- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Небулайзер
Небулайзер
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Росток-7 |
---|---|
Өндіруші елі | Қазақстан |
Форма | нәрсе |
Саны | 1 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | қатысты өнім |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 0 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Өнім алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
НимидТМ
Саудалық атауы
НимидТМ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Нимесулид
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған 30 г және 100 г гель
Құрамы
1 г гель құрамында
белсенді зат - 10 мг нимесулид (микронизделген),
қосымша заттар: пропиленгликоль, карбопол 980 (карбомер 940), динатрий эдетаты, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, натрий гидроксиді, хош иістендіргіш Cologne Comp 530**, тазартылған су.
**-Құрамы: лимонен, линалоол, линалил ацетаты, гераниол, лавендинал, цикламенальдегид, метилионон, лилиал, бета-нафтилметилкетон, альфа - амил-даршын альдегиді, вертофикс.
Сипаттамасы
Мөлдір емес, ақшыл-сары түсті біртекті гель.
Фармакотерапиялық тобы
Жергілікті қолдануға арналған қабынуға қарсы стероидты емес препараттар.
АТЖ коды M02AА
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Нимесулид гельді теріге жаққандағы қан плазмасындағы концентрация деңгейі препаратты оральді қабылдағанда жететін концентрацияға қарағанда өте төмен. Гель түріндегі 200 мг нимесулидті бір рет қолданғаннан 24 сағаттан кейін қан плазмасындағы тіркелген ең жоғарғы концентрация деңгейі 9.77 нг/мл құрады. Орныққан осы күйде (8 күн) плазмадағы концентрация шыңы жоғарылайды (37.25 ± 13.25 нг/мл), бірақ қандай жағдайда болғанда да оральді дозаны қайта қабылдау нәтижесінде қол жеткізілетін концентрациядан 100 есе төмен.
Фармакодинамикасы
НимидТМ гель қабынуға қарсы стероидты емес (ҚҚСП) жергілікті қолдануға арналған препарат болып табылады.
Қабынуға қарсы айқын, ауырғанды басатын және орташа ыстық түсіретін әсер етеді. Әсер ету механизмі: циклооксигеназаны бәсеңсітумен, қабынудағы ауыру мен ісінудің қалыптасуына қатысатын қабыну ошағындағы простагландиндер мөлшерін азайта отырып, арахидон қышқылының метаболизміне әсер етеді.
Қолданылуы
- байламдар созылуы мен жедел жарақаттық тендинитке байланысты (симптоматикалық терапия) ауыру синдромы
Қолдану тәсілі және дозалары
НимидТМ гельді сыртқа қолданады. 3 г препаратты (сықпадан сығып шығарылған 6-7 см гельді) күніне 2-3 рет зақымдалған орын терісіне жұқа қабатпен жағып, жеңіл массаж қимылымен толық сіңгенше ысқылайды.
Емдеу курсының ұзақтығы 7-15 күнді құрайды.
Жағымсыз әсерлері
- Тері тітіркенуі, эритема, терінің бөртпесі, қабыршақтану, гель жаққан орынның қышуы, тері түсінің транзиторлы өзгеруі.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- нимесулидке немесе препараттың қандай да бір қосымша құрамдас бөлігіне белгілі жоғары сезімталдықта
- ацетилсалицил қышқылына немесе басқа да стероидты емес қабынуға қарсы препараттарға (сыртартқысында) аллергиялық реакциялар (бронхтүйілуі, ринит, есекжем)
- гельді ашық жараға немесе шектелген жұқпа болғанда қолдануға
- басқа кремдермен бір уақытта қолдануға
- балалық және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдік жаста (препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген)
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Нимид гельді жергілікті қолданғанда басқа дәрілік препараттармен өз ара елеулі әрекеттесулер анықталмаған.
Айрықша нұсқаулар
НимидТМ гельді ашық жаралар мен терінің тілінген жеріне жағуға болмайды.
Препаратты көзге, шырышты қабықтарға тигізбеу керек. Кездейсоқ тиіп кеткен жағдайда, дереу сумен жуу керек.
Препаратты ішке қабылдауға болмайды.
Жаққаннан кейін қолды жуу керек.
Жаққан соң окклюзивті таңғышты қоюдың керегі жоқ.
Жағымсыз реакциялар қатері ең аз дозаны қысқа уақыт аралығында жағумен төмендетілуі мүмкін.
Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрімен, қан ұюы бұзылуымен, жүрек жеткіліксіздігімен науқастарға препаратты сақтықпен тағайындау керек.
Фотосезімталдық реакцияларын болдырмау үшін емделушілер ұзақ уақыт тікелей түсетін күн сәулесі әсерінен абай болуы керек.
Жақсару байқалмаса, немесе егер жағдай керісінше нашарласа, емді тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде қолдану тәжірибесі жоқ. Тиісінше, жүктілік және лактация кезінде препараттың болжамды пайдасы ұрыққа төнетін зор қатерден артық болатын жағдайларда ғана қолдануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Анықталмаған.
Артық дозаланғанда
Препарат жергілікті қолдануға арналғандықтан дұрыс қолданғанда жүйелі сіңу ықтималдығы, яғни артық дозалану ықтималдығы аз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
30 г (30 г қаптауға) немесе 100 г (100 г қаптауға) гельден бұралып кигізілетін ақ қақпағы бар алюминий сықпада.
Әрбір сықпа медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Кусум Хелткер Пвт. Лтд., Үндістан