- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Люголит
Люголит
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Досфарм Dosfarm DF |
---|---|
Өндіруші елі | Қазақстан |
Форма | спрей |
Саны | 1 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Йод, негізгі | 1 % |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 1490 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы
жөніндегі нұсқаулық
Люголит-DF®
Саудалық атауы
Люголит-DF®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған спрей 1 %, 30 г және 50 г
Құрамы
1 г препараттың құрамында
белсенді зат - йод 0,01 г,
қосымша заттар: калий йодиді, глицерин 85%, тазартылған су.
Сипаттамасы
Йодтың иісі бар қызыл-қоңыр түсті мөлдір шәрбат тәрізді сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.
АТХ коды R02AА20
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Люголит-DF® құрамына кіретін йод шырышты қабыққа бүріккенде сіңіргіш әсер етеді. Зат алмасуға белсенді түрде әсер етеді, диссимиляция үдерісін күшейтеді, трийодтиронин (Т3) және триоксин (Т4) – қалқанша без гормондары синтезіне қатысады, протеолитикалық әсері бар. Ана сүтіне өтеді және емшек еметін балаларда қалқанша без функциясына әсер етуі мүмкін.
Глицерин қабынған тіндерде сұйықтықтың іркілуіне кедергі етеді, тіндердің ісінуін төмендетеді, шырыштың бетіне қорғайтын үлбір түзеді.
Фармакодинамикасы
Люголит – DF® – тамақ пен ауыз қуысы ауруларын емдеуге арналған антисептикалық препарат.
Негізінен әсер ететін зат антисептикалық және жергілікті тітіркендіретін әсері бар молекулярлы йод. Препарат грамоң және грамтеріс микроорганизмдер, оның ішінде стрептококктар, стафилококктар, ішек таяқшасына, сондай-ақ патогенді зеңдер мен ашытқыларға бактерицидті әсер етеді. Препарат әсеріне көкірің таяқшасы төзімді.
Белсенді йодтың микробтарға қарсы әсер ету механизмі йодтың микроорганизмдердің құрылымды және функционалды ақуыздарымен өзара әрекеттесуіне негізделген. Осыдан түзілетін йодаминдер ақуыздар молекуласы конформациясының олардың алғашқы физикалық, химиялық және бастысы биологиялық қасиеттерінің өзгеруіне әкеп соқтырады. Осының есебінен жарғақша құрылысының ыдырауы, сондай-ақ микробты жасушаларда биокаталитикалық үдерістердің бөгелуі жүзеге асады, бұл олардың қырылуына әкеп соқтырады.
Қолданылуы
- катаральді баспада
- жедел және созылмалы тонзиллитте, фарингитте
- афтозды стоматитте.
Қолдану тәсілі және дозалары
Препаратты ересектер және 8 жастан асқан балаларға ас ішкеннен кейін жергілікті тәулігіне 2-4 рет қолдану керек.
Құтыны пластик пакеттен алып, бүріккіш түтігінің ұшынан және басынан қорғағыш қалпақшасын шешіп, бүріккіш түтігін жоғары немесе бір жағына қарай бекітіп, ерітінді бүріккішке түсуі және басқаннан кейін шашырауы үшін басын 3 - 4 рет басу керек. (1 сурет).
1 сурет
Люголит-DF® қолданғаннан кейін қорғағыш қалпақшасын қайтадан кигізу керек.
Егер механикалық бүріккіші бар жиынтықтағы Люголит-DF® құтысын пайдаланатын болса, онда қолданардың алдында құты қақпағын бүріккішке ауыстыру керек.
Баспаны, тонзиллит немесе фарингитті емдеу үшін бүріккішті ауыз қуысына 2 - 3 см енгізу керек, тынысты тежеп, бір бүрку оңға, екіншісін солға жасайтындай бүріккіштің ұшын 2 рет басу керек.
Стоматитті емдеу кезінде ауыз қуысының шырышты қабығына бүрку керек.
Қолданудың ұзақтығы аурудың сипатына, оның айқындылығына байланысты және оны дәрігер анықтайды.
