- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Гепар Комп
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Асқазан, ішек, бауыр
- Гепар Комп
Гепар Комп
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Биологиш Хеилмиттел Хил Biologishe Heilmittel Heel |
---|---|
Өндіруші елі | Германия |
Форма | ампула |
Саны | 5 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Дәрілік шөптер, негізгі | 2.2 гр |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 0 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Гомеопатиялық дәрілік препаратты медициналық қолдану
жөніндегі нұсқаулық
Саудалық атауы
ГЕПАР КОМП. ХЕЕЛЬ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозалануы
Инъекцияға арналған ерітінді, 2.2 г
Фармакотерапиялық тобы
Басқа препараттар. Басқа емдік препараттар барлығы.
АТХ коды V03A
Қолданылуы
- бауыр және өт шығару жолдарының жедел және созылмалы ауруларында
- әртүрлі соматикалық ауруларда, сондай-ақ әртүрлі уытты факторлардың ұзақ әсер ету салдарынан бауыр функциясының бұзылуында
Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне, оның ішінде Taraxacum officinale, Cynara scolymus немесе дәстүргүл тұқымдас басқа өсімдіктерге жоғары сезімталдық
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Егер симптомдар тоқтамаса немесе нашарласа, дәрігерден немесе медициналық қызметкерден кеңес алу керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған.
Арнайы сақтандырулар
Балаларда бұл препаратпен байланысты құжатталған тәжірибе жеткіліксіз болғандықтан, препаратты 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Жүктілік және лактация кезеңі
Құрамында сүйелшөп (Сhelidonium) және тамырдәрі (Veratrum) болуына байланысты препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалану режимі
Стандартты доза:
Ересектер (әрі 12 жастағы және одан үлкен балалар): 1 ампуладан (2.2 мл) аптасына 1-ден 3 ретке дейін.
Қолдану тәсілі:
Инъекцияға арналған ГЕПАР КОМП. ХЕЕЛЬ ерітіндісін бұлшықет ішіне, тері астына немесе вена ішіне енгізеді.
Емдеу курсы 3-тен 6 аптаға дейінді құрайды.
Шыны ампуланы ашу жөніндегі нұсқаулық:
Ампуланы ашу үшін оны кесудің қажеті жоқ. Ампуланы нүкте түріндегі таңбасын үстіне келтіре, қисайтып ұстап, сұйықтық төменгі бөлігіне түскенше сілкіңіз немесе оның сыртынан шертіңіз. Ампуланың басын таңбалануына қарсы жағына қарай басып сындырыңыз.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Препараттың артық дозалану жағдайы туралы сипатталмаған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Әрдайым бұл препаратты дәрігердің немесе фармацевтің нұсқауы бойынша қабылдаңыз. Егер сенімді болмасаңыз, дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
Егер сізде осы препаратты пайдалану туралы басқа сұрақтар туындаса, дәрігеріңізден немесе медициналық қызметкерден сұраңыз.
Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Жағымсыз реакциялар жиілігінің сандық критерийлері және жүйелік-ағзалық жіктеуге сәйкес және олардың туындау жиілігіне сәйкес жағымсыз реакциялардың жіктеуі (Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде жиілігін бағалау мүмкін емес)
Сирек
- терінің аллергиялық реакциялары, қызба сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препарат құрамы
Бір ампуланың (2.2 г) ішінде
белсенді заттар:
Acidum alpha-ketoglutaricum D10
22.0 мг
Acidum fumaricum D10
22.0 мг
Acidum malicum D10
22.0 мг
Acidum oroticum monohydricum D6 1
22.0 мг
Acidum alpha-liponicum D8 1
22.0 мг
Avena sativa D6
22.0 мг
Calcium carbonicum Hahnemanni D28
22.0 мг
Chelidonium majus D5
22.0 мг
Cinchona pubescens D4
22.0 мг
Colon suis D10
22.0 мг
Cyanocobalaminum D4
22.0 мг
Cynara scolymus D6
22.0 мг
Duodenum suis D10
22.0 мг
Hepar suis D8
22.0 мг
Histaminum D10
22.0 мг
Lycopodium clavatum D4
22.0 мг
Natrium diethyloxalaceticum D10
22.0 мг
Pankreas suis D10
22.0 мг
Silybum marianum D3
22.0 мг
Sulfur D13
22.0 мг
Taraxacum officinale D4
22.0 мг
Thymus suis D10
22.0 мг
Veratrum album D4
22.0 мг
Vesica fellea suis D10
22.0 мг
қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
1 - Су консистенциясы
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссізден сәл қызғылт түске дейінгі, мөлдір, иісі жоқ ерітінді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Ампулалардың жоғары жағында түрлі түсті таңбалаған нүктесі бар, түссіз шыны ампулада 2.2 мл-ден.
ПВХ-дан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 5 ампуладан. Пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 9 °С-ден 29 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәліметтер
Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия
Тел.: +49 7221 501-00
Факс: +49 7221 501-210
info@heel.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия
Тел.: +49 7221 501-00
Факс: +49 7221 501-210
info@heel.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«GO PHARM» ЖШС
050040, ҚР, Алматы қ-сы, Әл-Фараби д-лы, 75А үй, 102-103 кеңсе
Эл. пошта: aemservices@mail.ru