- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Клайра
Клайра
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Байер |
---|---|
Өндіруші елі | Германия |
Форма | таблетки |
Саны | 28 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецепт арқылы |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Эстрадиол валераты, негізгі | 3 мг |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 0 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Mедициналық және
фармацевтикалық қызметті
бақылау комитеті Төрағасының
20_ жылғы “____” ___________
№ _____ бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Дәрілік затты медициналық
қолдану жөніндегі
нұсқаулық
Клайраâ
Саудалық атауы
Клайраâ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар
Құрамы
Үлбірлі қабықпен қапталған бір күңгірт-сары таблетканың құрамында
белсенді зат - 100 % затқа шаққанда 3,000 мг эстрадиол валераты, микро 20,
қосымша заттар:
ядросы: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, желатинделген жүгері крахмалы, повидон 25, магний стеараты,
қабығы: гипромеллоза 2910 типі, макрогол 6000, тальк, титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е 172).
Үлбірлі қабықпен қапталған бір орташа-қызыл таблетканың құрамында
белсенді заттар:
100 % затқа шаққанда 2,000 мг эстрадиол валераты, микро 20,
100 % затқа шаққанда диеногест, микро − 2,000 мг,
қосымша заттар:
ядросы: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, желатинделген жүгері крахмалы, повидон 25, магний стеараты,
қабығы: гипромеллоза 2910 типі, макрогол 6000, тальк, титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е 172).
Үлбірлі қабықпен қапталған бір ашық-сары таблетканың құрамында
белсенді заттар:
100 % затқа шаққанда 2,000 мг эстрадиол валераты, микро 20,
100 % затқа шаққанда диеногест, микро − 3,000 мг,
қосымша заттар:
ядросы: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, желатинделген жүгері крахмалы, повидон 25, магний стеараты,
қабығы: гипромеллоза 2910 тип, макрогол 6000, тальк, титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е 172).
Үлбірлі қабықпен қапталған бір күңгірт-қызыл таблетканың құрамында
белсенді зат:
100 % затқа шаққанда 1,000 мг эстрадиол валераты, микро 20,
қосымша заттар:
ядросы: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, желатинделген жүгері крахмалы, повидон 25, магний стеараты,
қабығы: гипромеллоза 2910 типі, макрогол 6000, тальк, титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е 172).
Үлбірлі қабықпен қапталған бір ақ таблетканың (плацебо) құрамында
қосымша заттар:
ядросы: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, повидон 25, магний стеараты,
қабығы: гипромеллоза 2910 тип, тальк, титанның қостотығы (Е171).
Сипаттамасы
«Эстрадиол валераты 3 мг» күңгірт-сары таблеткалары
Бір жағындағы дұрыс алтыбұрышында «DD» деген өрнегі бар, екі беті дөңес, дөңгелек пішінді, күңгірт-сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
«Эстрадиол валераты 2 мг + Диеногест 2 мг» орташа-қызыл таблеткалары
Бір жағындағы дұрыс алтыбұрышында «DJ» деген өрнегі бар, екі беті дөңес, дөңгелек пішінді, орташа-қызыл түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
«Эстрадиол валераты 2 мг + Диеногест 3 мг» ашық-сары таблеткалары
Бір жағындағы дұрыс алтыбұрышында «DН» деген өрнегі бар, екі беті дөңес, дөңгелек пішінді, ашық-сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
«Эстрадиол валераты 1 мг» күңгірт-қызыл таблеткалары
Бір жағындағы дұрыс алтыбұрышында «DN» деген өрнегі бар, екі беті дөңес, дөңгелек пішінді, күңгірт-қызыл түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
«Плацебо» ақ таблеткалары
Бір жағындағы дұрыс алтыбұрышында «DТ» деген өрнегі бар, екі беті дөңес, дөңгелек пішінді, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Жыныс гормондары және жыныс жүйесінің модуляторлары. Жүйелі пайдалануға арналған гормональді контрацептивтер. Прогестагендер және эстрогендер («күнтізбелік» қабылдау үшін)
АТХ коды G03AB
Фармакологиялық қасиеттері
Диеногест
Сіңірілуі
Ішу арқылы қабылдағаннан кейін диеногест жылдам және іс жүзінде толық сіңеді. Қан сарысуындағы 90,5 нг/мл құрайтын ең жоғары концентрациясына құрамында 2 мг эстрадиол валераты + 3 мг диеногест бар Клайра таблеткаларын ішу арқылы қабылдағаннан кейін шамамен 1 сағаттан соң жетеді. Биожетімділігі 91%-ға жуық құрайды. 1-ден 8 мг дейінгі дозалық ауқымдағы диеногест фармакокинетикасы дозаға тәуелділігімен сипатталады.
Бір мезгілде ас ішу диеногесттің сіңу жылдамдығы мен дәрежесіне клиникалық елеулі ықпалын тигізбейді.
Таралуы
Айналымдағы диеногесттің салыстырмалы үлкен (10%) бөлігі байланыспаған күйде болады, осы тұста 90%-ға жуығы альбуминмен спецификалық емес сипатта байланысқан. Диеногест ЖГБГ және кортикостероид-байланыстырушы глобулинмен (КБГ) байланыспайды. Осы себепті тестостеронды оның ЖГБГ-мен байланысынан немесе кортизолды оның КБГ-мен байланысынан ығыстыру мүмкіндігі болмайды. Эндогенді стероидтар тасымалының физиологиялық үдерістеріне, сайып келгенде, қандай да бір ықпал ету ықтималдығы аз. Диеногесттің таралу көлемі тепе-тең концентрациясының тұсында 85 мкг тритиймен таңбаланған диеногест көктамыр ішіне енгізілгеннен кейін 46 л құрайды.
