- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Бак-Сет Беби
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Асқазан, ішек, бауыр
- Бак-Сет Беби
Бак-Сет Беби
Қолдану көрсеткіштері
Тапсырыс беру шарттары
«Бак-Сет Беби» алдын ала тапсырыс беріңіз және арнайы баға алыңыз - 5512 ₸ (қалыпты баға: 6890 ₸). Алдын ала тапсырысты орындаудың болжалды күні* – 23.04.2025, егер тапсырысты 22.04.2025 14:15 дейін орналастырсаңыз және төлесеңіз.
Орындау мерзімі Рудный-дегі біздің дистрибьюторлық орталықта алу шарттарына сәйкес есептеледі. Сайттың жоғарғы жағындағы қаланы өзгертуге болады, содан кейін болжалды жеткізу күні өзгеруі мүмкін.
Тауарды алғаннан кейін оны пр-т Комсомольский, д. 34 бойынша алуға немесе ыңғайлы уақытта курьер арқылы тегін жеткізуді ұйымдастыруға болады.
Арнайы баға бойынша алдын ала тапсырыс беру тек алдын ала төлеу үшін қол жетімді. Тапсырыс үшін кез келген банктің Visa/MasterCard картасымен 20 минут ішінде төлеу керек.
Жеке және заңды тұлғаларға тапсырыс беруге болады.
Тапсырыс беруге болады: 805 бірлік өнім (әр 15 минут сайын жаңартылады).
Ең аз тапсырыс сомасы:
- жеке тұлғалар үшін – 12 000 ₸
- заңды тұлғалар үшін – 250 000 ₸
* Тауарды жеткізудің болжамды күні технологиялық себептер бойынша өзгертілуі мүмкін, бірақ 3 күнтізбелік күннен аспауы керек.
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Пробиотикс Интернэшнл Probiotics International Ltd., Lopen Head, South Petherton Somerset/ADM Protexin Ltd |
---|---|
Өндіруші елі | Ұлыбритания |
Форма | порошок |
Саны | 10 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Пробиотик-Лактобактерия-Бифидобактериялар, негізгі | 99 мг |
Бұл өнім екі нұсқада тапсырыс беруге болады: дәл қазір жеткізу немесе алдын ала тапсырыс бойынша. Тапсырыс берген кезде себет ішіндегі тапсырыс опциясын таңдауыңыз керек.
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 6890 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Тапсырыс беру күйі | Қол жетімді |
---|---|
Тапсырыс бағасы | 5046 ₸ 1844 ₸ |
Мерзімнің өту күні | 22.04.2025 |
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Бак-сет Беби
Туылғаннан бастап балаларға арналған жаңа буындағы мульти пробиотик
Бак-Сет Беби пайдаланудың 5 себебі
1. Тиімділігі - пробиотикалық бактериялардың жоғарғы концентрациясы және өміршеңдігі.
Бактерияның 7 түрлі түрі + пребиотиктер бір-бірінің әсерін күшейтеді.
2. Әмбебаптығы - емшектегі және ерте жастағы балаларда әр түрлі іш қорытудың бұзулылары, іш өту, тағамдық аллергия және оғаш дерматит кезінде қолдану.
3. Ыңғайлылығы — тоңазытқышта сақтауды талап етпейді; күніне 1 саше.
4. Каyiпciздігі — алғашқы күннен бастап қолдануға рүқсат етілген. Құрамында лактоза жок.
5. Сапасы — жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін бактериялардың өміршеңділігінің кепiлі.
Ұлыбританияда жасалған.
Ішек микрофлорасының пайдалы қызметтерін не құрайды және дисбактериоз қалай пайда болады?
Ішек микрофлорасы ас қорытуға, зат алмасуына, ауру туғызатын бактерияларды жоюға, иммунитетті сақтауға қатысады. Белгілі бір жағдайларда пайдалы және зиянды бактериялар арақатынасы бұзылады және сол кезде үйреншікті "дисбактериоз" деген сөзбен аталатын, дисбаланс пайда болады. «Дисбактериоз» қандай да бір нақты ауруды білдірмейді, ол бактериялардың сапалық және сандық арасалмағының бүзылуы. Дисбактериоз көптеген аурулармен қоса жүреді, ал көй жагдайларда олардың себебі болуы мумкін, мысалы, антибиотиктер қабылдауға байланысты іш өту кезінде. Бірінші жылы балаларда ас қорытудың бүзылуы жасанды тағамдармен тамактандыруға көшкенде, қосымша тамақ қосқанда, емшекпен тамақтандыруды тоқтатқанда, сонымен бірге антибиотиктер қабылдау кезінде пайда болады. Дәреттің бұзылуы тіс шыққанда жиі пайда болады.
Жаңа туылған нәрестелерде және ерте жастағы балаларда ішек микрофлораның бұзылуы түрлі сиптомдарменсипатталады: бұл тұрақты ішқатпа немесе, керісінше, сұйық нәжіс, ал жиі олардың ауысып келуі болуы мумкін.
