Майсана майы

Майсана майы

Өнім мәліметтері
ӨндірушіФармация
Өндіруші еліҚазақстан
Формараствор
Саны1
Қаптамасыбөтелке
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Майсана майы, негізгі30 гр
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 540 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Қазақстан Республикасы 

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  министрлігі Mедициналық және 

фармацевтикалық қызметті 

бақылау комитеті Төрағасының 

20_ жылғы “____” ___________

№ _____ бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

                                                                            

Дәрілік затты медициналық қолдану

жөніндегі нұсқаулық

 

Майсана майы

 

Саудалық  атауы

Майсана майы

 

Халықаралық  патенттелмеген  атауы

Жоқ

 

Дәрілік  түрі

Сыртқа және ішу арқылы қолдануға арналған май 

 

Құрамы

белсенді зат –  30 г майсана майы 

 

Сипаттамасы

Мөлдір, қою және тұтқыр, түссіз немесе аздап сарғыш сұйықтық. Әлсіз  иісі, өзіне тән жағымсыз дәмі бар. 

 

Фармакотерапиялық  тобы

Іш жүргізетіндер. Жанаспалы іш жүргізетіндер. Майсана майы.

АТХ коды А06АВ05

  

Фармакологиялық  қасиеттері

Өсімдік тектес іш жүргізетін дәрі. Ішке қабылдағанда рицинол қышқылын  түзе отырып, аш ішекте липаза арқылы ыдырайды, ішек  рецепторларын  (бүкіл  бойында) тітіркендіреді және перистальтиканың рефлекторлы күшеюін туындатады. Іш жүргізетін әсері әдетте 5-6 сағаттан соң  басталады. 

Майсана  майын  қабылдағанда  жатыр  бұлшықеттерінің  рефлекторлы жиырылуы байқалады.

 

 

Қолданылуы

–      іш  қатуларда

– күйікті, жараны, ойық жараны емдеуге арналған жақпамайлар, бальзамдар құрамында

–      теріні  жұмсарту  үшін

–      қайызғақты кетіруде

- шашты  нығайтуда

 

Қолдану  тәсiлі және дозалары 

Сыртқа күйікті, ойық жараны емдеуге арналған жақпамай, бальзам түрінде терінің зақымданған жерлеріне қолданады. 

Ересектерге 15-30 г, ал балаларға  5-10-15 г (1 шай, десерт немесе ас  қасығы) ішке қабылдауға тағайындалады. 

Іш  жүргізетін дәрі  ретінде  3  күннен  артық  қолданбайды.

 

Жағымсыз әсерлері 

-          іштің ауыруы

-          жүрек  айнуы

-          кіші жамбас органдарындағы қан кернеуі

-          көп мәрте қолданғанда ас қорытудың бұзылуы, ішек атониясы болуы мүмкін

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар  

– майда  еритін заттармен (фосфор, бензол және т.б.), сондай-ақ аталық қырыққұлақ сығындыларымен улану 

- жедел аппендицит

- іш сүзегі, ішектен қан кету, ішек атониясы 

- ішектің жабыспа аурулары

- жаңадан пайда болған, әсіресе қан кетумен қатар жүретін жараларды өңдеу 

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Майда еритін дәрілік заттарға арналған еріткіш және жақпамайлар мен линименттердің негізі болып табылады.   

 

Айрықша  нұсқаулар

Балалар жасында 

Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін 

Жүктілік және лактация кезеңі

Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін 

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер  етпейді.

 

 

Артық дозалануы

Анықталмаған

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полиэтилен тығынмен тығындалған және бұрандалы қақпағы немесе тығыздағыш элементі бар полиэтиленді қақпағы, бұрандалы мойны бар шыны массадан жасалған құтыда 30 г-ден.

Құтылар саны сәйкесінше медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстайтын полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.

 

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардан қорғау керек!

 

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

 

Босатылу шарттары

Рецептісіз 

 

Өндіруші

“ФАРМАЦИЯ 2010” ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

 

Тіркеу куәлігінің иесі

“ФАРМАЦИЯ 2010” ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауыр) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның  мекенжайы  

“Фармация 2010” ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019 Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел.факс: 8 (7212) 42-67-34, e-mail – farmaciyakrg@mail.ru

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.