Қант диабетімен ауыратындарға арналған витаминдер

Қант диабетімен ауыратындарға арналған витаминдер

Қолдану көрсеткіштері
Өнім мәліметтері
ӨндірушіВоерваг Фарма
Өндіруші еліГермания
Форматаблетки
Саны30
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
БАД, негізгі2 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 0 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

ДИАБЕТПЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРҒА АРНАЛҒАН ВИТАМИНДЕР

 

Тіркеу нөмірі:

20.12.2006 ж. 1325 

 

Саудалық атауы:

Диабетпен ауыратын науқастарға арналған витаминдер 

 

Дәрілік түрі:

Сарғыш-сұр түсті күңгірт дақтары және бөлуге арналған сызығы бар таблеткалар. 

 

Препарат құрамында:

1 таблетка құрамында С витамині – 90 мг, Е витамині – 18 мг, мырыш – 12 мг, бета-каротин – 2,1 мг, ниацин – 7,5 мг, пантотен қышқылы – 3,0 мг, В6 витамині – 6,0 мг, В1 витамині – 2,4 мг, В2 витамині – 1,5 мг, хром – 0,2 мг, фолий қышқылы – 0,3 мг, биотин – 0,03 мг, В12 витамині – 0,0015 мг. 

Фармакотерапиялық тобы – витаминдер мен микроэлементтер кешені. Тағамға қосылатын ББҚ. 

 

Қолданылуы 

Гиповитаминозды емдеу және алдын алу, әсіресе қант диабетінен зардап шегетін науқастар үшін. 

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар 

Препарат компоненттеріне белгілі аллергиялық реакцияларда. 

 

Жағымсыз әсерлері 

Анықталмаған. 

 

Шығарылу түрі 

Қаптамада 30 таблеткадан. 

 

Сақтау шарттары

Бөлме температурасында, күн сәулесінен қорғалған жерлерде сақтау керек. Жарамдылық мерзімі: 3 жыл. Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды. 

 

Фармакологиялық әсері 

Витаминдер – қалыпты зат алмасуды жүзеге асыруға арналған қажетті заттар. Витаминдер реакцияларды үдеткіш жүйенің елеулі ферменттері құрамына кіреді, соған байланысты ағзада көмірсулар, ақуыздар және майлар метаболизденеді. Әр витамин ағзада өзінің нақты қызметін атқарады. Ағза өздігінен витаминдер өндірмейтіндіктен, адамдар оны жеткілікті мөлшерде алуы тиіс. Қант диабетінен зардап шегетін науқастар бұл ауру кезінде витаминдердің жеткіліксіздігі оларда әсіресе жиі кездесетінін ұмытпаулары тиіс. Көптеген витаминдер тағам өнімдері құрамында болады. Өкінішке орай, олардың мөлшері жеткіліксіз немесе қажетті витаминдер жоқ                болатын жағдайлар кездеседі – сол кезде адамға дәрілік препараттардың көмегі тиеді. Диабетпен ауыратын науқастарға арналған витаминдер құрамында 11 өмірге қажетті витаминдер, сондай-ақ мырыш пен хром микроэлементтері бар, олар ағзаның ферментті жүйелерінің дұрыс қызмет атқаруына көмектеседі. 

 

Қолдану тәсілі және дозалары 

Тамақтан кейін күніне 1 таблеткадан. 

 

Өндіруші

Верваг Фарма ГмбХ және Ко.КГ, Кальверштрассе 7, 71034 Беблинген, Германия

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.