute de Angeli S.R.L
Өндіруші еліИталия
Формаспрей
Саны1
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Трамазолин, негізгі1.18 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 0 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Саудалық атауы

ЛазоринÒ

 

Халықаралық патенттелмеген атауы 

Трамазолин

 

Дәрілік түрі

Дозаланған мұрын спрейі 1.18мг/мл, 10 мл

 

Құрамы 

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – 1,265 мг трамазолин гидрохлориді моногидраты (1,18 мг трамазолин гидрохлоридіне баламалы),

қосымша заттар: лимон қышқылының моногидраты, натрий гидроксиді, бензалконий хлориді, гипромеллоза, повидон К25, глицерин 85 %, магний сульфаты, магний хлориді, кальций хлориді, натрий гидрокарбонаты, натрий хлориді, цинеол, левоментол, рацемиялық камфора, тазартылған су.

 

Сипаттамасы 

Эвкалипт иісі бар, мөлдір, ақшыл сары ерітінді 

 

Фармакотерапиялық тобы

Мұрынға арналған препараттар. Антиконгестанттар және жергілікті қолданылатын басқа да мұрынға арналған препараттар. Симпатомиметиктер.Трамазолин

АТХ коды R01AA09

 

Фармакологиялық қасиеттері 

Фармакокинетикасы

Сіңуі және таралуы. Фармакокинетикалық зерттеулер адамға жүргізілген жоқ. Клиникаға дейінгі зерттеулер интраназальді қолданғаннан кейін енгізілген дозасының 50-ден 80 %-ға дейінгісі сіңетінін көрсетті.

Метаболизмі мен шығарылуы. Трамазолин мен оның метаболиттері барлық ішкі ағзаларға таралады, ең жоғарғы концентрациясы бауырда анықталады. Трамазолинді қолданғаннан кейін оның үш негізгі метаболиті несепте анықталған. Терминалдық жартылай шығарылу кезеңі 5–7 сағатты құрайды. Негізінен бүйрек арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Трамазолин гидрохлориді – альфа-2-адреномиметик, тамырлардың тарылуын туғызады. Тамырды тарылтатын әсерінің арқасында препарат мұрынның шырышты қабығына жаққан кезде ісінуді азайтады. Нәтижесінде, мұрын жолдарының өткізгіштігі қалпына келеді мұрынмен тыныс алу жеңілдейді. Препараттың әсері алғашқы 5 минут ішінде басталады және 8-10 сағатқа жалғасады.

 

Қолданылуы 

-      жедел респираторлық аурулардан және/немесе полиноздан туындаған (ринит, пішен қызбасы) мұрынның шырышты қабығының ісінуінде, мұрынның бітелуінде

-      синуситте және ортаңғы құлақ отитінде (евстахиитте), мұрынның қосалқы қойнауларының ішіндегі ағынды жеңілдету үшін (дәрігердің ұсынымы бойынша)

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Интраназальді.

Ересектер мен 6 жастан асқан балалар: әр мұрын жолына 1 бүркуден, қажеттілігіне қарай күніне 4 бүркуге дейін.

Препаратты қабылдауды дәрігердің тағайындауынсыз  5-7 күннен артық қолдануға болмайды.

Дозалағыш құрылғысы бар құтыны пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар:

Препаратты бүрку алдында мұрын жолдарын тазарту керек.

1.    Қорғағыш қалпақшасын шешіңіз.

2.    Алғаш пайдаланар алдында аэрозольдің біркелкі тұрақты бұлты пайда болғанға дейін, ауаға бірнеше рет бүрку қажет (1 сурет). Бұдан кейін дозалағыш құрылғы пайдалануға дайын.

1 сурет

3.    Басыңызды тік ұстап тұрып, ұштықты мұрын жолына енгізіңіз және бір рет бүркіңіз (2 сурет). Емшараны келесі мұрын жолы үшін қайталаңыз. Ұштығын шығарып алғаннан кейін мұрын арқылы әдеттегідей  дем алу керек.

2 сурет

4.    Пайдаланғаннан кейін қорғағыш қалпақшасын кигізіңіз. Әр пайдаланғаннан кейін ұштығын тазалап отыру ұсынылады.

 

Жағымсыз әсерлері

-      мұрыннан қан кету, мұрын қуысының ісінуі, мұрын қуысының құрғауы және жайсыздығы, ринорея, түшкіру

-      жүрек айнуы, дәм сезудің бұзылуы, ұйқышылдық, ұйқысыздық, мазасыздық, қажығыштық, тыныштандыру әсері, бас ауыруы, елестеулер, бас айналуы

-      аритмия, тахикардия, жүректің қағуы, артериялық қысымның жоғарылауы 

-      аса жоғары сезімталдық, аллергиялық реакциялар (тері жабындары мен шырышты қабықтың ісінуі, бөртпе, қышыну)

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

-     трамазолин гидрохлоридіне, бензалконий хлоридіне немесе препараттың кез-келген компонентіне жоғары сезімталдық 

-     жабық бұрышты глаукома

-     атрофиялық ринит

-     мұрын қуысы арқылы жүргізілген бассүйектегі хирургиялық араласулар (сыртартқыдағы)

-     жүктіліктің І триместрі және лактация кезеңі

-     6 жасқа дейінгі балалар

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кейбір антидепрессанттар (МАО тежегіштері мен үшциклдық антидепрессанттар) мен тамырды тарылтатын препараттар бір мезгілде тағайындалғанда артериялық қысымның жоғарылауын туғызуы мүмкін. Үшциклдық антидепрессанттармен біріктіріп қабылдау да аритмияның дамуына алып келуі мүмкін.

