Климаксан

Өнім мәліметтері
ӨндірушіМатериа Медикал
Өндіруші еліРесей
Форматаблетки
Саны20
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Дәрілік шөптер, негізгі1 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 0 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Дәрілік заттың медицинада

қолданылуы жөніндегі

нұсқаулық

 

ГОМЕОПАТИЯЛЫҚ КЛИМАКСАН

Саудалық атауы 

Гомеопатиялық Климаксан

 

Халықаралық патенттелмеген атауы 

Жоқ

 

Дәрілік түрі 

Гомеопатиялық таблеткалар 

 

Құрамы 

Бір таблетканың құрамында 

белсенді заттар: Cimicifuga racemosa (Cimicifuga) С200; Lachesis mutus (Lachesis) С50; Apis mellifica (Apis) С200,

қосымша заттарлактоза, микрокристаллдық целлюлоза, магний стеараты.

 

Сипаттамасы 

Ойығы бар жайпақ цилиндрлі пішіндегі, ақ немесе ақ түсті дерлік таблеткалар.

 

Фармакотерапиялық тобы 

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған басқадай препараттар  

АТЖ коды  G02CX

 

Фармакологиялық қасиеттері 

Фармакокинетикасы

Препаратта белсенді ингредиенттердің өте аз дозада болуына байланысты  фармакокинетикалық зерттеуді жүргізу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы 

Тыныштандырғыш әсер етеді. Климактериялық белгіде психоэмоционалды көріністі жұмсартады (көңіл-күйдің құбылмалылығы, тітіркенгіштік, қажығыштық, жылауықтық, жабығу, ұйқының бұзылуы), вегетативті реакцияның айқындығын («құйылулар», тершеңдікті, жүрек соғуын, бас ауруын, бас айналуын) және зат алмасуының бұзылуын төмендетеді (липидтік алмасуды қалыптастырады).

 

Қолданылуы 

- климактериялық белгілерді емдеуде симптоматикалық дәрі ретінде (тітіркенгіштік, көңіл-күйдің құбылмалылығы, ұйқының бұзылуы, бас ауыруы, бас айналуы, жүректің тоғуы, тершеңдік, «құйылулар»). 

 

Қолдану тәсілі және дозалары 

Препаратты тамақтануға дейін 15 минут бұрын күніне 2 рет (таңертең және кешке) 1 таблеткадан қабылдайды. Таблетканы толығымен ерігенше   (шайнамастан және жұтпастан) ауызда ұстау керек. Тұрақты әсерге жету үшін қолданудың ұсынылған ұзақтығы 6 айды құрайды. Ауыр өтетін климакс кезінде препаратты қабылдауды  күніне  3-4 ретке дейін арттыруға болады. 

Қажет болған жағдайда емдеу курсын 2-3 аптадан кейін қайталауға болады. 

 

 

Жағымсыз әсерлер 

Препаратты белгіленген көрсетілім және белгіленген дозалар бойынша қолданғанда жағымсыз әсерлер қазіргі уақытқа дейін анықталған жоқ. Препарат компоненттеріне жоғары дербес сезімталдық реакциялары болуы мүмкін.

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар 

- препараттың құрамдас бөліктеріне жеке жоғарғы сезімталдықта  

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі  

Осы уақытқа дейін басқадай дәрілік заттармен үйлесімсіздігі туралы тіркелген жоқ.    

 

Айрықша нұсқаулар 

Препараттың құрамында лактоза бар болғандықтан,  оны туғаннан галактоземиясы, мальабсорбция глюкоза синдромы немесе галактозасы, не болмаса туғаннан лактазасы жетіспейтін науқастарға ұсынылған  дозадан асыруға болмайды. 

Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері 

Препарат автокөлікті және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді. 

 

Артық дозалануы

Осы уақыттқа дейін кездейсоқ артық дозалануы анықталмаған. 

 

Шығарылу түрі және қаптамасы 

Гомеопатиялық таблеткалар

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 20 таблеткадан. 

1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптама медицинада қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған  нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған. 

 

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден  аспайтын температурада сақтау қажет.

Балалардың қолы жетпейтін  жерде сақтау керек!

 

Сақтау  мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды. 

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

 

Өндіруші

 «ҒӨФ «МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ЖШҚ; 127473, Ресей, Мәскеу қаласы, 3-й Самотечный қысқа көшесі., д.9. Тел./факс: (495) 684-43-33.

 

Тұтынушылардан өнім  сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын  ұйымның атауы  және  мекен-жайы 

Қазақстан Республикасындағы «ҒӨФ «МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ЖШҚ өкілдігі 

Алматы қ-сы, Жібек жолы к-сі 64, офис 1.

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.