Метаболизмі
Диеногест стероидты гормондар метаболизмінің белгілі жолдарымен (гидроксилдену, конъюгациялану) өту арқылы, көбінесе эндокринологиялық белсенді емес метаболиттердің түзілуімен толық дерлік метаболизденеді. Метаболиттер өте жылдам шығарылады, демек қан плазмасында басым болатын фракция - өзгермеген диеногест.
Тритиймен таңбаланған диеногест көктамыр ішіне енгізілгеннен кейінгі жалпы клиренс - 5,1 л/сағ.
Шығарылуы
Диеногесттің қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі шамамен 11 сағат құрайды. Диеногест 0,1 мг/кг дозада ішке қабылданғаннан кейін бүйрекпен және ішек арқылы шамамен 3:1 арақатынасында бөлінетін метаболиттер түрінде шығарылады. Ішу арқылы қабылдағаннан кейін дозаның 42%-ы алғашқы 24 сағат шегінде, ал 63%-ы бүйрекпен бөлініп шығу арқылы 6 күн шегінде шығарылады. 6 күн өткенде бүйрекпен және ішек арқылы 86% доза жиынтықталып шығарылады.
Тепе-тең концентрациясы
Диеногест фармакокинетикасы ЖГБГ концентрациясына тәуелді емес. Тепе-тең концентрациясына 2 мг эстрадиол валератымен үйлестірілген 3 мг диеногест құрайтын сол бір ғана дозаны қабылдаған 3 күннен соң жетеді. Қан сарысуындағы диеногесттің ең төмен, ең жоғары және орташа концентрациясы тепе-тең жағдайда,тиісінше, 11,8 нг/мл, 82,9 нг/мл және 33,7 нг/м құрайды. «Концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданы (AUC0-24 сағ ) бойынша жинақталуының орташа коэффициенті - 1,24.
Эстрадиол валераты
Сіңірілуі
Ішке қабылданғаннан кейін эстрадиол валераты жылдам және толық сіңіріледі. Эстрадиол мен валериан қышқылына ыдырауы асқазан-ішек жолының (АІЖ) шырышты қабығында сіңу барысында немесе бауыр арқылы алғашқы пассаж кезінде жүреді, соның нәтижесінде эстрадиол және оның метаболиттері - эстрон мен эстриол түзіледі. Қан сарысуында эстрадиол 70,6 пг/мл тең ең жоғары концентрациясына оралымның 1-ші күні құрамында 3 мг эстрадиол валераты бар таблетканы бір рет ішке қабылдағаннан кейін 1,5 және 12 сағат аралығында жетеді.
Бір мезгілде ас ішу эстрадиол валератының жылдамдығы мен сіңу дәрежесіне клиникалық елеулі әсер көрсетпейді.
Метаболизмі
Валериан қышқылы өте жылдам метаболизденеді. Шамамен 3% дозасын ішке қабылдағаннан кейін эстрадиол түрінде тікелей биожетімді бола түседі. Эстрадиол бауыр арқылы «алғашқы өтудің» қарқынды әсеріне ұшырайды, ал енгізілген дозаның басым бөлігі АІЖ шырышының өзінде-ақ метаболизденеді. Бауырдағы жүйе алдындағы метаболизммен жиынтықта ішке қабылданған дозаның 95%-ға жуығы жүйелік айналымға түскенше метаболизденеді. Негізгіметаболиттері - эстрон, эстрон сульфаты және эстрон глюкурониді.
Таралуы
Қан сарысуында 38% эстрадиол ЖГБГ-мен, 60% альбуминмен байланысқан, ал 2-3% байланыспаған күйде айналымда болады. Эстрадиол қан сарысуындағы ЖГБГ концентрациясын мардымсыз арттырады; бұл әсері дозасына байланысты. Қабылдау циклының 21-ші күні ЖГБГ концентрациясы шамамен бастапқысының 148%-ын құрады, ал 28-ші күнге қарай (белсенді емес таблеткалар қабылдау фазасының аяқталуы) шамамен бастапқысынан 141%-ға дейін төмендеді. Көктамыр ішіне енгізгеннен кейінгі таралу көлемі - 1,2 л/кг.
Шығарылуы
Эстрадиолдың қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі шамамен 90 сағат құрайды. Алайда жағдай ішке қабылдаған кезде ерекшеленеді. Эстроген сульфаттары мен глюкуронидтерінің айналымдағы үлкен пулының, сондай-ақ ішек-бауырдағы кері айналымының салдарынан ішу арқылы қабылдағаннан кейінтерминалдық фазадағы эстрадиолдың жартылай шығарылу кезеңі осы үдерістердің бәріне тәуелді және 13-20 сағатқа жуық ауқымда болатын кешендіпараметр түрінде болады.
Эстрадиол және оның метаболиттері, ең алдымен, бүйрекпен шығарылады, осы орайда 10%-ға жуығы ішек арқылы шығарылады.
