Комплинекс БЕБИ

Комплинекс БЕБИ

Қолдану көрсеткіштері
Өнім мәліметтері
ӨндірушіСандоз
Өндіруші еліГермания
Формапорошок
Саны10
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Пробиотик-Лактобактерия-Бифидобактериялар, негізгі1000 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 5990 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

 

 

 

 «Тағамға биологиялық белсенді 

«КОМПЛИНЕКС® БЕБИ тамшылар» 

 қолдану жөніндегі нұсқаулық (қосымша парақ)  

 

Тағамға биологиялық белсенді қоспа

«КОМПЛИНЕКС® БЕБИ тамшылар»

(Дәрілік зат болып табылмайды)

Шығарылу түрі: ішуге арналған сұйықтық – 8 мл құтыда (мөлшерлегіш-тамызғымен; бірінші рет ашылатын сақинасы бар бұралмалы қақпақ); қаптамасында 1 құтыдан.

Құрамы: күнбағыс майы (күнбағыс майы, антитотықтырғыштар DL-альфа токоферол  Е307), лиофилизирленген бифидобактериялар (Bifidobacterium animalis subsp. lactis (CHR. HANSEN BB-12®), сахароза, мальтодекстрин, натрий аскорбаты антитотықтырғышы Е301).

 

Өнімнің тағамдық құндылығы:

 

Құрамы 100 г- ға

Құрамы қолдану бірлігіне 

(6 тамшы)

Ақуыздар

1,5 г

0,0 г

Майлар

95 г

0,2 г

Көмірсутектер 

2,2 г

0,0 г

Энергетикалық құндылығы

3 581 кДж / 870 ккал

9 кДж / 2 ккал

 

 

Қолдану аумағы: туылған кезінен бастап балалардың тағамына биологиялық белсенді қоспа - пробиотикалық микроорганизмдердің - бифидобактериялардың (Bifidobacterium animalis subsp. lactis(CHR. HANSEN BB-12®)) қайнар көзі ретінде қолдануға ұсынылады.

 

«КОМПЛИНЕКС® БЕБИ тамшылар» пробиотигінің құрамына бала үшін маңызды Bifidobacterium animalis subsp. lactis (CHR. HANSEN BB-12®) бифидобактериялары кіреді

Неліктен Bifidobacterium animalis subsp. lactis, (CHR. HANSEN BB-12®) бифидобактериялары таңдап алынған? 

Бифидобактериялар емшек сүтінде болады және нәресте дүниеге келген алғашқы сәттен бастап оның ішектеріне орныға бастайды. Bifidobacterium animalis subsp. lactis (CHR. HANSEN BB-12®) (штамм DSM 15954) штаммына жаңа туылған нәрестелер үшін жоғары қауіпсіздік**, жақсы төзімділік және клиникалық тиімділік тән.

Бифидобактериялар қалыпты микрофлораның табиғи түрде қалыптасуына және ішектің қызметіне ықпал етеді, сондай-ақ ас қорыту ферменттерінің жұмыс істеуі үшін ішекте қолайлы орта тудырады. Сондай-ақ, бифидобактериялар иммунитеттің дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етеді және ерте жастағы балаларда жұқпалы аурулардың даму қаупін, атопиялық дерматит пен тағам аллергиясының туындау ықтималдығын төмендетуге көмектеседі. Емшек сүтімен қоректенетін балаларда бифидобактериялар микрофлораның 60-91%-ын құрайды.

** FDA (GRAS Notice No. GRN 000049, 2002) - тағам өнімдері мен дәрілік заттарды қадағалау басқармасының–GRAS (Generally Regarded As Safe – қауіпсіз ретінде көпшілік мойындаған) дәрежесіне ие.

 

Балалардағы Bifidobacterium animalis subsp. lactis, (CHR. HANSEN BB-12®) штаммыныңдәлелденген тиімділігі

Ішек микрофлорасы

Ас қорыту микрофлорасын реттеу және іш шаншулар***, газдың жиналуы, іш өту, нәжістің бұзылуы (іш қату, іш өту) сияқты ас қорыту өзгерістері жағдайында функционалды бұзылыстарды түзету.

*** іш шаншулар - ішектердегі түйілмелі аурулар.

Иммундық жүйенің нығаюы

Суық тию ауруларының қаупін төмендету, тұмауға қарсы маусымдық вакциналауға қатысты жауаптың күшеюі:

  • B. animalis, қабылдайтын балаларда респираторлық жұқпалар дәлелді түрде сирек кездескен;
  • 2 апта бойы B. аnimalis қабылдайтын, содан кейін тұмауға қарсы екпе салынған балалар тұмауға қарсы маусымдық вакциналауды жақсы көтерген.

Ерте жастағы балалардың іш өтуінің алдын алу

Статистикалық тұрғыдан алғанда, B. аnimalis қабылдау ерте жастағы балаларда болатын өткір іш өтудің дамуы және ротавирустық жұқпалардың таралуын расында төмендетеді.