Дисбактериоз кезінде белгілі бір тағам өнімдеріне және аллергендерге ішектің сезімталдығы өсуі мүмкін, бұл дерматит және экземаға алып келеді. Соңғы жылдардың зерттеулеріне сәйкес ішек микрофлорасының
теңгерімінің бұзылуы атеросклероз және май басу секілді кең таралған ауруларға акелуі мүмкін. Құсу (кекіру), іштің бұрап ауруы, аз салмақ қосу, оғаш дерматит, сондай-ақ ішек дисбактериозының себебі болуы мүмкін. Сол
себепті алғашқы куннен бастап-ақ пайдалы ішек микрофлорасының дұрыс теңгерімін қалыптастыруда, балаға көмектесу өте маңызды!
Пробиотиктер және пребиотиктер дегеніміз не?
Қалыпты ішек микрофлорасын сақтауга арналган құрамында тірі пайдалы бактериялар бар препараттардыт пробиотиктер деп атаймыз. Пробиотикалық бактериялар ішекке түсіп, микробтық теңгерімді қалпына келтіруге
және дисбактериозбен күресуге көмектеседі. Алайда, ішекке сырттан келіп түскен ешқандай пайдалы бактерия мәңгілік өмір сүрмейді, сондықтан ағзада өзінің пайдалы микробтарының көбеюі өте маңызды. Ол ушін оларға
жағымды жағдай жасау және қоректендіру қажет. Дәл осы мақсатқа пребиотиктер қызмет етеді. Пребиотиктер iшке түсіп, сонда өзінің пайдалы микробтарының саны өсуі үшін қолайлы жағдай жасайды және оларға қорек
болады. Табиғи жолмен алынатын кең таралған пребиотиктер- жеміс-олигосахаридтер (фруктоолигосахариды).
Бак-Сет Беби қандай қасиеттерге ие?
1. Тиімділік - препараттың жоғарғы белсенділігін қамтамасыз ететін тіршілікке икемді бактериялардың әртүрлілігі (7 түрі )және жоғарғы концентрациясы (1 сашеде 1 млрд). Бак-Сет кұрамындағы барлық бактериялар қышқылға төзімді, сол себепті асқазан қышқыл ортасынан өтіп, ішекке өзгеріссіз қалыпта түседі. Зерттеулерде пайдалы бактериялардың мөлшері бір тәулікте 100 млн кем болмауы қажет деп анықталды. Бак-Сет Бебидің тек 1 саше құрамында 1 млрд! Пробиотикалық бактериялардан басқа Бак-Сет Беби кұрамында табиғи "қоректендіру"- пребиотик бар, ол өзінің бактерияларына тезірек қалпына келуіне көмектеседі.
2. Әмбебаптылық - емшектегі және ерте жастағы балаларда іш өту және аллергия кезінде қолдану мүмкіндігі.
Прибиотикалық бактериялар әр түрінде әртүрлі деңгейде бірнеше пайдалы әрекеттері айқындалады;
микрофлора дисбалансы кезінде бұзылулар жан-жаққа таралган сипатта, сондықтан бактерияның бір ғана түрі ас қорытудың әртүрлі бұзылуларымен әрдайым ойдағыдай күресе алмайды. Бак-сет Беби құрамында өзара бір-бірін толықтыратын және көпфункциялы әрекет ететін 7 әр түрлі пребиотиктер бар. Сонымен қатар, кешен өзінің пайдалы бактериялардың саны өсуі үшін қолайлы жағдай жасайтын пребиотиктермен байытылған
3. Ыңғайлылық – тоңазытқышта сақтауды қажет етпейді. Көптеген пробиотикалық препараттарды тоңазытқышта сақтау қажет, себебі бөлме температурасында тірі миробтар өледі немесе өзінің белсенділігін жоғадтады. Бұл әрқашан ынғайлы емес, мұндай пребиотиктерді өзіңмен бірге жолға ала алмайсын. Бак-сет Беби препараттың бүкіл жарамдылық мерзімі бойы бөлме температурасында да пробиотикалық бактериялардың тіршілікке икемділігін және белсенділігін сақтау мүмкіндігін беретін арнайы технология бойынша жасалған. Нәтижеге қол жеткізу үшін күніне 1 саше жеткілікті. Саше ішіндегісін қолданар алдында аз ғана суға, емшек сүтіне немесе балалар тағамына қосу қажет.
4. Қауіпсіздік – барлық пробиотиктер бала туылғаннан бастап қолдануға рұқсат етілмейді. Оларға қарағанда Бак-сет Бебиді баланың алғашқы күнінен бастап қолдану рұқсат етілген, Бак-сет Бебидің қауіпсіздігі клиникалық зерттеулермен дәлелденген. Бак-Сет Беби-балаларға туылғаннан бастап қолдануға рұқсат етілген, пребиотиктер қосылған жалғыз мультиштаммды пробиотик*. Бак-сет Бебидің клиникалық тиімділігі халықаралық зерттеулермен дәлелденген.
