Нормобакт Форте

Нормобакт Форте

Өнім мәліметтері
ӨндірушіСанто-Химфарм
Өндіруші еліҚазақстан
Формакапсулы
Саны10
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 3890 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

НОРМОБАКТ ФОРТЕ КАПСУЛАЛАР

Құрамында лиофилизат бар: Lactobacillus rhamnosus GG

 

Тағамға биологиялық белсенді қоспаны қолдану жөніндегі нұсқаулық

 

Шығарылу түрі: капсулалар

 

Құрамы: Әр капсуланың құрамында лиофилизацияланған лактобактериялар бар:

Lactobacillus rhamnosus GG (АТСС 53103) - 6 млрд. (6x109 КТБ/г) кем емес мөлшерінде, магний стеараты (Е 460) (көлем түзуші агент), ұнтақты целлюлоза (Е 470) (жабысуды болдырмайтын агент) 

 

 

Атауы

1 капсула 

(тәуліктік дозадағы қамтылуы)

2 капсула 

(тәуліктік дозадағы қамтылуы)

Lactobacillus rhamnosus GG

6 млрд (6x109 КТБ*/г)  

 

    12 млрд (12x109 КТБ*/г) 

 

  *КТБ - колония түзетін бактериялар бірлігі

 

Тағамдық құндылығы  

         100 г.

              1 капсула

Энергетикалық құндылығы  

375.91 ккал

0.037 ккал

Көмірсулар

       87.51 г

                    0.067 г.

Қант

-

-

Ақуыздар

        6.04 г.

                     0.003 г.

Майлар

-

-

 

 

Компоненттердің қасиеттері:

Lactobacillus rhamnosus GG (LGGәлемдегі ең жақсы зерттелген пробиотик болып табылады. Оны зерттеу тарихы 1000-нан астам ғылыми жарияланымнан тұрады. Дүниежүзілік гастроэнтерологиялық ұйымы (ВГО) LGG пробиотигін АІЖ әртүрлі аурулары кезінде қабылдауды ұсынады. LGG бактериялары ішек шырышты қабығының эпителийіне жоғары адгезия қабілетіне ие және асқазан-ішек жолында жақсы тіршілік ете алатындығымен сипатталады. Lactobacillus rhamnosus GG бәсекелес тежелу және бактерияға қарсы затты бөліп шығару арқылы асқазан-ішек жолдарында энтеропатогендердің өсуіне жол бермейді. Lactobacillus rhamnosus GG ішек микрофлорасының физиологиялық функциялары мен теңгерімін қолдайды және қалпына келтіреді, ас қорыту мен зат алмасуды жақсартады, иммунитетті арттыруға көмектеседі.

 

Қолдану аясы

Нормобакт Форте ішектің бактериялық микрофлорасын қалпына келтіру және асқазан мен ішекте патогенді бактериялардың өсуін болдырмау үшін пробиотикалық микроорганизмдердің көзі болып табылатын тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде ұсынылады:

-  антибиотикалық терапия кезеңінде, сондай-ақ антибиотиктерді қолдануды тоқтатқаннан кейін 2-3 апта ішінде. 

- сапарлар кезінде, үйреншікті климаттық жағдайлар өзгеру аясында ішектегі пайдалы микрофлораның құрамында өзгерістер болуы мүмкін жағдайларда. 

 

Нормобакт Форте ағзаның иммундық тұрақтылығын арттыруға көмектеседі.

 

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға: тамақпен бірге күніне 1 рет 1 капсуладан (6 млрд КТБ /г), 12 жастан асқан балалар мен ересектерге тамақпен бірге күніне 1 рет 2 капсуладан (12 млрд КТБ /г).

Тұтас капсуланы жұта алмайтын балаларға немесе пациенттерге тағайындағанда, оны абайлап сындырып, жоғалтпай, ішіндегісін қасыққа салып, аздаған сұйықтықпен араластыру керек.

Қабылдау ұзақтығы орта есеппен 10-14 күнді құрайды. Антибиотиктермен емделу курсы кезеңінде және оның аяқталуынан Нормобакт Фортені қабылдау ұзақтығы 2-3 аптаны құрауы мүмкін.

 

Жүктілік:

Ішке қабылдаған кезде қауіпсіз.

Лактация кезеңі:

Ішке қабылдаған кезде қауіпсіз.

 

Тағамға биологиялық белсенді қоспа. Дәрілік зат болып табылмайды. Құрамында ГТА жоқ.

Қарсы көрсетілімдер:

ББҚ компоненттерін жекелей көтере алмаушылық.

Өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттармен немесе тамақ өнімдерімен үйлесімсіздігі туралы мәліметтер жоқ.

Нормобакт Форте құрамында глютен, лактоза және сахароза жоқ, сондықтан оны осы заттарды көтере алмаушылықпен зардап шегетін адамдарда қолдануға болады.

 

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек. 

Жарамдылық мерзімі

2 жыл. 

Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

 

Шығарылу түрі      

Блистерде 10 капсуладан. Қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға 1 блистерден салынады.

Тарату шарттары

Дәріхана желісі мен мамандандырылған дүкендер, сауда желісінің бөлімдері арқылы.  

Өндіруші

ALLIANZ BIOSCIENCES PRIVATE LIMITED,

R.S. No. 55/1,2&3, Whirlpool Road,

Thiruvandar koil, Mannadipet Commune, Puducherry - 605 102.

India.

 

Тұтынушылардан шағымдарды қабылдауға уәкілетті ұйым/Импорттаушы

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі +7 7252 (610151)

Автожауапберуші нөмірі +7 7252 (561342)

Электрондық пошта мекенжайы complaints@santo.kz

 

 

GMP (Good Manufacturing Practice)сапа стандарттарына сәйкес өндірілген

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.