Тепе-тең концентрациясы
Эстрадиол фармакокинетикасына ЖГБГ концентрациясы ықпал етеді. Әйелдерде өлшенген қан плазмасындағы эстрадиол концентрациясы эндогенді эстрадиол мен Клайраâ препаратын қабылдаған кезде түскен эстрадиолдың жиынтығы болып табылады. Құрамында 2 мг эстрадиол валераты + 3 мг диеногест бар таблеткаларды қабылдау фазасы кезінде қан сарысуындағы эстрадиолдың ең жоғары және орташа концентрациясы тепе-тең жағдайда, тиісінше, 66,0 пг/мл және 51,6 пг/мл құрайды. Бүкіл 28-күндік оралым бойына 28,7 пг/мл-ден 64,7 пг/мл дейінгі ауқымда эстрадиолдың ең төменгі тұрақты концентрациялары сақталды.
Фармакодинамикасы
Клайраâ препаратының контрацепциялық тиімділігі әртүрлі факторлардың өзара әрекеттесуіне негізделеді, олардың ең маңыздысы овуляция тежелісі, мойын шырышы тұтқырлығының өзгеруі және эндометрийдегі өзгерістер болып табылады. Контрацепциялық әсерімен бірге, біріктірілген оральді контрацептивтердің (БОК) тууды бақылау әдісін таңдау кезінде ескеру керек оң әсері бар. Оралым жүйелірек бола түседі, ауырсындыратын етеккірлер сирек байқалады, қан кету қарқындылығы азаяды, соның нәтижесінде темір тапшылығы анемиясының қаупі азаяды.
Эндометрий және аналық бездер обыры даму қаупінің төмендеуі жөнінде де деректер бар. Жоғары дозаланған оральді контрацептивтер (0,05 мг этинилэстрадиол) аналық бездер кистасының, кіші жамбас астауы қабыну ауруларының, сүт безінің қатерсіз ауруларының және жатырдан тыс жүктіліктің даму жиілігін азайтады. Бұл деректердің төмен дозаланған контрацептивтерге қаншалықты қатысты екені әрі қарай зерттеуді талап етеді.
Клайраâ препаратының артықшылығы оның құрамында эндометрийге шектеулі пролиферативтік әсері бар эстрадиолдың және эндометрийге айқын әсері бар прогестагеннің болуында, сондай-ақ эстроген дозасын азайту және прогестаген дозасын көбейту түріндегі дозалау режимінің сақталуында, оны оральді контрацепция пайдалануды қажет ететін, органикалық патологиясы жоқ әйелдердегі ауыр және/немесе ұзаққа созылатын етеккірлік қан кетулерді емдеу мақсатында пайдалануға болады.
Клайраâ препаратындағы эстроген − эстрадиол валераты, адамдағы табиғи 17b-эстрадиол ізашары (1 мг эстрадиол валераты 0,76 мг 17b-эстрадиолға сәйкес келеді) болып табылады. Осы БОК-те пайдаланылатын эстроген компоненті, осылайша, әдетте БОК-те пайдаланылатын эстрогендерден ерекшеленеді, олар синтетикалық эстрогендер − этинилэстрадиол немесе оның ізашары местранол болып табылады, екеуі де 17a қалпындағы этинил тобын құрайды. Бұл топ жоғарырақ метаболизмдік тұрақтылыққа жол ашады, алайда, бауырға әсер етуі де аса айқын.
Клайраâ препаратын қабылдау құрамында этинилэстрадиол мен левоноргестрел бар үш фазалық БОК-пен салыстырғанда бауырға азырақ айқын әсер етуіне апарады. Жыныс гормондарын байланыстыратын глобулин (ЖГБГ) концентрациясына және гемостаз параметрлеріне аз айқын әсер етуі көріністелген. Диеногестпен біріктірілген эстрадиол валераты тығыздығы жоғары липопротеидтердің (ТЖЛП) жоғарылауын көріністейді, осы тұста тығыздығы төмен липопротеидтер (ТЖЛП) холестеринінің концентрациясы біршама төмендейді.
Диеногест оральді қолданған кезде әрекет ететін прогестаген түрінде болады, ол андрогенге қарсы қосымша ішінара әсерлерімен сипатталады. Ерекше химиялық құрылымының арқасында 19-нор-прогестагендер мен прогестерон туындыларының ең маңызды деген артықшылықтарымен үйлескен фармакологиялық әсер өрісімен қамтамасыз етеді.
Қолданылуы
- оральді контрацепцияда
- оральді контрацепция пайдалануды қажет ететін, органикалық патологиясы жоқ әйелдерде ауқымды етеккірлік қан кетулерді емдеуде.
Клайра® препаратын тағайындау шешімін әйелдердегі қауіп факторларын, атап айтқанда көктамыр тромбоэмболиясының пайда болу қаупін және Клайра®препаратын қабылдау аясындағы көктамыр тромбоэмболиясының пайда болу қаупін басқа ішуге арналған контрацептивтермен салыстыра бағалауды ескере отырып жеке түрде қабылдау керек.
Қолдану тәсілі және дозалары
Біріктірілген оральді контрацептивтерді дұрыс қабылдағанда «әдіс сәтсіздігінің» көрсеткіші жылына 1%-дан азды құрайды. Контрацепциялық сенімділігі таблеткаларды өткізіп алғанда немесе оларды дұрыс қабылдамағанда төмендеуі мүмкін.
Қолдану тәсілі
Ішке қабылдауға арналған
Таблеткалар қаптамасында көрсетілген тәртіп бойынша күн сайын шамамен белгілі бір уақытта аздаған су мөлшерімен ішке қабылданады.
