- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Ерлерге арналған Duovit
- Үй
- Витаминдер мен диеталық қоспалар
- Суық тиюге арналған қосымша
- Ерлерге арналған Duovit
Ерлерге арналған Duovit
Өнім мәліметтері
Өндіруші | КРКА |
---|---|
Өндіруші елі | Словения |
Форма | таблетки |
Саны | 30 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
БАД, негізгі | 10 мг |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 4350 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | 1 н. |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Дуовит® eрлерге арналған (Duovit® for men)
витаминдер мен минералдар
қабықпен қапталған таблеткалар
Тағамға биологиялық белсенді қоспа
Құрамы: 1 таблетка % RDA*
С витамині 60 мг 86
Е витамині 30 мг 300
Ниацин 20 мг 100
Пантотен қышқылы 6,4 мг 128
В6 витамині 2,0 мг 100
В2 витамині 1,7 мг 94
В1 витамині 1,5 мг 100
А витамині 1000 мкг 125
Фолий қышқылы 200 мкг 100
Биотин 30 мкг 60
В12 витамині 6,0 мкг 200
D3 витамині 5,0 мкг 100
Магний 100 мг 25
Мырыш 15 мг 100
Темір 10 мг 71
Марганец 3,5 мг 175
Мыс 2,0 мг 200
Йод 150 мкг 100
* RDA - ұсынылатын тәуліктік доза
Ингредиенттер: Магний оксиді (E530), токоферол ацетаты 50 %, аскорбин қышқылы, темір фумараты, никотинамид, мырыш оксиді, мыс глюконаты, марганец сульфат моногидраты, кальций пантотенаты, ретинол ацетаты, цианокобаламин 0,1 %, биотин 1 %, холекальциферол, пиридоксин гидрохлориды, калий йодиді 10 %, фолий қышқылы 10 %, тиамин мононитраты, рибофлавин(Е101).
Құрамында глютен жоқ.
Құрамында қант жоқ.
массасы 1030 мг, қабықпен қапталған 30 таблетка
массасы 1030 мг, қабықпен қапталған 60 таблетка
Препараттың сипаттамасы:
Қабықпен қапталған таблеткалардағы ерлерге арналған Дуовит организмінің қажеттіліктеріне бейімделген витаминді-минералды жиынтық болып табылады.
Витаминдер мен минералдар әрбір жасушаның метаболизмінде маңызды рөл атқарады. Басқа тағамдық заттарға қосымша ретінде, дұрыс метаболизм үшін витаминдер мен минералдардың жеткілікті мөлшері қажет. Рациондағы витаминдер мен минералдардың жеткіліксіз мөлшері қазіргі заман өмір салтының салдары болуы мүмкін, ол жұмыс істеу қабілетінің төмендеуіне әкеп соқтырады. Витаминдер мен минералдардың оңтайлы қоры организмге бейімделуге көмектеседі, сондай-ақ организмді тотығу стресінің зиянды әсерінен қорғайды. Витаминдер мен минералдарды организм синтездей алмайды; сондықтан оларды тамақтандырудың тиісті рационына қосу керек, ал бұл мүмкін болмаған жағдайда тағамдық қоспа ретінде пайдалану керек. Кейбір витаминдер белсенді өмір салтын ұстанатын еркектерге, күнделікті стресске және дене мен ми жүктемесіне ұшырайтындар үшін аса маңызды. Бұл бос радикалдарды қармайтын A, C мен E антиоксидант-витаминдері және қан айналымын демеуге арналған гомоцистеин деңгейін төмендететін және минералдармен бірге қуатпен қамтамасыз ету мақсатында метаболикалық үдерістерге және жасушалардың жаңаруын көтермелеуге қатысатын В тобының витаминдері.
Қабықпен қапталған таблеткалардағы ерлерге арналған Дуовит витаминдер мен минералдардың теңгерілген құрамынан тұрады. Организмге аса қажеттілік кезінде және жеткіліксіз тамақтандыру рационында қоспа ретінде қабылдау керек. Күніне бір таблетка қабылдау кез келген белсенді еркектердің қажеттілігін қанағаттандырады.
Қолданылуы:
Ересектерге күніне 1 таблеткадан ас ішу кезінде тамақпен бірге қабылдау керек.
Қолданылу ұзақтығы – 1 ай
Қолдануға болмайтын жағдайлар:
Компоненттерге жеке көтере алмаушылық болғанда.
Қолданар алдында дәрігерден кеңес сұрауды ұсынылады.
Бірыңғай белгі айналысы- ЕАС
Сату шарттары:
Сату бөлімдер жүйесі, арнайы дүкендер және дәріхана жүйесі арқылы халыққа сату үшін.
Шығарылу түрі:
Қаптамада пластик контейнерде қабықпен қапталған 30 немесе 60 таблетка.
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік №:
13.08.2013 ж. № RU.77.99.11.003.E.006580.08.13
ЕАN Коды
Сақтау шарттары:
Балалардың қолы жетпейтін жерде, түпнұсқалық қаптамада, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Сақтау мерзімі:
2 жыл
Дәрілік зат болып табылмайды.
Өндіруші/Импортшы:
АҚ «КРКА, д.д., Ново место»,
Шмарьешка цеста 6, 8501 Ново место, Словения