Препаратты абайлап, тыныс алу жолдарына түсірмей қолдану керек!
Жағымсыз әсерлері
- жергілікті тітіркендіретін әсері бар (шымылдатып ашыту)
- аллергиялық реакциялар (қышыну, гиперемия, есекжем)
- йодизм (металл дәмі, тұмау, есекжем, Квинке ісінуі, сілекей ағуы, жас ағуы, асқазан-ішек жолдарының бұзылуы)
Жағымсыз әсерлер пайда болғанда препаратты қолдануды тоқтату керек.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- йодқа және басқа да препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- жүктілікте және лактация кезеңі
- қалқанша бездің гиперфункциясы
- қалпына келмейтін жүрек, бүйрек жеткіліксіздігі
- радио белсенді йодпен диагностикалық зерттеулер немесе емдеу (зерттеуге немесе емдеуге дейін және одан кейін 2 апта бойы)
- Дюрингтің ұшық тәріздес дерматиті
- 8 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Ауыз қуысын және жұтқыншақты зарарсыздандыруға арналған басқа дәрілермен препаратты біріктіруге болмайды. Препарат эфир майлары, аммиак, сутегі асқын тотығымен үйлесімсіз.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты ішуге болмайды.
Ларингоспазм болуы мүмкіндігіне байланысты ларингитте, туберкулезде, геморрагиялық диатездерде сақтықпен қолдану керек.
Басқа дәрілік заттарды қабылдағанда Люголит-DF® қолдану мүмкіндігін дәрігермен кеңесу керек.
Балаларға
8 жастан үлкен балаларда рефлекторлы бронх түйілуін туғызуы мүмкін, сондықтан препарат дәрігердің ұсынымы бойынша қолданылуы тиіс.
Дәрілік препараттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жағымсыз әселерді ескере отырып, автокөлікті немесе қауіпті механизмдерді басқарғанда сақ болған жөн.
Артық дозалануы
Препаратты ауыз қуысында немесе жұтқыншақта ұсынылым бойынша жергілікті қолданғанда артық дозалану жағдайлары байқалмаған.
Симптомдары: Препаратты кездейсоқ жұтып қойған жағдайда жедел улану дамуы мүмкін. Алдымен ауыз қуысында металл дәмі сезіледі, құсу, асқазанның ауыруы, нәжістің сұйылуы орын алады. 1―3 тәулік бойы анурия, кейіннен асфиксия туындататын дауыс қуысының ісінуі, аспираторлы пневмония немесе өкпе ісінуі. Кейбір жағдайларда қан айналымының бұзылуы мүмкін.
Емі: Асқазанды шаюды жүргізеді. Емделушіге белсенділендірілген көмір немесе натрий тиосульфатының 1―5% ерітіндісін, одан кейін сүт немесе бұқтырылған крахмал беру керек. Ары қарай белгісіне қарай ем жүргізеді. Арнайы у қайтарғысы жоқ.
Кездейсоқ көзге түскен жағдайда, оны судың мол мөлшерімен немесе натрий тиосульфатының ерітіндісімен шаю керек.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Бүріккіш түтіктің ұшында және басында қорғағыш қалпақшасы және механикалық бүріккіші бар мойны бұралып жабылатын күңгірт шыныдан жасалған құтыда препарат 30 г немесе 50 г. Құты пластик пакетке салынған. Бір құтыдан мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Немесе, бүріккіш түтікшенің ұшында және басында қорғағыш қалпақшамен қамтылған, жиынтықта механикалық бүріккіші бар бұралып жабылатын пластик қақпағымен тығындалған, мойны бұралып жабылатын күңгірт шыныдан жасалған құтыда 30 г немесе 50 г препараттан пластик пакетке салынған. Бір құтыдан механикалық бүріккіші және мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Бүріккіші бар жиынтықтағы құтыны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі – 28 тәулік.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі 3. тел.: (727) 253-03-88
Тіркеу куәлігінің иесі
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі 3.
Тұтынушылардан өнім сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі 3. тел./факс: (727) 253-07-07, 253-03-88, эл. поштасы: dosfarm@dosfarm.kz