28 күн бойы тәулігіне бір таблеткадан бірінен соң бірін қабылдау керек. Әр жаңа қаптаманы алдыңғы күнтізбелік қаптамадан соңғы таблетканы қабылдағаннан кейін бастайды. Етеккірге ұқсас қан кету, әдетте, күнтізбелік қаптаманың соңғы таблеткаларын қабылдау кезінде басталады және келесі күнтізбелік қаптама басталғанша бітпеуі мүмкін. Кейбір әйелдерде етеккірге ұқсас қан кету жаңа күнтізбелік қаптамадан алғашқы таблеткаларды қабылдағаннан кейін басталады.
Клайраâ қабылдауды қалай бастау керек
- Алдыңғы айда қандай да бір гормональді контрацептивтер қабылдау болмағанда
Клайраâ қабылдау етеккір оралымының алғашқы күні басталады (яғни, етеккірлік қан кетудің алғашқы күні).
-біріктірілген гормональді контрацептивтерден ауысқанда (біріктіріп ішуге арналған контрацептив, қынаптық сақина, трансдермальді бұласыр)
Әйел Клайраâ препаратын қабылдауды біріктірілген оральді контрацептивтің алдыңғы қаптамасынан құрамында гормон бар соңғы таблетканы қабылдағаннан кейінгі келесі күні бастау керек.
Қынаптық сақинадан немесе трансдермальді бұласырдан ауысқанда Клайраâ қабылдауды сақинаны немесе бұласырды алып тастаған күні бастаған дұрыс.
Егер бұрын контрацепцияның тек прогестагенді әдісі (мини-пили, инъекция, имплант) немесе прогестаген босатып шығаратын жатырішілік жүйе (ЖІЖ) пайдаланылса
Әйел Клайраâ препаратын қабылдауға мини-пилиден кез келген күні көше алады (ЖІЖ немесе импланттан – оларды алып тастаған күні; инъекциялық әдістен – кезекті инъекция тағайындалған күні), бірақ таблеткалар қабылданатын алғашқы 9 күн бойы барлық жағдайларда контрацепциялық бөгеу әдісін қосымша пайдалану ұсынылады.
Жүктіліктің алғашқы триместріндегі аборттан кейін
Әйел таблеткалар қабылдауды дереу бастай алады. Бұл жағдайда қосымша контрацепция шараларының қажеттілігі жоқ.
Жүктіліктің екінші триместріндегі босанудан немесе аборттан кейін
Әйелге босанудан немесе жүктіліктің екінші триместріндегі аборттан кейінгі 21-28 күні таблеткалар қабылдауға кірісуге кеңес беріледі. Егер әйел таблеткалар қабылдауды кешірек бастаса, оған таблеткалар қабылданатын алғашқы 9 күн бойы контрацепциялық бөгеу әдісін қосымша пайдалануға кеңес беріледі. Алайда егер жыныстық қатынас орын алып қойса, Клайраâ препаратын қабылдауды дәл бастар алдында жүктіліктің бар-жоғын анықтау керек немесе әйел алғашқы етеккір келуін күте тұрады.
Бала емізетін әйелдер туралы «Жүктілік және лактация» бөлімінен қараңыз.
Өткізіп алған таблеткаларды қабылдау
Өткізіп алған (ақ) белсенді емес таблеткаларды елемей-ақ қоюға болады. Дегенмен оларды белсенді таблеткалар қабылдау арасындағы аралықтың межесіз ұзаруын болдырмау үшін тастау керек.
Келесі кеңестер тек қана белсенді таблеткаларды өткізіп алуға қатысты беріледі.
Егер белсенді таблеткалардың кез келгенін қабылдаудағы кідіріс 12 сағаттан аз болса, контрацепциялық қорғаныс төмендемейді. Әйел өткізіп алған таблетканы есіне түсірген бойда бірден қабылдауы тиіс, ал қалған таблеткалар әдеттегі уақытта қабылданады.
Егер белсенді таблеткалардың кез келгенін қабылдаудағы кідіріс 12 сағаттан көп болса, контрацепциялық қорғаныс төмендеп кетеді. Әйел өткізіп алған соңғы таблетканы есіне түсірген бойда, тіпті бұл оның 2 таблетканы бір мезгілде ішуіне тура келетін болса да, бірден қабылдауы тиіс. Сосын ол таблеткаларды әдеттегі уақытта қабылдауды жалғастырады.
