Сертохол

Өнім мәліметтері
ӨндірушіУорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж А.Ш.
Өндіруші еліТүркия
Формакапсулы
Саны20
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Урсодезоксихол қышқылы, негізгі300 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 0 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Сертохол

 

Халықаралық патенттелмеген атауы 

Урсодезоксихолий қышқылы

 

Дәрілік түрі

Қатты капсулалар 300 мг

 

Құрамы 

Бір капсуланың құрамында 

белсенді зат – 300 мг урсодезоксихолий қышқылы,

қосымша заттар: жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты

желатинді капсуланың құрамы: темірдің (III) қызыл тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171), желатин.

 

Сипаттамасы 

Өлшемі  0, мөлдір емес, қызғылт түсті корпусы мен алқызыл түсті қақпақшасы бар қатты желатинді капсулалар.

Капсулалардың ішіндегісі – ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ. 

 

Фармакотерапиялық тобы 

Бауыр мен өт шығару жолдарының ауруларын емдеуге арналған препараттар. Өт қалтасының ауруларын емдеуге арналған препараттар. Өт қышқылдары препараттары. Урсодезоксихолий қышқылы.

АТХ коды А05АА02

 

Фармакологиялық қасиеттері 

Фармакокинетикасы

Урсодезоксихолий қышқылы (УДХҚ) жіңішке ішекте пассивті диффузияның (90%-ға жуық) есебінен, ал мықын ішегінде – белсенді тасымалдану арқылы сіңеді. УДХҚ плазмадағы ең жоғарғы концентрациясына ішке қабылдағаннан кейін 30-60 минуттан соң жетеді. Жүйелі қабылдаған кезде урсодезоксихолий қышқылы сарысудағы негізгі өт қышқылына айналады, ол қандағы өт қышқылдарының жалпы мөлшерінің 48%-ын құрайды. Плазма ақуыздарымен байланысуы - 96-99%-ға жуық. Емдік әсері негізінен урсодезоксихолий қышқылының қан сарысуындағы емес, өттегі концентрациясына тәуелді. Өттегі концентрациясы дозасына тәуелді: тәуліктік дозасын арттырған кезде, сәйкесінше өттегі урсодезоксихолий қышқылының мөлшері артады. Өттегі ең жоғарғы концентрациясы 10-14 мг/кг тәуліктік дозасы кезінде білінеді. УДХҚ плацентарлық бөгет арқылы өтеді. Дозасын ары қарай арттырған кезде, өттегі урсодезоксихолий қышқылының концентрациясыжоғарыламайды.

Фармакодинамикасы

Урсодезоксихолий қышқылы өт құрамындағы холестеринді төмендетуге қабілетті өт қышқылын білдіреді, негізінен холестеринді еріту және сұйық кристалды фазаның түзілуі арқылы төмендетуге қабілетті. 

Балалардағы муковисцидоз 

Клиникалық зерттеулердің нәтижелері негізінде урсодезоксихолий қышқылы бауыр аурулары туындатқан муковисцидозы бар балаларда 10 жылдан астам қолданылады. УДХҚ-мен емдеудің өт ағыны пролиферациясын, гистологиялық зақымданулардың үдеуін, тіпті емдеуді муковисцидоздың ерте сатысында бастаған кезде бауыр өзгерістерін де  төмендете алатынына дәлелдер бар.

УДХҚ-мен емдеуді диагноз қойылған сәттен бастап бірден бастау керек, бұл емдеу тиімділігін оңтайландыруға мүмкіндік береді. 

 

Қолданылуы 

- өт қалтасының холестеринді тастарын еріту үшін. Холестеринді тастар рентгенограммада қарайған жерлер сияқты көрінбеуі және диаметрі 15 мм аспауы тиіс (тастардың болуына қарамастан, өт қалтасының функциясыбұзылмауы тиіс)

-  6 жастан 18 жасқа дейінгі балалардағы муковисцидозбен байланысты гепатобилиарлық бұзылуларды емдеу үшін.