Баланың дамуына ықпалы

Бойдың қалыпты түрде өсуі және салмақ қосылуы

Балалардың антибиотикоассоциирлен-ген іш өтуінің алдын алу

Емшектегі балаларда антибиотикоассоциирленген іш өту қаупінің төмендеуі.

 

Қолданылу аумағы:

«КОМПЛИНЕКС® БЕБИ тамшылар»  құрамындағы Bifidobacterium animalis subsp. lactis (CHR. HANSEN BB-12®) бифидобактериялары төмендегілерге ықпал етеді:

  • іш шаншулар*, газдың жиналуы, нәжістің бұзылуы (іш қату, іш өту) және осы сияқты өзге де ас қорыту өзгерістері жағдайында, соның ішінде бір жасқа дейінгі сәбилердің ішек микрофлорасы құрамының тепе-теңдігін және функционалды жағдайын орнату және сақтау;
  • антибиотиктерді қолдану кезінде және емдеу курсы аяқталғаннан соң ішек микрофлорасы құрамының тепе-теңдігін және функционалды жағдайын сақтау;
  • асқазан-ішек жолының вирусты немесе бактериялық жұқпаларынан (ротавирустық жұқпаны қоса алғанда) болған іш өту қаупін төмендету;
  • иммундық жүйенің қалыптасуы мен қызмет етуіне көмектесу. 
  • балалар арасында атопиялық дерматиттің алдын-алуға

Нәрестенің ішек микрофлорасының қалыптасуына теріс әсер ететін факторлар:

          Ішек микрофлорасыбалансының бұзылуы қауіпі бар тобына кіретін балалар:

  • баланы іштен жарып алу, мерзімінен ерте болған босанулар;
  • жаңа туылу кезеңінің қолайсыз болуы; 
  • емшек сүтін кештетіп беру;
  • перзентханада немесе стационарда ұзақ уақыт болу;
  • жасанды тамақтандыруды ерте кезден бастау;
  • ішектің моторикалық қызметінің физиологиялық жағынан толық жетілмеушілігі;

 

Бала өміріндегі қолайсыз сәттер (ішек микрофлорасы балансының бұзылу қаупі):

·         емшек сүтін емізуді тоқтату және/немесе қосымша тамақтануды енгізу;

  • тістердің жаруы;
  • ауруханаға жату;

·         күйзелістер (мысалы, анасы жұмысқа шыққан кезде одан қол үзіп қалу);

·         емшектен шығару, емізіктен аластату;

·         бактерияға қарсы препараттармен (мысалы, антибиотиктермен) емдеу;

·         жиі түрде болып отыратын жедел респираториялық инфекциялар;

·         ішек инфекциялары;

·         теңгерімделмеген тамақтану;

·         ішек моторикасының функционалды бұзылуы;

·         иммунитеттің төмендеуі;

·         биоырғақтардың бұзылуы, алыс сапарларға шығу, тұрғылықты жерін ауыстыру.

 

Аталған факторлар ішекке пайдалы бактериялардың табиғи түрде орналасуын бұзады және микрофлора балансының бұзылуына (дисбиоз, дисбактериозге) әкелуі мүмкін, сол себепті микрофлора балансының бұзылуы жөнінен қауіп тобына кіретін балалар асқазан-ішек жолы (АІЖ) қызметінде болатын бұзылыстар, тағамдық аллергияға бейім келеді, АІЖ жұқпаларын тез қабылдайды.

Қолдану тәсілі: туылғаннан бастап балаларға – күніне 1 рет тамақпен 6 тамшыдан қабылдау керек. Тамшыларды сүтке, сүт немесе өзге ыстық емес сусындарға қосып отыруға болады. Қолданар алдында жақсылап сілкіп алыңыз. 

Ұсынылған тәуліктік мөлшерінен асырмау керек.

Антибиотиктермен бір мезгілде қабылдаған жағдайда антибиотиктерді қабылдағаннан кейін кем дегенде 3 сағаттан кейін қабылдау керек.

Қолданар алдында педиатр дәрігермен кеңесу керек.

Тәуліктік порциясының (6 тамшы немесе 0,25 г) құрамы: Bifidobacterium animalis subsp. lactis (CHR. HANSEN BB-12®) лиофилизирленген бактериялары - 1х109 КОЕ кем емес.

Қабылдау ұзақтылығы: 28 күн. Жыл бойында қайтадан қабылдауға болады.

Қарсы көрсетілімдер: ББҚ компоненттеріне жеке түрдегі төзе алмаушылық.

Сақтау мерзімі: аузы ашылмаған зауыттық қаптамасында 2 жыл, 28 күн – аузы ашылған қаптамада.

Сақтау шарттары: түпнұсқалық қаптамасында 25 oC-тан аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Тарату шарттары: халыққа дәріхана желісі және арнайы дүкендер, сауда желісінің бөлімдері арқылы тарату. 

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.