- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Аллохол
Аллохол
Қолдану көрсеткіштері
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Биосинтез |
---|---|
Өндіруші елі | Ресей |
Форма | таблетки |
Саны | 50 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Құрғақ зат немесе құрғақ өт тұрғысынан конденсацияланған өт, негізгі | 80 мг |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 590 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы
жөніндегі нұсқаулық
АЛЛОХОЛ
Саудалық атауы
Аллохол
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Қабықпен қапталған таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: құрғақ затқа шаққанда 0.08 г қоюланған өт немесе құрғақ өт, 0.04 г кептірілген сарымсақ, 0.005 г қалақай жапырақтары, 0.025 г белсенділендірілген көмір;
ядроның қосымша заттары: магний тотығы, картоп крахмалы, тальк, аэросил (кремнийдің коллоидты қостотығы), кальций стеараты;
қабығының қосымша заттары: сахароза (рафинад қант), магний гидроксикарбонаты (магнийдің негізгі карбонаты), аэросил (кремнийдің коллоидты қостотығы), титанның қостотығы (титанның қостотығы), повидон (төмен молекулалы медициналық поливинилпирролидон 12600±2700), тальк, араның балауызы.
Сипаттамасы
Жеңіл спецификалық иісі бар, ақ түсті қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең қимасынан екі қабат көрінеді, ішкі қабаты теңбілдері бар қара түсті.
Фармакотерапиялық тобы
Өт шығару жолдарының ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар
АТЖ коды А05АХ
Фармакологиялық қасиеттері
Өт пен өт қышқылдарының түзілуін күшейтетін біріктірілген дәрі.
Қоюланған өттің әсері бауыр паренхимасының секреторлық қызметіне рефлекторлық ықпалына негізделген. Қоюланған өт асқазан-ішек жолының сөл бөлу және қозғалу қызметін де күшейтеді.
Сарымсақ құрамындағы заттар асқазан-ішек жолының секреторлық және моторлық қызметін күшейтеді, өт сөлінісін көтермелейді.
Қалақай жапырақтарының өт айдайтын және қабынуға қарсы әсерлері бар. Белсенділендірілген көмір асқазан-ішек жолында уытты заттарды байланыстыратын адсорбент болып табылады.
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында:
- созылмалы реактивті гепатитте
- холангитте
- тассыз (калькулездік емес) холециститте
- өт шығару жолдарының және/немесе өт қабының дискинезиясында
- ішек атониясынан болған іш қатуда
Қолдану тәсілі және дозалары
Тамақтан кейін ішке қабылдайды. Ересектер мен 12 жастан асқан балалар –1-2 таблеткадан тәулігіне 3-4 рет. Емдеу курсы – 3-4 апта. Ауру өршігенде (созылмалы реактивті гепатит, холангит, тассыз (калькулездік емес) холецистит, өт шығару жолдарының және/немесе өт қабының дискинезиясы) 1 таблеткадан тәулігіне 2-3 рет, 1-2 ай бойы қабылдайды.
Қайталау курстарын 3 ай аралықпен жүргізеді.
Препаратты балаларда қолданар алдында дәрігермен кеңесу қажет.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар
- диарея
Бұлар пайда болса, препаратты қабылдауды тоқтату және дәрігерге қаралу керек.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың кез-келген құрамдас бөлігіне асқын сезімталдықта
- калькулезді холециститте
- обтурациялық сары ауруда
- жедел гепатитте
- бауырдың жедел және жеделге жуық дистрофиясында
- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруының өршу сатысында
- жедел панкреатитте
- 12 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Құрамында алюминий гидроксиді, колестирамин, колестипол бар препараттар дәрінің сіңірілуін төмендетеді және тиімділігін азайтады. Олармен бір мезгілде қабылдау мақсатқа сай емес.
Айрықша нұсқаулар
Жүктілік және лактация кезеңі
Аллохолды жүктілік және бала емізу кезеңінде дәрігермен кеңесуден кейін қолдануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозаланғанда
Диарея, жүрек айнуы, қыжыл, тері қышымасы, қандағы трансминазалар белсенділігінің артуы болуы мүмкін.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті үлбір мен алюминий фольгадан немесе полиэтилен жабынды қағаздан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада10 таблеткадан.
5 пішінді ұяшықты қаптаманы медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге картоннан жасалған пәшкеге салады.
Сақтау шарттары
250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!