Полисорб МП

Қолдану көрсеткіштері
Тапсырыс беру шарттары

«Полисорб МП» алдын ала тапсырыс беріңіз және арнайы баға алыңыз - 3170.4 ₸ (қалыпты баға: 3963 ₸). Алдын ала тапсырысты орындаудың болжалды күні* – 23.04.2025, егер тапсырысты 22.04.2025 14:15 дейін орналастырсаңыз және төлесеңіз.

Орындау мерзімі Рудный-дегі біздің дистрибьюторлық орталықта алу шарттарына сәйкес есептеледі. Сайттың жоғарғы жағындағы қаланы өзгертуге болады, содан кейін болжалды жеткізу күні өзгеруі мүмкін.

Тауарды алғаннан кейін оны пр-т Комсомольский, д. 34 бойынша алуға немесе ыңғайлы уақытта курьер арқылы тегін жеткізуді ұйымдастыруға болады.

Арнайы баға бойынша алдын ала тапсырыс беру тек алдын ала төлеу үшін қол жетімді. Тапсырыс үшін кез келген банктің Visa/MasterCard картасымен 20 минут ішінде төлеу керек.

Жеке және заңды тұлғаларға тапсырыс беруге болады.

Тапсырыс беруге болады: 600 бірлік өнім (әр 15 минут сайын жаңартылады).

Ең аз тапсырыс сомасы:

  • жеке тұлғалар үшін – 12 000 ₸
  • заңды тұлғалар үшін – 250 000 ₸

* Тауарды жеткізудің болжамды күні технологиялық себептер бойынша өзгертілуі мүмкін, бірақ 3 күнтізбелік күннен аспауы керек.

Өнім мәліметтері
ӨндірушіЖАК Полисорб
Өндіруші еліРесей
Формапорошок
Саны1
Қаптамасыбанка
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Кремний диоксиді, негізгі1 гр
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 3963 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы
Тапсырыс беру күйіҚол жетімді
Тапсырыс бағасы 3819 ₸  144 ₸
Мерзімнің өту күні 22.04.2025

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Саудалық атауы

Полисорб МП

 

Халықаралық  патенттелмеген атауы

Жоқ 

 

Дәрілік түрі

Ішке қабылдау үшін  суспензияны дайындауға арналған ұнтақ 

 

Құрамы

Бір грамм препараттың құрамында 

белсенді зат - 1 г коллоидты кремнийдің қостотығы  

 

Сипаттамасы

Жеңіл ақ немесе көгілдір реңкімен ақ, иіссіз және дәмсіз ұнтақ. Сумен араластырған кезде жүзгін түзеді.

 

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да ішек адсорбенттері

АТХ коды А07ВС

 

Фармакологиялық қасиеттері  

Полисорб МП (медициналық ішке қабылданатын) – органикалық емес, селективті емес, бөлшектерінің мөлшері 0,09 мм-ге дейін, SiO2 химиялық формуласымен жоғары дисперсиялық кремнеземнің негізіндегі полифункциональді энтеросорбент.

Фармакокинетикасы

Полисорб МП асқазан-ішек жолында ыдырамайды, сіңірілмейді және өзгермеген түрде шығарылады. 

Фармакодинамикасы

Полисорб МП айқын сіңіргіш және детоксикациялық қасиеттеріне ие. Асқазан-ішек жолының қуысында препарат әр түрлі жаратылыстағы эндогенді және экзогенді уытты заттарды, патогендік бактериялар мен бактериялық уыттарды, антигендерді, тағамдық аллергендерді, дәрілік заттарды және уларды, ауыр металдардың тұздарын, радионуклидтерді, алкогольді қоса байланыстырып, организмнен шығарады. Полисорб МП, сондай-ақ организмнен зат алмасудың кейбір өнімдерін, соның ішінде билирубиннің, мочевинаның, холестериннің және липидті кешендердің артығын, сондай-ақ эндогенді токсикоздың дамуына жауапты метаболиттерді сіңіреді.  

 

Қолданылуы

Емдеу және алдын алу мақсатында.