Таблетка етеккірге ұқсас оралымның өткізіп алынған күніне қарай (толығырақ 1 кестені қараңыз), контрацепцияның қосымша шараларын (мысалы, сақтанудың кедергілік әдісі, атап айтқанда, мүшеқаптар) келесі қағидалармен сәйкес қолдану қажет болады:
1 кесте. Өткізіп алған таблеткаларды қабылдау қағидалары
КҮН
Түсі
Эстрадиол валераты (ЭВ) мендиегногест (ДНГ)мөлшері
Егер бір таблетка өткізіп алған, әрі 12 сағаттан көп өткен болса қадағалау қажет болатын қағидалар:
1 - 2
Күңгірт-сары таблеткалар
(3,0 мг ЭВ)
Өткізіп алған таблетканы дереу қабылдайды, ал келесі таблетканы – әдеттегі уақытта (тіпті егер бұл бір күнде 2 таблетка қабылдауға тура келетінін білдірсе де)
- Таблеткалар қабылдауды әдеттегі тәртіппен жалғастырады
- Кейінгі 9 күн бойына қосымша контрацепция шаралары
3-7
Орташа-қызылтаблеткалар
(2,0 мг ЭВ + 2,0 мг ДНГ)
8-17
Ашық-сары таблеткалар
(2,0 мг ЭВ + 3,0 мг ДНГ)
18-24
Ашық-сары таблеткалар
(2,0 мг ЭВ + 3,0 мг ДНГ)
Ағымдағы күнтізбелік қаптаманы тастап, жаңа күнтізбелік қаптамадан алғашқы таблетка қабылдауды дереу бастайды
Таблеткалар қабылдауды әдеттегі тәртіппен жалғастырады
Кейінгі 9 күн бойына қосымша контрацепция шаралары
25-26
Күңгірт-қызылтаблеткалар
(1,0 мг ЭВ)
Өткізіп алған таблетканы дереу қабылдайды, ал келесі таблетканы – әдеттегі уақытта (тіпті егер бұл бір күнде 2 таблетка қабылдауға тура келетінін білдірсе де)
Қосымша контрацепция шаралары қажет емес
27-28
Ақтаблеткалар(Плацебо)
Өткізіп алған таблетканы тастап, әдеттегі тәртіпте таблеткалар қабылдауды жалғастырады
Қосымша контрацепция шаралары қажет емес
Бір күнде 2 таблеткадан асырмай қабылдауға рұқсат етіледі.
Егер әйел жаңа күнтізбелік қаптаманы бастауды ұмытып кетсе немесе күнтізбелік қаптаманың 3-9 күні аралығында бір немесе одан көп таблетканы өткізіп алса, оның жүкті боп қалуы мүмкін (егер онда жыныстық қатынас таблетканы өткізу алдындағы 7 күн ішінде болған жағдайда). Таблеткалар көбірек (әсіресе, 3-тен 24-іне дейінгі күндерде екі белсенді компоненттерінің біріктірілімімен) өткізіп алынса, әрі олар белсенді емес таблеткалар қабылдау фазасына қанша жақын болса, жүктілік ықтималдығы сонша жоғары.
Егер әйел таблеткалар қабылдауды өткізіп алса, артынша күнтізбелік қаптаманың соңында/жаңа күнтізбелік қаптаманың басында онда етеккір тәрізді қан кету болмаса, жүкті болу ықтималдығын қарастыру керек.
Асқазан-ішек бұзылыстары кезіндегі ұсынымдар
Ауыр асқазан-ішек бұзылыстары кезінде сіңуі толық болмауы мүмкін, сондықтан қосымша контрацепция шараларын қабылдау керек.
Егер құрамында гормон бар таблетканы қабылдағаннан кейін 3-4 сағат ішінде құсқан болса, бұл жағдайда дереу келесі таблетканы қабылдау керек, соңғы қабылдаудан кейін 12 сағат аспау тиіс. Егер құсудан кейінгі уақыт 12 сағаттан асқан жағдайда өткізіп алған таблеткаларға қатысты ұсынымдар іске қосылады, олар «Өткізіп алған таблеткаларды қабылдау» бөлімінде келтірілген. Егер әйел өзінің әдеттегі таблеткалар қабылдау сызбасын ауыстырғысы келмесе, ол жаңа қаптамадан қосымша таблетка (немесе) ішуі қажет.
Пациент әйелдердің жекелеген санаттарына арналған қосымша ақпарат
Егде жастағы пациенттер
Қолданылмайды. Клайраâ препараты менопауза басталғаннан кейін көрсетілмеген.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Клайраâ препараты бауыр функциясының көрсеткіштері қашан қалпына келгенше ауыр сипатты бауыр аурулары бар әйелдерге қарсы көрсетілімді. «Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін де қараңыз.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Клайраâ препараты бүйрек функциясы бұзылған пациент әйелдерде арнайы зерттелмеген. Қолда бар деректерде осындай пациент әйелдерде дозалау режимін реттеу жорамалданбайды.
Педиатрияда қолданылуы
18 жастан кіші пациенттерде Клайра® препаратын қолдану жайында қолжетімді мәліметтер жоқ.
Жағымсыз әсерлері
Төменде келтірілген жағымсыз реакциялар MedDRA, SOSc реттеу қызметіне арналған медициналық сөздікке сәйкес жіктелген. Жиілік клиникалық зерттеулер деректеріне негізделген. Ең лайықты MedDRA термині белгілі бір реакцияны, оның синонимдерін және онымен байланысты ауруларын сипаттауға пайдаланылды.
