Макмирор

Өнім мәліметтері
ӨндірушіПоликем С р л
Өндіруші еліИталия
Форматаблетки
Саны20
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецепт арқылы
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Нифурател, негізгі200 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 0 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Қазақстан Республикасы 

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  министрлігі Mедициналық және 

фармацевтикалық қызметті 

бақылау комитеті Төрағасының 

20_ жылғы “____” ___________

№ _____ бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

                                       Дәрілік заттың медицинада қолданылуы

            жөніндегі нұсқаулық

МАКМИРОР

  

Препараттың саудалық атауы

Макмирор 

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Нифурател

 

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар, 200 мг  

 

Құрамы

 

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар – 200 мг нифурател,

қосымша заттар: жүгері крахмалы, күріш крахмалы, полиэтиленгликоль 6000, тальк, магний стеараты, желатин, гуммиарабик, сахароза, магний карбонаты,  титанның қостотығы (Е 171), Е-балауыз.

 

Сипаттамасы 

Екі беті дөңес, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. 

 

 

 

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробқа қарсы препараттар. Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер мен микробқа қарсы препараттар (кортикостероидтармен біріктірілімдерін қоспағанда). Басқа да антисептиктер және микробқа қарсы препараттар. Нифурател.

АТХ коды G01AX05

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдаған кезде асқазан-ішек жолдарынан жылдам сіңіріледі. 200 мг дозаны бір рет ішке қабылдаған кезде сарысудағы концентрациясы шегіне (9.48 мг/л) 2 сағаттан соң жетеді және осылайша ол жылдам организмнен шығарылады (жартылай ыдырау кезеңі 2 сағат 45 минутқа тең). Нифурател жоғары биожетімділікке ие (>95%). Гематоэнцефалдық және гематоплацентарлық бөгеттен өтіп, емшек сүтімен бөлінеді.  Бауырда және бұлшық ет тіндерінде метаболизденеді. Организмнен толықтай бүйрек арқылы шығарылады  (30-50% - өзгермеген түрде). 

Фармакодинамикасы

Нифурател, нитрофуран туындысы әсері кең ауқымды синтетикалық бактерияларға қарсы препарат болып табылады. Препараттың бактериялық, протозойлық және зеңді қоздырғыштарға қатысты тиімділігі жоғары. Әсер ету механизмі пептидтік тізбектің полимеризация үдерісін бөгеуге және соған орай препаратқа сезімтал бактериялық клеткалардың ДНҚ синтезін басуға  негізделген. Бактериялық клеткалардың рибосомаларында ақуыз синтезін тежеу S30 пен S50-ді рибосоманың суббірліктерімен қайтымсыз байланыстыру есебінен жүзеге асырылады, соның нәтижесінде барлық пептидтік тізбектің құрылу үдерісі бұзылады. 

Бұдан бөлек, нифурателдің бактерицидтік әсері бар деген деректер бар. Мұндай әсер механизмін нитротоптың  аминотопқа қайта қалпына келуімен байланыстырады. Қайта қалпына келтірілген түрлері  микроб жасушаларында электрондардың тасымалдануына кедергі келтіреді, ДНҚ мутациясы мен ажырауын туындатады, микроорганизмдердің ферментті жүйелерін тотықтырады. 

Papiliobacter және Helicobacter pylori, грам оң және грам теріс микроорганизмдерге қатысты тиімділігі жоғары: ең төмен бәсеңдететін концентрациясы (ТБК) 12.5 - 25 мкг/мл  барысында  44.3-тен  93.2 %-ға дейін өсіріндіні басады.  

Әсер ету ауқымына: Enterococcus faecalis, Enterococcus faecium, Staphylococcus aureus, Bacillus subtilis, Escherichia coli, Shigella flexneri 2a, Shigella flexneri 6, Shigella sonnei, Salmonella typhi, Salmonella typhimurium, Salmonella enteridis, Klebsiella spp., Enterobacter sph., Serratia spp., Citrobacter spp., Morganella spp., Rettgerella spp., Pragia fontium, Budvicia aquatica, Rachnella aquatilis и Acinetobacter spp., басқа да  атипиялық энтеробактериялар, сондай-ақ, қарапайымдылар, (амебалар, лямблиялар);  Proteus mirabilis Proteus vulgaris, Prseudomonas aeruginosa қатысты белсенділігі төмен.

Сальмонеллез, шигеллез және басқа да ішектің бактериялық жұқпаларын емдеуге арналған таңдау препараты болып табылады. Trichomonas vaginalis-ке қатысты белсенді, Candida текті зеңділерге қатысты белсенділігі жоғары. Әсіресе, метронидазолға тұрақты Helicobacter pylori штаммдарына қатысты тиімділігі жоғары.