Емдеу мақсатында: 

- шығу тегі әр түрлі  жедел және созылмалы уыттануларда, күшті әсер ететін және улы заттармен, соның ішінде дәрілік препараттармен және алкогольмен, алкалоидтармен, ауыр металдардың тұздарымен жедел улануларда  

- тағамдық уытты-жұқпаларды қоса, кез келген генездің жедел ішек жұқпаларында, сондай-ақ шығу тегі жұқпалы емес диариялық синдромда дисбактериозда (кешенді емдеудің құрамында)

- айқын уыттанумен қоса жүретін іріңді-септикалық ауруларда 

- тағамдық және дәрілік аллергияда 

- гипербилирубинемияда (вирусты гепатит және басқа да сары аурулар) және гиперазотемияда (созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі).

Алдын алу мақсатында: 

- экологиялық қолайсыз аймақтардың тұрғындарына және зиянды өндірістердің қызметкерлеріне 

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге және балаларға ішке сулы суспензия түрінде ғана! 

Суспензия алу үшін препараттың қажетті мөлшерін 1/4 - 1/2 стакан суға мұқият араластырады. Препаратты әрбір қабылдау алдында жаңадан суспензия дайындау және оны тамаққа дейін немесе басқа дәрілерді қабылдағанға дейін 1 сағат қалғанда ішу ұсынылады. Суспензияны қолданар алдында шайқау керек!

Ересектерге. Ересектерде орташа тәуліктік доза (6-12г) дене массасына 0,1-0,2 г/кг. Препаратты бір тәулік ішінде 3-4 рет қабылдайды. 

Ересектерде ең жоғары тәуліктік доза (20 г) дене массасына 0,33 г/кг.

Балаларға. Балалар үшін доза дене массасына қарай есептеледі (кестені қараңыз).

Балалар үшін тәуліктік дозаны есептеу кестесі

 

Емделушінің дене массасы кг.-да

Тәуліктік доза г.-да

 

ең төмен 

орташа 

ең жоғары 

10,0

1,0

1,5

2.0

15,0

1,5

2,25

3,0

20,0

2,0

3,0

4,0

25,0

2,5

3,75

5,0

30,0

3,0

4,5

6,0

40,0

4,0

6,0

8,0

50,0

5,0

7,5

10,0

60,0

6,0

9,0

12,0

 

Тағамдық аллергия жағдайында препаратты тамақ қабылдау алдында тікелей қолданады, Полисорб МП  тәуліктік дозасын күні бойы үш рет қабылдауға бөледі.

Емдеу ұзақтығы диагнозына және ауру ауырлығына байланысты, жедел уыттанулар кезінде емдеу курсы 3-5 күн, аллергиялық аурулар, созылмалы уыттанулар кезінде емдеу ұзақтығы10-14 күнге дейін. Қайталау курстары дәрігердің ұсынысы бойынша 

2-3 аптадан кейін. 

Әр түрлі аурулар кезінде  Полисорб МП  қолдану ерекшеліктері.

Тағамдық уытты-жұқпа және жедел уланулар. Емдеуді бастауда 0,5-1% Полисорб МП жүзгінімен асқазанды шаю ұсынылады. Ауыр уланулар кезінде алғашқы тәулікте асқазанды шаю әрбір 4-6 сағат сайын зонд арқылы жүргізіледі, сонымен қатар препаратты ішке қабылдайды. Ересектерге біржолғы доза күніне 2-3 рет науқастың дене массасына 0,1-0,15 г/кг құрауы мүмкін.

Жедел ішек жұқпалары. Емдеудің басқа тәсілдерімен кешенде аурудың алғашқы сағаттарында немесе тәулігінде Полисорб МП емдей бастау ұсынылады. Алғашқы тәулігінде - тәуліктік доза 5 сағат ішінде қабылдау аралығы 1 сағаттан  қабылданады. 

2-тәулікте - тәуліктік доза 6 сағат аралығымен, тәулік ішінде 4 рет қабылданады. 

Емдеу ұзақтығы 3-5 күн.  

Вирусті гепатитті емдеу. Вирусті гепатитті кешенді емдеуде Полисорб МП аурудың алғашқы 7-10 күндері ішінде әдеттегі  дозада уытсыздандыратын дәрі ретінде қолданады. 