Жиі (³1/100, <1/10)
- бас ауруы (синустық бас ауруы мен кернеулі бас ауруын қоса)
- іштің ауруы, жүрек айнуы
- акне (пустулезді қоса)
- аменорея, сүт бездеріндегі жайсыздық (сүт бездеріндегі ауыруын, кернеуін қоса, емшек ұшы ауыруы және бұзылуы), дисменорея, айналым арасындағы қан кетулер, метроррагия (тұрақсыз етеккірлерді қоса)
- дене салмағының артуы
Жиі емес(³1/1000, <1/10)
- зеңдік инфекциялар, вульво-қынаптық зеңдік инфекциялар (вульво-қынаптық кандидозды және спецификалық цервикальдік зеңдік инфекциясын анықтауды қоса), қынаптық инфекциялар
- тәбеттің жоғарлауы
- депрессия, көңіл-күйдің төмендеуі, эмоциалық тұрақсыздық (жылауықтық пен аффективтік тұрақсыздықты қоса), ұйқысыздық, либидоның төмендеуі (либидоны жоғалтуды қоса), психиканың бұзылуы, көңіл-күйдің өзгеруі
- бас айналу, бас сақинасы (аурасы бар немесе жоқ бас сақинасын қоса)
- ысыну сезімі, артериялық гипертензия
- диарея, құсу
- бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарлауы (АЛТ, АСТ және гамма-глютамилтрансферазаны қоса)
- алопеция, қатты тершеңдік, қышыну (жайылғанды қоса), бөртпе (макулярлықты қоса)
- бұлшықет түйілуі
- сүт бездерінің ұлғаюы (ісінуін қоса), сүт бездеріндегі түйін, жатыр мойны дисплазиясы, жатырдан дисфункциялық қан кетулер, диспареуния, сүт бездерінің фиброзды-кистозды ауыруы, меноррагия, етеккір айналымының бұзылуы, аналық безінің кисталары, етеккіралды синдромы, жатыр лейомиомасы, жамбас тұсындағы ауыру
- жатырдың спазмдық жиырылуы, жатыр/қынаптық қан кетулер, соның ішінде жұғынды бөліністер, қынаптық бөліністер, қынаптың құрғауы
- шаршағыштық, ашушаңдық, ісінулер (жайылған ісінулерді қоса)
- дене салмағының төмендеуі, артериялық қысымның өзгеруі (жоғарлауын және төмендеуін қоса)
Сирек (³1/10 000, <1/1000)
- кандидоз, ауыз қуысының герпесі, жамбас ағзаларының қабыну аурулары, көздің гистоплазмозының болжамды синдромы, белдемелі теміреткі, несеп шығару жүйесінің инфекциясы, бактериялық вагинит
- суйықтықтың іркілісі, гипертриглицеридемия
- озбырлық, мазасыздық, дисфория, либидоның жоғарлауы, күйгелектік, шым-шытырық түстер, мазасыздану, ұйқының бұзылуы, стресс
- зейін бұзылуы, парестезия, вертиго
- жанаспалы линзалардың жақпаушылығы, көздің құрғауы, көздің ісінуі
- миокард инфарктісі, жүрек қағуы
- көктамырдың варикозды кеңеюі, көктамырлық тромбоэмболия, артериялық тромбоэмболия, артериялық гипотензия, беткейлік флебит
- көктамыр ауыруы
- ауыздың құрғауы, іштің қатуы, диспепсия, гастроэзофагеальді рефлюкс
- бауырдың фокальдік нодулярлық гиперплазиясы, созылмалы холецистит
- терінің аллергиялық реакциялары (аллергиялық дерматит және есекжемді қоса), хлоазма, дерматит, гирсутизм, гипертрихоз, нейродермит, пигментация бұзылуы, себорея, тері бұзылыстары, терінің қалыңдауын қоса
- арқаның ауыруы, жақтың ауыруы, ауырсыну сезімі
- несеп бөлу жүйесінің аймағындағы ауыру
- тоқтатудағы патологиялық қан кетулер, сүт безінің катерсіз неоплазиясы, in situ сүт безінің жаңа түзілімі, сүт безінің кистасы, сүт безінен бөлінділер, жатыр мойны полипі, жатыр мойны эритемасы, посткоитальді қан кетулер, галакторея, қынаптық бөлінділер, гипоменорея, етеккірдің кідіруі, аналық безі кистасының жарылуы, қынап аумағындағы иіс
- вульво-қынап аймағындағы күйдіру мен жайсыздық сезімі
- лимфоаденопатия
-демікпе, ентігу, мұрыннан қан кету
- кеудедегі ауыру, дімкәстік, гипертермия
- цервикальді өзектен алынған жағындыдағы бұзылыстар
Жеке жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Біріктірілген гормональді контрацептивтерді пайдаланатын әйелдерде миокард инфаркті, инсульт, транзиторлық ишемиялық шабуылдар, көктамырлық тромбоз және өкпе артериясының тромбоэмболиясын қоса артериялық және көктамырлық тромбоздық және тромбоэмболиялық бұзылулар дамуының қаупі жоғарылағаны туралы хабарланған, олар жайлы «Айрықша нұсқаулар» бөлімінде толық жете сипатталған.
Келесі жағымсыз әсерлер біріктірілген оральді контрацептивтерді пайдаланатын әйелдерде анықталған, олар да «Айрықша нұсқаулар» бөлімінде сипатталған:
- көктамырлық тромбоэмболиялық бұзылулар
– артериялық тромбоэмболиялық бұзылулар
– артериялық гипертензия
– бауыр ісіктері
- біріктірілген оральді контрацептивтерді қабылдаумен өзара байланысы дәлелденбеген жай-күйлердің пайда болуы немесе нашарлауы: Крон ауруы, ойық жаралы колит, эпилепсия, жатыр фиброидтары, порфирия, жүйелік қызыл жегі, гестациялық герпес, Сиденгам хореясы, гемолитикалық-уремиялық синдром, холестаздық сарғаю
– хлоазма
- бауыр функциясының жедел немесе созылмалы бұзылуы бауырдың функционалдық сынамалары қалыпқа келгенше біріктірілген оральді контрацептивті қабылдауын тоқтатуды талап етуі мүмкін
– тұқым қуалайтын ангионевроздық ісінуі бар әйелдерде экзогенді эстрогендер осы ауру симптомдарына түрткі болуы немесе өршуіне әкелуі мүмкін
- оральді контрацептивтерді қабылдаған әйелдер арасында сүт безі обыры диагнозының жиілігі аздап жоғары. Сүт безінің обыры 40 жасқа толмаған әйелдерде сирек кездесуіне байланысты, диагноз санының артуы осы аурудың дамуының жалпы қаупіне қатысты елеусіз болып табылады.