Гипертензияға қарсы дәрілермен (әсіресе, симпатикалық жүйке жүйесіне әсер ететін) бір мезгілде қабылдау түрлі кардиоваскулярлық әсерлерге алып келуі мүмкін.

 

Айрықша нұсқаулар

Сақтықпен: препараттың жүйелі сіңірілу қаупі зор болғандықтан, артериялық гипертензиясы, жүрек аурулары, гипертиреоз, простата гипертрофиясы, феохромоцитомасы және порфириясы бар емделушілерге препаратты тек дәрігердің ұсынымы бойынша қолдану керек. 

МАО тежегіштерін, үшциклдық антидепрессанттарды, вазопрессорлық препараттар мен гипертензияға қарсы препараттарды қабылдағанда сақ болу керек.

Егер препаратты қабылдағаннан 5-7 күннен кейін симптомдарының оң өзгерісі байқалмаса, препаратты қабылдауды тоқтату немесе емдеуді жалғастыру қажеттілігі туралы мәселені шешу үшін, дәрігерге қаралу керек.

Мұрынға арналған тамырды тарылтатын препараттарды ұзақ уақыт қолдану созылмалы қабыну мен мұрынның бітелуінің дамуына, сондай-ақ мұрынның шырышты қабығының атрофиясына алып келеді.

Емдік әсері азайғаннан кейін ауру симптомдары жаңаруының белгісі ретінде, мұрынның шырышты қабығының қабынуы (мұрынның шырышты қабығының ісінуі) байқалуы мүмкін.

Тітіркенуді болдырмас үшін препаратты көздің шырышты қабығына тигізбеу керек.

Препараттың құрамында мұрынның шырышты қабығының тітіркенуін тудыратын консерванты бензалконий хлориді бар.

Жүктілік және лактация кезеңі

Ұзақ қолдану тәжірибесі ЛАЗОРИННІҢ жүктілікке теріс ықпал етпейтінін көрсетеді. Препаратты лактация кезеңінде қолданудың қауіпсіздігі расталмаған. Препарат жүктіліктің алғашқы триместрі кезінде қолданылмауы тиіс. Жүктіліктің кейінгі мерзімдерінде препаратты тек дәрігердің кеңесінен кейін ғана қолдануға жол беріледі.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері   

Автокөлік және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне  әсері туралы зерттеулер жүргізілген жоқ. Дегенмен, препаратты қабылдағанда кейбір емделушілер елестеулер, ұйқышылдық, тыныштандыратын әсері, бас айналуы немесе шаршау сияқты жағымсыз әсерлерді бастан өткеруі мүмкін. Жоғарыда аталған жағымсыз әсерлер туындаған жағдайда автокөлік жүргізу немесе механизмдерді басқару сияқты қауіптілігі зор әрекеттерден аулақ болу керек.

 

Артық дозалануы

Симптомдары: артериялық қысымның жоғарылауынан және тахикардиядан кейін артериялық қысым төмендеуі (әсіресе балаларда), шок дамуы, рефлекторлық брадикардия, дене температурасының төмендеуі мүмкін.

Басқа альфа-симпатомиметиктермен ұқсастығы жағынан уыттанудың клиникалық көрінісі анық болмауы мүмкін, өйткені ОЖЖ мен жүрек-қантамыр жүйесінің қозуы және бәсеңдеу фазалары кезектесуі мүмкін.

Әсіресе балалардағы уыттану құрысулар мен команың, брадикардияның,тыныстың тарылуының дамуымен ОЖЖ-ға әсер етуіне алып келеді.

Бұдан өзге, мына симптомдар дамуы мүмкін: жүрек-қантамыр қызметінің бұзылуы (жүректің тоқтауын қоса), тыныс алудың бұзылуы (тыныс алу жеткіліксіздігін, тыныс алудың тоқтап қалуын қоса), қарашықтардың  кеңеюі және тарылуы, терлеу, температура, бозару, ерін цианозы, психологиялық өзгерістер.

Емі: мұрынға артық дозаланған жағдайда мұрын қуысын кідіртпей жуып-шаю және тазарту керек. Белгілеріне қарай емделеді.

 

Шығарылу түрі мен қаптамасы

10 мл препараттан дозалағыш құрылғымен және полипропиленнен жасалған, қорғағыш полиэтилен қалпақшасы бар мұрынға арналған адаптермен жабдықталған янтарь түсті І типті шыны құтыларға құяды.

Құтыға заттаңбалық қағаз жапсырылады.

1 құтыдан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен  бірге картон қорапқа салады

 

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі 

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз 

 

Өндіруші 

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.