Вермокс

Өнім мәліметтері
ӨндірушіГедеон Рихтер
Өндіруші еліГермания
Форматаблетки
Саны6
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецепт арқылы
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Мебендазол, негізгі100 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 1507 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада 9 н.
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Дәрілік затты медициналық қолдану

жөніндегі нұсқаулық

 

ВЕРМОКС

 

Саудалық атауы

Вермокс

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Мебендазол

 

Дәрілік түрі

Таблеткалар, 100 мг

 

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 100 мг мебендазол

қосымша заттар: натрий лаурилсульфаты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, натрий сахарині, тальк, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты.

 

Сипаттамасы

Ойығы бар жалпақ цилиндр пішінді, бір жағында «VERMOХ» деген жазуы және екінші жағында сызығы, өзіне тән жеңіл иісі бар, диаметрі 10.0 мм жуық ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар

 

Фармакотерапиялық тобы

Гельминтке қарсы дәрілер. Нематодоздарды емдеуге арналған препараттар. Бензимидазол туындылары. Мебендазол.

АТХ коды P02CA 01

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Мебендазол ішу арқылы қолданғанда аз сіңіріледі. 

Ұсынылған (орташа емдік) дозада айқын жүйе алды метаболизмі және дәрілік заттың өте төмен ерігіштігі салдарынан препараттың биожетімділігі төмен болады. Препараттың 90%-ы плазма ақуыздарымен байланысады. Препаратты майлы тағаммен бір мезгілде қабылдағанда биожетімділігі жоғарылайды. Өзгермеген күйде негізінен нәжіспен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Вермокс әсер ету ауқымы кең синтетикалық гельминтке қарсы препарат болып табылады. Дәрі гельминттер жасушаларында тубулиннің түзілуіне әсер етеді, бұл глюкоза қармалуының және гельминттің қалыпты ас қорыту функциясына аутолиз үдерісінің қосылуына дейінгі дәрежеде бұзылуына әкеледі.   

 

Қолданылуы

Инвазиялар туындатқан ауруларда:

-        энтеробиоз (Enterobius vermicularis )

-        аскаридоз   (Ascaris lumdricoides)

-        трихинеллез (Trichuris trichiura)

-        анкилостомидоз (Ancylostoma duodenale)

-        некатороз (Necator americanus)

-        стронгилоидоз (Strongloides stercoralis)

-        тениоз (Taenia spp

-        аралас асқазан-ішек инвазиялары

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Энтеробиозда: 2 жастан үлкен балалар мен ересектерге дене салмағына қарамастан - бір рет 100 мг препараттан (1 таблетка). Инфекцияның жиі қайталануларына орай, емдеуді 2 және 4 аптадан соң қайталау керек.

Отбасының барлық мүшелерін бір мезгілде емдеу ұсынылады.

Аскаридоз, трихинеллез, анкилостомидозда және аралас инфекцияларда: 2 жастан асқан балаларға және ересектерге 3 күн бойы тәулігіне 200 мг-ден (кешке және таңертең 1 таблеткадан).

Тениоз,  стронгилоидозда: 

- ересектерге үш күн бойы таңертең және кешке 2 таблеткадан 

(400 мг/тәулік);

- балаларға үш күн бойы таңертең және кешке бір таблеткадан 

(200 мг/тәулік).

Балаларда қолдану:

Таблетканы шайнауға немесе тұтас жұтуға болады. 6 жасқа дейінгі кішкентай балаларға қолданғанда таблетканы ұнтақтау қажет.

 

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек (<1/10 000)

- емшек еметін жастағы балалардағы құрысулар

- іштің ауыруы, диарея (инвазия салдарынан болуы мүмкін)

- анафилаксиялық және анафилактоидты реакциялар типі бойынша аса жоғары сезімталдық реакциялары

- уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, бөртпе, ангионевроздық ісіну, есекжем

Жиілігі белгісіз (сенімді статистикасы жоқ)

- нейтропения

Жоғары дозаларда ұзақ уақыт бойы қолданғанда:

Жиілігі белгісіз (сенімді статистикасы жоқ)

- бауыр функциясының бұзылуы, гепатит

- гломерулонефрит

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

-        препарат компоненттерінің қандай да біріне жоғары сезімталдық

-        тұқым қуалайтын галактоза, лактоза жақпаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы

-        жүктілік және лактация кезеңі

-        2 жасқа дейінгі балалар

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Циметидинді мебендазоломмен бір мезгілде тағайындау ұзақ уақыт емдеу кезінде соңғысының плазмадағы концентрациясын арттырады. Екі дәрілік заттың да қажетті дозаларын қамтамасыз ету үшін плазмадағы препарат концентрацияларын анықтау ұсынылады. Мебендазол мен метронидазолды бір мезгілде қолданбау қажет.

 

Айрықша нұсқаулар

Ұзақ уақыт қолдану кезінде жалпы қан талдауын, бауыр, бүйрек функциясын бақылау қажет. 

Препарат алкогольмен үйлесімсіз.

Емдеу кезеңінде іш жүргізетін дәрілер тағайындау және диета ұстану қажет емес. Вермокс қант диабетімен науқастарда инсулин қажеттілігін төмендетеді. Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге препаратты қолданғанда сақ болған жөн. 

Лактоза жақпаушылығы жағдайында препараттың әр таблеткасы құрамында 110 мг лактоза моногидраты бар екендігін ескеру керек. 

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Вермокс автокөлік жүргізу және жұмыс механизмдерін бақылау қабілетіне әсерін тигізбейді.

 

Артық дозалануы

Симптомдары: түйілу сипатындағы іш ауырулары, жүрек айну, құсу, диарея.

Емі: арнайы андидоты жоқ. Артық дозаланудан кейінгі алғашқы сағатта - асқазанды шаю, белсендірілген көмір қабылдау. 

 

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

6 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

 

Сақтау шарттары

15°С-ден 30°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.