Оның біріктірілген оральді контрацевтивтерді қабылдаумен байланысы дәлелденген жоқ. Қосымша ақпаратты «Қолдануға болмайтын жағдайлар» және «Айрықша нұсқаулар» бөлімдерінен қараңыз.
Жиілігі белгісіз (бұл жағымсыз әсерлер Клайра® клиникалық зерттеу үдерісінде анықталмағанына қарамастан, олардың пайда болу мүмкіншілігін жоққа шығаруға болмайды):
- мультиформалы эритема, түйінді эритема, сүт бездерінен бөліністер және аса жоғары сезімталдық реакциялары
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Төменде көрсетілген жағдайлардың кез келгені орын алған жағдайда біріктірілген пероральді контрацептивтер қолданылмауы тиіс. Егер қабылдау аясында осы жағдайлардың қандай да болсын біреуі алғаш рет дамитын болса, онда препаратты қолдануды дереу тоқтату керек.
- көктамырлық тромбоэмболияның бар болуы немесе қаупі
· қазіргі уақыттағы көктамырлық тромбоэмболия (антикоагулянттық емде) немесе сыртартқысындағы (мысалы, тереңдегі көктамырлардың тромбозы, немесе өкпе артериясының тромбоэмболиясы)
· көктамырлық тромбоэмболияға тұқым қуалаумен байланысты немесе жүре пайда болған бейімделу (мысалы, белсенді С протеинге (Лейден V факторын қоса) антитромбин ІІІ, протеин С немесе протеин S тапшылығы
· ұзақ иммобилизациясымен үлкен хирургиялық араласулар
· көптеген қауіп факторларының салдарынан көктамырлық тромбоэмболия дамуының жоғары қаупі
- артериялық тромбоэмболияның бар болуы немесе қаупі
· қазіргі уақыттағы немесе сыртартқысындағы (мысалы, миокард инфаркті) артериялық тромбоэмболия немесе артериялық тромбоэмболия алдындағы жағдайлар (мысалы, стенокардия)
· цереброваскулярлық бұзылулар - қазіргі уақыттағы немесе сыртартқысындағы инсульт немесе цереброваскулярлық бұзылулар алдындағы жағдайлар (мысалы, транзиторлы ишемиялық шабуылдар)
· артериялық тромбоэмболияға тұқым қуалаумен байланысты немесе жүре пайда болған бейімделу (мысалы, гипергомоцистеинемия және антифосфолипидтік антиденелер (кардиолипинге антиденелер және жегілік антикоагулянт))
· сыртартқысында ошақтық неврологиялық симптомдары бар бас сақинасы
· келесі көптеген қауіп факторларының салдарынан артериялық тромбоэмболия дамуының жоғары қаупі:
- қантамыр асқынулары бар қант диабеті
- айқын артериялық гипертензия
- айқын дислипопротеинемия
- қазіргі уақытта немесе сыртартқысындағы айқын гипертриглицеридемиясы бар панкреатит
- қазіргі уақытта немесе сыртартқысындағы бауырдың ауыр аурулары (бауыр тестері қалыпқа келгенше)
- қазіргі уақытта немесе сыртартқысындағы бауыр ісігі (қатерсіз немесе қатерлі)
- гормонға тәуелді (мысалы, жыныс мүшелерінің немесе сүт бездерінің) анықталған қатерлі ауруларында немесе оларға күдіктену
-генезі белгісіз қынаптық қан кету
-препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа препараттардың Клайраâ препаратына әсері.
Бауырдың микросомальді ферменттерін индукциялайтын дәрілік заттармен жыныстық гормондар клиренсінің ұлғаюына және лақылдап қан кетулерге және/немесе препараттың контрацептивтік әсерінің төмендеуіне әкелетін өзара әрекеттесу болуы мүмкін.
Мұндай препараттарды қолдану кезінде әйел Клайраâ препаратына қосымша барьерлік контрацепция әдісін қолдануы тиіс немесе қонтрацепцияның басқа әдісін тандауы тиіс. Бұл кезде контрацепцияның барьерлік әдісін препараттарды қолдану кезінде қатар және оларды қабылдауды тоқтатқаннан кейін 28 күн ішінде қолдану керек.
Жыныс гормондарының клиренсін жоғарылататын заттар (бауыр ферменттерін индукциялау салдарынан біріктірілген гормональді контрацептивтердің тиімділігін төмендететіндер), мысалы:
фенитоин, барбитураттар, примидон, карбамазепин және рифампицин; сонымен қатар окскарбазепинге, топирамат, фелбамат, гризеофульвин және құрамында шайқурай бар препараттарға қатысты болжамдар бар.
Біріктірілген оральді контрацептивтердің клиренсіне әр түрлі әсер ететін заттар
Біріктірілген оральді контрацептивтермен үйлестіре қолдану кезінде АИТВ/HCV-протеаза тежегіштерінің көбісі және кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіштері қан плазмасында эстрогендердің немесе прогестиндердің концентрациясын жоғарылатуы немесе төмендетуі мүмкін. Көрсетілген өзгерістердің кейбір жағдайларда релевантты мағынасы болуы мүмкін.
