- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Иберогаст
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Асқазан, ішек, бауыр
- Иберогаст
Иберогаст
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Бионорика |
---|---|
Өндіруші елі | Германия |
Форма | раствор |
Саны | 1 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Дәрілік шөптер, негізгі | 10 мл |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 0 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Иберогаст®
Саудалық атауы
Иберогаст®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішуге арналған 20, 50 және 100 мл тамшылар
Құрамы
100 мл препараттың құрамында
белсенді заттар:
жаңа піскен бүтін ащы әлпел өсімдіктерінің сығындысы 15,0 мл
(1: 1.5 – 2.5) *
аюбалдырған тамырларының сығындысы (1: 2.5 – 3.5)** 10.0 мл
сермене жапырақтарының сығындысы (1: 2.5 – 3.5)** 10.0 мл
зире жемістерінің сығындысы (1: 2.5 – 3.5)** 10.0 мл
сүйелшөп сығындысы (1: 2.5 – 3.5)** 10.0 мл
қызылмия тамырының
сығындысы (1: 2.5 – 3.5)** 10.0 мл
түймедағы гүлдерінің сығындысы (1: 2 – 4)** 20.0 мл
бұрыш жалбызы жапырақтарының
сығындысы (1: 2.5 – 3.5)** 5.0 мл
алатікен жемістерінің сығындысы (1: 2.5 – 3.5)** 10.0 мл
* - этил спирті экстрагенті 50 %
** - этил спирті экстрагенті 30 %
Ескерту: 31%-ға жуық этил спирті бар.
Сипаттамасы
Күңгірт-қоңыр түсті, өзіне тән иісі мен ащылау дәмі бар, мөлдір немесе аздап бұлыңғырлау сұйықтық. Сақтау кезінде шөгінді түзілуі мүмкін.
Фармакотерапиялық тобы
АІЖ функциональді бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар.
ATЖ коды A 03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Иберогаст® препаратының әсері оның құрамдастарының жиынтық әсерінің нәтижесі болып табылады, сондықтан кинетикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік жоқ.
Фармакодинамикасы
Иберогаст препаратының жан-жақты әсері бар. Ол асқазан-ішек жолының тегіс бұлшықет тонусын модуляциялайтын әсер береді. Ең алдымен ащы әлпел (Iberis amara) мен сүйелшөп құрамдастары тонус және асқазан қақпасы тұсындағы моторика төмендегенде сергітетін, прокинетикалық әсер етеді. Асқазан түбіндегі/денедегі түйілулерде ең алдымен дәрілік аюбалдырған, алатікен мен қызылмия ауыруды басатын әсер береді.
Иберогаст® шырышты қабықты қорғайтын простагландиндер мен муциндердің, лейкотриендердің концентрациясын төмендетеді, шырышты қабық үшін уытты концентрациясын, айнала қаланатын жасушалардағы асқазан сөлінің бөлініп шығуын төмендетеді және тұз қышқылының әсеріне негізделген симптомдарға, мысалы, қыжылда, қарсы әрекет етуі мүмкін. Иберогаст® 5-липоксигеназаны тежегіштік, жел айдағыш, қышқылдануға қарсы және бактерияға қарсы әсерінің арқасында қабынуға қарсы әсерге ие.
in vitro экспериментінде Helicobacter pylori-дің 6 түршесінің өсуін тежейді.
Препаратты күнделікті қолдану негізіндегі 6 ай бойғы токсикологиялық зерттеулер әсер етуші заттарының жинақталмайтынын көрсетті.
Өзінің жан-жақты механизмдері мен қоса берілу нүктелерінің арқасында көп мақсатты емдеу принципіне сәйкес келеді.
Қолданылуы
- асқазан-ішек жолының функциональді бұзылуларында, (мысалы: асқазан-ішек жолындағы спастикалық ауырулар, кернеу сезімі, метеоризм, іштің қатуы, диарея немесе олардың кезектесуі, жүрек айнуы, қыжыл)
- ішектің тітіркену синдромында
- гастритте, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруында
(кешенді ем құрамында)
Қолдану тәсілі мен дозалары.
Иберогастты® күніне 3 рет тамақтан бұрын немесе тамақтану кезінде азғантай су мөлшерімен қабылдайды:
Ересектер мен жасөспірімдер 20 тамшыдан,
6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға 15 тамшыдан,
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға 10 тамшыдан
Қолдану ұзақтығы аурудың түрі мен ауырлығына байланысты болады.
Қолданар алдында сақтау керек!
Жағымсыз әсерлері
Өте сирек
- асқын сезімталдық реакциялары, мысалы тері бөртпесі, тері қышымасы, ентігу
Атап көрсетілген жағымсыз әсерлердің кез-келгені пайда болған жағдайда, препаратты қабылдауды тоқтату және мүмкіндігінше тезірек дәрігерге көріну керек.
Қолдануға қолмайтын жағдайлар
- препараттың құрамдас бөліктеріне жоғары сезімталдықта
- 3 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Қазіргі уақытта басқа дәрілік заттармен әрекеттесуі белгісіз.
Айрықша нұсқаулар
Шөгінді түзілуі немесе Иберогаст® препаратының бұлыңғырлануы оның тиімділігіне әсер етпейді.
Иберогаст® тамшыларын белсенді заттарына белгілі аллергия бар болса, қабылдамаңыз.
Иберогаст® тамшыларының құрамында 31%-ға жуық (көлемі бойынша) этил спирті бар. Ересектер үшін ең жоғары ұсынылатын дозасы– 20 тамшы (=1 мл) құрамындат 0.24 г спирт бар.
Маскүнемдікке шалдыққан немесе қауіп-қатер дәрежесі жоғары топтағы, ішінара бауыр ауруларымен, эпилепсиямен ауыратын, ми жарақаттарына немесе ауруларына шалдыққан емделушілерге, жүкті, бала емізетін әйелдерге және 3 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды.
Егер белгілер жойылмай, ал препаратты қолданудан күтілетін әсері басталмаса, емделуші дәрігерге қаралуы керек.
Қант диабеті бар науқастарда қолданылуы
Препаратты қант диабетімен науқастарға, ересектер үшін бір реттік - 20 тамшы құрамында 0,1-ден аз нан бірлігі болғандықтан қолдануға болады.
Жүктілік және лактация
Препаратты жүктілік кезінде, сондай-ақ бала емізу кезінде қолданбаған жөн.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Ұсынылатын дозаларында көлік құралдарын басқару мен механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозаланғанда
Бүгінге дейін жедел артық дозаланған жағдайлары байқалған жоқ.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
20, 50 немесе 100 мл препараттан үстіңгі жағында дозалағыш тамшылатқыш құрылғысы бар, қақпақпен бұралатын және алғашқы ашылуы бақыланатын күңгірт шыныдан жасалған құтыларға құйылады.
Құтыға өздігінен жабысатын затбелгі жапсырылады. 1 құтыдан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге жиналмалы картон пәшкеге салады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Ашылған құтыларды 8 апта бойы пайдалануға болады.
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
ШТАЙГЕРВАЛЬД Арцнаймиттельверк ГмбХ, Хафельштрассе 5
64295 Дармштадт / Германия
Тіркеу куәлігінің иесі
ШТАЙГЕРВАЛЬД Арцнаймиттельверк ГмбХ, Хафельштрассе 5
64295 Дармштадт / Германия
Дистрибьютор фирма
Бионорика СЕ D- 92308 Ноймаркт/Германия