-  бауырдың бастапқы билиарлық циррозында декомпенсация белгілері жоқ кезде

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Холестеринді өт тастарын еріту үшін 

Препараттың дозасын жекелей таңдайды. Әдетте препараттың тәуліктік дозасы кг дене салмағына 10-15 мг құрайды. Таблеткаларды күніне бір рет ұйықтар алдында және азғантай мөлшердегі сумен іше отырып қабылдау ұсынылады.

Бұрыннан бар конкременттерді еріту үшін емдеудің ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейінді құрауы тиіс. Әр 6 ай сайынемдеудің тиімділігін ультрадыбыстық немесе рентгенологиялық зерттеудің көмегімен бақылап отыру керек. Егер 6 ай емдеуден кейін, өт тастары өлшемінің азайғаны байқалмаса, онда емдеуді ары қарай жалғастыру мақсатқа сай емес. Өттас ауруының қайталануының профилактикасы үшін, препаратты қабылдауды бұрыннан бар конкременттер ерігеннен кейін 3-4 ай бойы жалғастыру ұсынылады.

Бастапқы билиарлық циррозды емдеу үшін

Препараттың тәуліктік дозасын дәрігер жекелей таңдайды және әдетте кг дене салмағына 10-15 мг құрайды. Емдеудің алғашқы айлары бойына тәуліктік дозасын 2-3 қабылдауға бөлу ұсынылады. Бауыр функциясының көрсеткіштері жақсарған жағдайда, препараттың дозасын кешкісін бір рет қабылдауға болады. Емдеуді шектеусіз ұзақ уақыт бойына жүргізуге болады.

Муковисцидоз

жастан 18 жасқа дейінгі балалардағы тәуліктік дозасы күніне 2-3 қабылдауға бөлінген 20 мг/кг құрайды, қажет болса дозасын күніне 30 мг/кг дейін арттыруға болады. Емдеу ұзақтығы 6 айдан бірнеше жылға дейінді құрайды.

Дене салмағы(кг)

Тәуліктік дозасы (мг/кг)

 

 

300 мг қатты капсулалар

Таңертең 

Күндіз 

Кеш 

20 – 29

17-25

1

 --

1

30 – 39

19-25

1

1

1

40 – 49

20-25

1

1

2

50 – 59

21-25

1

2

2

60 – 69

22-25

2

2

2

70 – 79

22-25

2

2

3

80 – 89

22-25

2

3

3

90 – 99

23-25

3

3

3

100 – 109

23-25

3

3

4

>110

 

3

4

4

 

 

Жағымсыз әсерлері

Жиі (>1/100, <1/10); жиі емес (>1/1000, <1/100); сирек (>1/10000, <1/1000); өте сирек (<1/10000, соның ішінде, бірен-саран жағдайлар).

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар:

Клиникалық зерттеулерден кейін жүргізілген есептерде қоймалжың нәжіс немесе диарея туралы өте көп мәлімделген.

Бастапқы билиарлы циррозды емдеу кезінде іш аймағының оң жақ тұсында күшті ауыруы өте сирек туындаған. 

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар:

Урсодеоксихолий қышқылымен емдеу кезінде өте сирек жағдайда тастардың кальцийленуі туындауы мүмкін. 

Бастапқы билиарлы цирроздың кешеуілдеген сатысын емдеу кезінде препаратты тоқтатқаннан кейін жоғалатын бауыр циррозының декомпенсациясы өте сирек байқалған.

Жоғары сезімталдық реакциялары:

Өте сирек жағдайларда аллергиялық бөртпе (есекжем) туындауы мүмкін.

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- өт қалтасының және өт түтіктерінің жедел қабыну аурулары

- өт түтіктерінің бітелуі (жалпы өт түтігінің немесе өт қалтасы түтіктерінің окклюзиясы)

- бауыр шаншуларының жиі көріністері

- өт қалтасының жиырылғыштық функциясының бұзылуы

- урсодезоксихолий қышқылына немесе препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

Сертохол кальций мөлшері жоғары рентгеноң өт тастарды ерітуге қолданылмайды. 