Біріктірілген оральді контрацептивтер клиренсін төмендететін заттар (ферменттер тежегіштері)
Диеногест Р450 (СYР) 3A4 цитохром жүйесінің субстраты болып табылады.
Белгілі CYP3A4 тежегіштері, зеңге қарсы препараттар (мысалы, итраконазол, вориконазол, флуконазол), верапамил, макролидтер (мысалы, кларитромицин, эритромицин), дилтиазем және грейпфрут шырыны қан плазмасындағы диеногест деңгейін жоғарылатуы мүмкін.
Клайраâ препаратының өзге дәрілік заттарға қатысты әсерлері
БОК бірқатар басқа дәрілік заттар (мысалы, ламотриджин) метаболизміне ықпал етіп, қан плазмасындағы және тіндердегі осы заттар концентрациясының не жоғарылауына (мысалы, циклоспорин), не төмендеуіне (мысалы, ламотриджин) алып келуі мүмкін.
In vitro зерттеулерінің деректеріне сүйенсек, Клайраâ препаратын емдік дозаларда қолданғанда CYP ферменттерінің тежелу ықтималдығы аз.
Жоғарыда көрсетілгендерден басқа, қатарлас ем тағайындалғанда, әрбір тағайындалатын препараттың дәрілік өзара әрекеттесуі бөлімімен танысып шығу қажет.
Айрықша нұсқаулар
Сақтану шаралары және сақтандырулар
Сақтандырулар
Егер төменде көрсетілген қауіп жағдайларының/факторларының қандай да болмасын біреуі қазіргі жағдайда орын алған болса, әйелмен Клайра® препаратын қабылдау керектігін талқылаған жөн.
Осы жағдайлардың немесе қауіп факторлардың кез келгені күшейген немесе алғаш рет көрініс берген жағдайда әйел өз дәрігерінен кеңес алуы керек, ол препаратты қолдануды тоқтату қажет деп шешім қабылдауы мүмкін.
Көктамырлық тромбоэмболия (КТЭ) немесе артериялық тромбоэмболияға (АТЭ) күдіктенсе немесе расталса біріктірілген оральді контрацептивтерді (БОК) қолданбау керек. Егер әйелге антикоагулянтты ем тағайындалса, антикоагулянтты емнің (кумариндармен) тератогендік әсерін ескере отырып, контрацепцияның талапқа сай баламалы әдісін қамтамасыз ету керек.
Эстрадиол немесе құрамында эстрадиол-валерат бар БОК ықпалына қатысты эпидемиологиялық зерттеулер жүргізілмеген. Барлық келесі сақтандырулар құрамында этинилэстрадиол бар препараттарды зерттеу бойынша клиникалық және эпидемиологиялық деректерге негізделген.
· Циркуляторлы бұзылулар
Көктамырлық тромбоэмболия қаупі
Кез келген біріктірілген оральді контрацептивтерді пациенттерде пайдалану, оларды пайдаланбайтын әйелдермен салыстырғанда КТЭ пайда болу қаупін жоғарылатады.
Левоноргестрел, норгестимат және норэтистероны бар препараттарда КТЭ пайда болу қаупі ең төмен. Көрсетілген препараттармен Клайра® препаратын қолдануын салыстырғанда қауіп дәрежесі белгісіз. Осындай препараттарды басқа кез келген КТЭ пайда болу қаупі төмен препараттарды пайдалану шешімі әйелмен бірге талқыланғаннан кейін қабылдану керек. Бұл әйелдің Клайра® препаратының аясында КТЭ пайда болу қауіптерінің және әйелдегі бар факторлардың айтылған қауіпке қалай әсерін тигізетінін, және де КТЭ қаупі БОК қолдану бірінші жылы жоғары екенін білетініне кепілдеме беру үшін қажет. Бұдан басқа, БОК 4 апта бойы немесе одан көп үзіліс жасап қайта қабылдаған кезде қауіптің жоғарылау мүмкіндігінің кейбір дәлелдері бар.
КТЭ 1 жыл ішінде 10 000 жағдайға 2 жиілікпен біріктірілген гормональді контрацептивтерді қабылдамайтын немесе жүкті емес әйелдерде пайда болады. Алайда, бұл қауіп әр әйелдің жеке қауіп факторларына байланысты едәуір жоғарлауы мүмкін (төменнен қараңыз).
Эпидемиологиялық зерттеулер мәліметтері төмендозалы біріктірілген гормональді контрацептивтерді (50 мкг-ден төмен этинилэстрадиол) қабылдайтын 10 000 әйелдерден 6-12 жағдайларда КТЭ 1 жыл ішінде пайда болғанын көрсетеді.
Құрамында левоноргестрел бар біріктірілген гормональді контрацептивті қабылдайтын 10 000 әйелдерден 6 жағдайда КТЭ 1 жыл ішінде пайда болуы болжанады.
Құрамында эстрадиолмен біріктірілімде диеногест бар БОК қабылдағанмен салыстырғанда құрамында левоноргестрел бар БОК қабылдағанда қауіп деңгейі белгісіз.
КТЭ пайда болу жиілігі төмендозалы БОК қабылдау аясында жүктілік кезеңі мен босанғаннан кейінгі кезеңдегі болжамды жиілігінен төмен.
Көктамырлық тромбоэмболия 1-2% жағдайларда өлімге әкеп соқтыр