Аллергиялық ауырулар. Дәрілік немесе тағамдық генездің жедел аллергиялық 

реакциялары кезінде Полисорб МП 0,5-1% жүзгінімен асқазанды және ішекті алдын ала шаю ұсынылады. Содан кейін препаратты клиникалық әсер басталғанға дейін әдеттегі дозаларда береді. Созылмалы тағамдық аллергиялар кезінде Полисорб МП курстары 

7-10-15 күннен ұсынылады, препаратты тікелей тамақ алдында қабылдайды. Ұқсас курстар жедел қайталанатын есекжем және Квинке ісінуі, эозинофилия кезінде және поллиноздардың және басқа атопиялардың өршуі аясы қарсаңында көрсетілген.

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі. 2-3 апта үзілісімен 25-30 күн ішінде дене массасына 0,15-0,2 г/кг тәуліктік дозада Полисорб МП емдеу курстарын қолданады.

Алдын алу мақсатында.

Ересектерге. Ересектерге орташа тәуліктік дозасы дене массасына 0,1-0,2 г/кг(6-12г).

Балаларға. Балаларға орташа тәуліктік дозасы дене массасына қарай есептеледі (жоғарыдағы кестені қараңыз).

Препаратты бір тәулік ішінде 3-4 рет қабылдайды. 

Қабылдау курсы 7-10 күн. 

 

Жағымсыз әсерлері

Сирек 

- аллергиялық реакциялар, диспепсия, іш қату 

Полисорб МП ұзақ, 14 күннен астам қабылдаған кезде витаминдердің, кальцийдің сіңірілуі бұзылуы мүмкін, осыған байланысты поливитаминдік препараттарды, кальцийді алдын алу мақсатында  қабылдау ұсынылады. 

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар         

-  өршу фазасындағы  асқазанның және 12 елі ішектің ойық жарасы 

-  асқазан-ішек жолынан қан кету 

-  ішек атониясы

-  препаратты жеке көтере алмаушылық 

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ішке бірмезгілде қабылданатын дәрілердің емдеу әсерінің төмендеуі мүмкін. 

 

Айрықша нұсқаулар

Полисорб МП «үстінен асыра» бір шай қасығы препараттың 1 г., «үстінен асыра» бір  ас қасығы 2,5-3 г. құрайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Шектеусіз қолданылады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе әлеуетті  қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету 

Көлік құралын немесе әлеуетті  қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

 

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары анықталмаған.

 

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ.

Препаратты 1 г-нан немесе 3 г-нан қаптамалық қағаздан немесе жылу қабатымен, қолдануға рұқсат етілген басқа материалдардан бір реттік қолдану пакеттеріне салады. 5 немесе 10 бір реттік пакеттен  медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тұтыну ыдысына арналған картоннан жасалған пәшкеге салынған.  

5 немесе 10 бір реттік пакеттен медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тең санымен бірге полиэтиленнен жасалған пакеттерге топтап, гофра қораптарға салынған.

Бір реттік пакеттерді тікелей топтық қаптамаға салуға жол беріледі, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтар пакеттердің санына сәйкес салынады.

Бір реттік пакеттерге заттаңба мәтінін тікелей алғашқы қаптамаға салады. 

12, 25 және 50 г-нан полистиролдан немесе полиэтиленнен немесе полиэтилен-терефталаттан немесе қолдануға рұқсат етілген басқа материалдардан жасалған, алғашқы ашылуын бақылаумен ұқсас материалдардан жасалған қақпақтармен тығындалған банкілерде. Банкіге заттаңбалық  қағаздан немесе жазба парақтан немесе қолдануға рұқсат етілген басқа материалдардан жасалған заттаңбаны желімдейді. 

5 немесе 10 банкіден медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тең санымен бірге жылу ұстайтын үлбірге қаптайды.   

 

Сақтау шарттары  

Құрғақ жерде, 25° С-ден аспайтын температурада.                                                                                                        

Қаптаманы ашқаннан кейін тығыз жабылатын сыйымдылықта сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі  

5 жыл. 

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

 

Дәріханалардан босатылу шарттары 

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.