Сертохолды жүктілік және жүктілікті жоспарлау кезінде қолданбаған жөн.  Сертохолды асқазан немесе он екі елі ішектің белсенді ойық жарасы, бауыр мен ішек аурулары бар, бұл ретте өт қышқылдарының энтерогепатикалық айналымы бұзылған пациенттерге қолданбаған жөн, мысалы, мықын ішек резекциясы немесе стомасы, аумақтық илеит, бауырдан тыс немесе бауырішілік холестаз, бауырдың ауыр жедел және созылмалы ауруы.

Балаларға қолданған жағдайда:

- сәтсіз портоэнтеростомия немесе өт түтігінің атрезиясы бар балаларда өт ағыны қалпына келмегенде 

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Колестирамин, колестипол және құрамында алюминий гидроксиді немесе смектит (алюминий тотығы) бар антацидтер, урсодезоксихолий қышқылының ішекте сіңірілуін төмендетеді және сол арқылы оның сіңірілуі мен тиімділігін азайтады. Егер құрамында осы заттардың тым болмағанда біреуі бар препараттарды қайткенде де пайдалану қажет болып табылса, оларды Сертохолды қабылдағанға дейін кемінде 2 сағат бұрын қабылдау керек.

Урсодезоксихолий қышқылы ішектегі циклоспориннің қорытылуын күшейтуі мүмкін. Сондықтан, циклоспоринді қабылдап жүрген науқастарда, дәрігер қандағы циклоспорин концентрациясын тексеруі және қажет болған жағдайда, циклоспориннің дозасын түзетуі тиіс.

Жекелеген жағдайларда Сертохол ципрофлоксациннің сіңуін төмендетуі мүмкін.

Клиникалық зерттеулерде урсодезоксихолий қышқылының (тәулігіне 500 мг) бір мезгілде қабылдағанда плазмада розувастатин концентрациясын елеусіз жоғарылатуы мүмкін екендігі көрсетілген. Бұл өзара әрекеттесудің клиникалық мәндігі басқа статиндерге қатысты белгісіз. 

Дапсонның емдік әсерінің төмендеуі туралы хабарламада, сондай-ақ in vitro зерттеулерінің нәтижелерінде атап өтілген  Р450 цитохромы 3А ферменттерінің урсодезоксихолий қышқылымен индукциясының ықтималдығы бар. Мұндай өзара әрекеттесу белгілі Р450 цитохромы 3А субстратының будесонидпен өзара әрекеттесуін зерттеуде байқалмаған. 

Гиполипидемиялық препараттар (әсіресе клофибрат), эстрогендер, эстрогендер негізіндегі пероральді контрацептивтер өттің холестеринге қанығуын арттырады және өттің холестеринді конкременттерін еріту қабілетін төмендетуі мүмкін.

 

Айрықша нұсқаулар

Емдеудің алғашқы үш айы ішінде дәрігер АСТ (СГОТ), АЛТ (СГПТ) және ГГТ сияқты бауыр функциясы параметрлерін әрбір 4 апта сайын, содан соң әрбір 3 ай сайын бақылап отыруы керек. ББЦ емдеуге жауабын көрсететін және жауабын көрсетпейтін пациенттерде анықтаудан басқа, бұл мониторинг бауыр жағдайының ықтимал нашарлауын ерте сатыда, әсіресе ББЦ ушыққан сатысындағы пациенттерде анықтауға мүмкіндік беруі тиіс. 

Бастапқы билиарлы цирроздың ушыққан сатысын емдеуде:

Өте сирек жағдайларда бауыр циррозы декомпенсациясы байқалады, ол емдеуді тоқтатқаннан кейін ішінара регрессияланады. 

