Дентинокс Н

Дентинокс Н

Өнім мәліметтері
ӨндірушіДентал-Косметик-Рус
Өндіруші еліРесей
Формагель
Саны1
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Лидокаин гидрохлориды, негізгі3.4 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 2890 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Дәрілік препаратты медициналық қолдану

жөніндегі нұсқаулық  (Қосымша парақ)

Саудалық атауы

Дентинокс Гель H

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

-

 

Дәрілік түрі, дозасы

Гель 10 г

 

Фармакотерапиялық тобы

Стоматологиялық препараттар. Ауыз қуысының ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа препараттар. Өзге де.

АТХ коды А01АD11

 

Қолданылуы

- кейінгі азу тістердің пайда болуын қоса, алғашқы тістерінің 

және сүт тістерінің тістемі жаруы кезіндегі ауыруды қысқа мерзімді жеңілдету үшін

 

Қызаруы күшейгенде және қызыл иектің қабынуы, сондай-ақ басқа да шағымдар болғанда дәрігерге қаралу керек.

 

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- түймедақ гүліне, лидокаинге немесе ұқсас жергілікті анестетиктерге (амидтік типті) немесе 6.1-бөлімде көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- сирек туа біткен фруктоза жақпаушылығы бар пациенттерге қолдануға болмайды 

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Көзге тигізуге жол бермеңіз.

Құрамында сорбиттің болуын ескере отырып, сирек кездесетін туа біткен фруктозаны көтере алмаушылығы бар пациенттерге гельді қолдануға болмайды (гельдің әрбір грамында  кемінде 0,01  (НБ), 25 мг фруктозаға баламалы сорбит бар. Сорбиттің энергетикалық құндылығы 2,6 кг/дккал /г).

Препараттың құрамындағы ксилитол мен сорбитол тіс жегісін туындатпайды. Дентинокс Гель Н құрамында консервант және қант жоқ.

Арнайы ескертулер

Егде жастағы пациенттер

Анықталмаған

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Анықталмаған

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер 

Анықталмаған

Жүктілік және лактация

Жүктілік

Жүктілік кезеңінде әйелдерде қолдану туралы ақпарат жоқ

Лактация

Бала емізу кезеңінде әйелдерде қолдану туралы ақпарат жоқ

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бұл препарат тек балаларға арналған болғандықтан белгісіз.

 

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дентинокс Гель Н препараты ауыз қуысында жергілікті қолдануға арналған гель (гидрогель) болып табылады. Шырышты қабықта алғашқы күрек тістердің, сүт тістерінің және кейінгі азу тістердің ауырсынусыз және асқынусыз пайда болуын қамтамасыз етеді. 

Құрамындағы үш әсер етуші заттың біріктірілімі ұзаққа созылатын фармакологиялық әсер алуға мүмкіндік береді. Лидокаин ауыруды жылдам басуды, бірақ препаратты қызыл иекке аппликациялаудан кейін бірнеше минуттан соң басталатын қысқа мерзімдік әсерді қамтамасыз етеді. Препараттың ауыруды басатын әсерінің ұзақтығы полидоканол 600–бен  қамтамасыз етіледі.

Түймедақ гүлі тұндырмасының қабынуға қарсы орташа әсері жергілікті қабыну реакцияларының алдын алады.

Дозалау режимі

Дентинокс гелінің бұршақтың көлеміндей тамшысын қызыл иектің зақымданған аумағына қолданылады. 

Енгізу әдісі мен жолы

Өзекті қолдануға арналған гельді қызыл иекке таза саусақпетаяқшасымен қолданыңыз.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Дентинокс препаратны тамақтанудан кейін және ұйықтар алдында тәулігіне 2-3 рет жағу керек.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Жекелей әсер етуші заттарының дозасы төмен болуына байланысты бір де бір артық дозалану  жағдайы байқалмаған. 

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігерге кеңес алу үшін жүгініңіз.

 

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар

- аллергиялық реакциялар 

 

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

 

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

1г препараттың құрамында

белсенді заттар - 150.0 мг түймедақ гүлінің (1:5) тұндырмасы, 3.4 мг лидокаин гидрохлориді, 3.2 мг макрогол лаурил эфирі (полидоканол (600))

қосымша заттар: карбомер, натрий эдетаты, левоментол, натрий гидроксидінің 10 % ерітіндісі, полисорбат 20, пропиленгликоль, натрий сахарині, кристалданбайтын сұйық сорбитол, тазартылған су, ксилит.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Гель

Өзіне тән түймедақ және жалбыз иісі,  түймедақ және жалбыз дәмі бар сары түсті мөлдір гель.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 г гельден ПЭНД-ден бұралып жабылатын қақпақшасымен және жарғақшасымен ішкі жабыны лакталған алюминий сықпаларда. 

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

5 жыл

Сықпаны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі 1 жыл. 

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25ºС -ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

 

Өндіруші туралы мәліметтер

Дентинокс фармацевтикалық  препараттар қоғамы

Ленк & Шуппан, Нунсдофер Ринг 19, 

12277 Берлин, Германия

Эл. пошта: dentinox @dentinox.de

                      

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Дентинокс фармацевтикалық  препараттар қоғамы

Ленк & Шуппан, Нунсдофер Ринг 19, 

12277 Берлин, Германия

Эл. пошта: dentinox @dentinox.de

                      

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және  дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

Қазақстан Республикасы Алматы қаласындағы «Х.Аббе Фарма ГмбХ»  (H.Abbe Pharma GmbH) Компаниясының өкілдігі. 

050002, Алматы қ, Жибек Жолы к-сі 64/47, 618 А кеңсе

Тел: 8 727 273 84 36, факс: 8 727 273 86 40

Эл. пошта: info@abbe-pharma.kz

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.