 

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

- препаратқа сезімтал қоздырғыштар (патогенді микроорганизмдер, кандида, трихомонадтар, ашытқы тәрізді зеңдер, бактериялар, хламидиялар) туындатқан вульвоқынаптық жұқпалар 

 

- пиелонефрит, уретрит, цистит, пиелит және несеп шығару жүйесінің басқа да аурулары 

- ішек амебиазы және лямблиоз

- асқазан-ішек жолы жоғарғы бөлімдерінің Helicobacter pillory туындатқан созылмалы қабыну аурулары 

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ішке, ұсынымдарды ұстана отырып, қабылдайды.

Қынаптық жұқпалар:

Ересектер: 1 таблетка күніне 3 рет тамақтанудан кейін 7 күн бойы (препаратты жұптастың екеуі де қабылдауы тиіс) 

Балаларға 6 жастан бастап: ұсынылатын доза дене салмағына 10 мг/кг күнделікті 10 күн бойы. Ұсынылатын доза екі қабылдауға бөліп қабылдануы тиіс. 

Несеп шығару жолдары жұқпалары:

Ересектер: ауру ағымының ауырлығына байланысты 3-6 таблетка күнделікті тамақтанудан кейін 7-14 күн бойы. 

Балаларға 6 жастан бастап: ұсынылатын доза дене салмағына 30 мг/кг. Ұсынылатын доза екі қабылдауға бөліп қабылдануы тиіс.

Дәрігердің ұсынымы бойынша несеп шығару жолдары жұқпаларын емдеу курсын ұзартуға немесе қайталауға болады. 

Ішек амебиазы:

Ересектер: 2 таблетка күніне 2-3 рет 10 күн бойы.

Балаларға 6 жастан бастап: ұсынылатын доза дене салмағына 10 мг/кг күніне 3 рет.

Лямблиоз:

Ересектер: 2 таблетка күніне 2-3 рет 7 күн бойы.

Балаларға 6 жастан бастап:  ұсынылатын доза - дене салмағына 15 мг/кг күніне 2 рет 7 күн бойы.

Helicobacter pylori астасқан АІЖ жұқпалары:

Ересектер: 2 таблетка күніне 2-3 рет 7 күн бойы.

Балаларға 6 жастан бастап:  ұсынылатын доза дене салмағына 15 мг-ден күніне 2 рет 7 күн бойы.

 

Жағымсыз әсерлері

-            жүрек айну, құсу, ауызда ащы дәм сезілу, диарея, қыжыл, гастралгия

-            тері бөртпесі, қышыну.

 

 

 

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

-          препараттың белсенді затына немесе қандай да бір компонентіне аса жоғары сезімталдық  

-          6 жасқа дейінгі балаларға

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Нистатиннің фунгицидтік әсерін күшейтеді.

 

Айрықша нұсқаулар

Екінші қайтара жұқтыру қаупі болғандықтан, жыныстық жұптасты бір уақытта емдеу қажет. Қынаптық жұқпалы ауруларда тек Макмирор препаратымен пероральді емдеу жүргізгенде  күндізгі дозаны 4-6 таблеткаға дейін ұлғайту ұсынылады. 

Емдеу кезеңінде жыныстық қатынастан тартына тұрған немесе әр жыныстық қатынастың алдында Макмирорды қосымша қолданған жөн.

Жағымсыз әсерлердің күшеюін болдырмас үшін Макмирор препаратымен емдеу кезеңінде  алкогольдік ішімдіктерді қабылдауға болмайды. 

Жүктілік және лактация кезінде қолдану  

Нифурател гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді, сондықтан емнен күтілетін әсері ұрыққа төнетін қауіптен асып түсетін болса, препаратты тек қатаң көрсетілімдер бойынша ғана қолдануға болады.  

Нифурател емшек сүтіне шығарылады, сондықтан препаратты лактация кезеңінде тағайындау қажет болғанда емшекпен қоректендіру туралы мәселені шешіп алған жөн. 

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері 

Жағымсыз әсері анықталған жоқ.

 

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары анықталмаған.  

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан ПВХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға қаптайды. 

2 пішінді ұяшықты қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады. 

 

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

 

 

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды. 

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы 

 

Өндіруші

«Доппель Фармацеутици С.р.л.», Италия 

 

Тіркеу куәлігінің иесі

«Поликем С.р.л.», Италия

 

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы   

05051,  Алматы қ.,  Достық д-лы 105, телефон/факс +7 (727) 317 14 64

e-mail: registration@cscrussia.ru

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.