ББЦ бар пациенттерде сирек жағдайларда емдеудің басында клиникалық симптомдардың нашарлауы байқалуы мүмкін, мысалы, қышынуы күшеюі ықтимал. Мұндай жағдайда дозаны 250 мг дейін төмендеткен және содан соң ұсынылған дозаға дейін біртіндеп ұлғайтқан жөн.

Диарея туындағанда дозаны төмендету, ал тұрақты диарея жағдайында емдеуді тоқтату керек.   

Өт тастарын еріту үшін қолданғанда:

Емдеудің ілгерілеуін бағалау  және тастар өлшеміне байланысты тастар кальцинозы белгілерін дер кезінде айқындау үшін өт қалтасын (пероральді холецистография) емдеуді бастағанан кейін 6-10 айдан соң түрегеп тұрған күйде және шалқасынан жатқанда күңгірттенуін тексере отырып (ультрадыбыстық зерттеу) көзбен шолып қарау керек.

Егер өт қалтасын рентген түсірілімінде көзбен шолып көру мүмкін болмаса немесе тастар кальцинозы, өт қалтасының әлсіз жиырылғыштығы немесе шаншудың жиі ұстамалары жағдайларында Сертохол препаратын қолданбаған жөн. 

Өт қалтасының тастарын бұзу мақсатында Сертохол қабылдап жүрген әйелдерге контрацепцияның тиімді гормоналдық емес әдістерін пайдалану керек, өйткені ұрықтануға қарсы гормоналдық дәрілер тастың түзілуіне ықпал етуі мүмкін.  

Жүктілік және лактация кезеңі

Урсодезоксихолий қышқылының, әсіресе жүктіліктің бірінші триместрінде қолданылуы жөніндегі мәліметтер жеткіліксіз. Сертохол капсулаларын қажеттілігі болмаса, жүктілік кезінде қолданбаған дұрыс. Бала көтеретін жастағы әйелдер препаратты, егер  контрацептивтік дәрілерді пайдаланып жүрсе ғана қабылдауы тиіс. Контрацепцияның гормоналдық емес әдістерін, немесе эстрогендер мөлшері төмен түрін пайдалану ұсынылады. Сертохолды өт қалтасындағы тастарды ыдырату мақсатында қабылдап жүрген пациенттерге контрацепцияның гормоналдық емес әдістерін пайдалану керек, өйткені ұрықтануға қарсы гормоналдық дәрілер тастардың түзілуіне ықпал етуі мүмкін. Урсодезоксихолий қышқылының ана сүтіне өтетін-өтпейтіндігі белгісіз. Осылайша, лактация кезеңінде препаратты қолданбаған дұрыс.

Педиатрияда қолданылуы

Препарат 6 жасқа дейінгі балаларда қолдану үшін ұсынылмаған.  Дене салмағы 20 кг асатын 6 жастан асқан балаларға тек бауырдың кисталық фиброзы кезінде ғана қолданылады.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

 

Артық дозалануы

Симптомдары: препарат артық дозаланған жағдайда диарея дамуы мүмкін. Тұтас алғанда, артық дозалануының басқа симптомдарының дамуы ықтималдығы аз, өйткені қабылданған дозасын арттырған кезде,урсодезоксихолий қышқылының сіңірілуі төмендейді және оның нәжіспен шығарылуы артады.

Емі: артық дозаланған кезде спецификалық ем жүргізу қажет емес; диареяның салдарларын регидратацияның және электролиттердің орынбасуы көмегімен симптоматикалық емдеу керек.

Бастапқы склероздаушы холангиті бар пациенттерге урсодезоксихолий қышқылының жоғары дозаларын ұзақ қолдану (тәулігіне  28-30 мг/кг) (тіркелген көрсетілімдерден тыс қолдану) күрделі жағымсыз құбылыстардың анағұрлым жоғары жиілігімен байланысты. 

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан полинивилхлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады

 

Сақтау шарттары

25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

3 жыл

Сақтау мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.