5. Сапасы - жарамдылық мерзімінің соңына дейін бактериялардың өмірге икемділігінің кепілі. Бак-Сет Беби өндірісінің қазіргі замандағы ұқыпты технологиясы препараттың толық жарамдылық мерзімі бойы мәлімделген
бактериялар санына кепіл беруге мүмкіндік береді. Бак-Сет Беби халықаралық фармацевтикалық өндірістік стандарт сапасына сәйкес, Англия Патшайымымен нутрицефтика саласы бойынша екі рет марапатталған, ADM
Protexin компаниясымен Ұлыбританияда жасалған. ADM Protexin Ltd. 2017, 2018 ж.ж. Ұлыбританияда ең мықты компаниялар арасында аккредитацияға 2 жұлдыз алды.
Бак-сет Беби – балаларға туылғаннан бастап қабылдауға рұқсат етілген,
тиімділігі клиникалық дәлелденген пребиотиктермен байытылған жалғыз мульти-пробиотик*.
Кешеннің биологиялық әсеpі:
Кешен кұрамы бірегей және оның кұрам бөліктері жаңа туылған нәрестелер мен ерте жастағы балалардың асқазан - ішек жолы қызметін және микробтык теңгерімін қалпына келтіретін, біp-бірін толықтыратын және күшейтетін етіп таңдалған.
7 түрлі тірі пробиотикалық бактериялар иммунитетті сақтауға, ауру тудырушы микробтарға, аллергендерге, токсиндерге қарсы тұруга көмектеседі. Кешен кұрамына кіретін пайдалы бактерияларды жетілдендірілген микрокапсулдау технологиясы арқасында өндіру оның тіршілікке икемділігі мен белсенділігін толық жарамдылық мерзімі бойы сақтайды және тоңазытқышта сақтауды талап етпейді.
Жеміс-олигосахарид (пребиотик) жеке пайдалы микрофлораның ішекте көбеюі үшін қолайлы жағдай жасайды.
1 сашенің құрамы
Пробиотикалық кешен:
Lactobacillus casei PXN 37, Lactobacillus rhamnosus PXN 54, Streptococcus thermophilus PXN 66, Lactobacillus acidophilus PXN 35, Bifidobacterium breve PXN 25, Bifidobacterium infantis PXN 27, Bifidobacterium longum PXN 30.
1 миллиард (1х 109) КОЕ/саше
ПРЕБИОТИК:
ЖОС (жемісолигосахариды) 990мг.
Қолдануға көрсетілімдер:
Дисбактериоз
Антибиотиктерді қабылдау
Iшек жұқпасы және улану
Дәреттің бұзылуы (іштің өтуі, іштің қатуы)
Қосымша тамақ беруді бастау, жасанды тамақтандыруға көшу
Тағамдық аллергия, оғаш дерматит
Tiстің шығуы кезінде ас қорытудың бұзылуы
Рацион және тамақ тәртібінің өзгеруі (бала бақшасына бару, саяхат)
Қарсы көрсетілімдер:
Кешен құрам бөліктеріне жеке төзе алмаушылық.
Мелшері және қолдану тәсілі:
Күніне 1 саше тамак қабылдау кезінде. Саше ішіндегіcін аз ғана көлемдегі су, сүт, шырынға ерітіңіз, балалар тағамынада қосуға болады. Жаңа туылған нәрестелерге қабылдауға болады.
Айрықша көрсетілімдер:
Антибиотикотерапия уақытындагы қабылдау тәртібі: Бак-Сет Беби қабылдауды антибиотиктермен бірге бастап, антибиотикотерапия аяқталғаннан кейін 2 апта бойы жалғастыру қажет.
Жаңа өнімге (бейімдеген сут қоспасы, қосымша тамақ) өту кезінде 1-2 апта бойы Бак-Сет Беби профилактика ретінде қабылдау ұсынылады. Тістің шығуы кезінде 1-2 апта бойы Бак-Сет Беби қабылдау ұсынылады.
Мектепке дейінгі балаларға арналған мекемеге бару немесе саяхат алдында, болатын оқиғадан 3-4 күн бурын Бак-Сет Беби қабылдауды бастап және 1-2 апта бойы жалғастыру ұсынылады.
Қабылдау ұзықтылығы:
Ұсынылатын қабылдау ұзақтылыгы - 14 күн.
Жарамдылық мерзімі: 2 жыл.
Жабық зауыт қаптамасында, бөлме температурасында, кұрғақ жерде сақтау.
Шығарылу түрі: 10 саше 1 граммнан. 1 сашеде 1х109 КОЕ.
*РФ территориясында
Құрамында жасанды бояғыштар, хош иістендіргіштер және ГМА жок.
Тоңазытқышта сақтауды талап етпейді!
Ұлыбританияда жасалган.
Probiotics International Ltd. (ADM Protexin Ltd. since 2018)
Ұлы мәртбелі Yлыбритания Патшайымы Елизавета II
марапаттары 2011 ж., 2016ж.
Probiotics International Ltd. (ADM Protexin Ltd. since 2018)