Магне В6 Премиум

Қолдану көрсеткіштері
Өнім мәліметтері
ӨндірушіСанофи Авентис
Өндіруші еліФранция
Форматаблетки
Саны60
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
БАД, негізгі618 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 5909 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

 

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы

жөніндегі нұсқаулық

МАГНЕ B6® ПРЕМИУМ

 

Саудалық атауы

МАГНЕ B6® ПРЕМИУМ

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 100 мг/10 мг 

 

Құрамы 

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 618,43 мг сусыз магний цитраты (100 мг магнийге баламалы), пиридоксин гидрохлориді 10 мг,

қосымша заттар: сусыз лактоза, макрогол 6000, магний стеараты, 

үлбірлі қабықтың құрамы: гипромеллоза 6 мПа.С, макрогол 6000, титанның қостотығы (Е 171), тальк.

 

Сипаттамасы  

Сопақша пішінді, ақ түсті, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. 

 

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да минералдық қоспалар. Магний препараттары. 

АТХ коды A12CC30

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Магний тұздарының асқазан-ішектік сіңірілуі ішінара тұздың ерігіштігі белгілі рөл атқаратын бәсең механизм жолымен жүреді. Бұл сіңірілу дәрежесі 50%-дан аспайды. Шығарылуы негізінен несеп арқылы жүзеге асады. 

 

Фармакодинамикасы

Магний негізінен жасушаішілік катион болып табылады. Нейрондардың қозғыштығын және жүйке-бұлшықеттік өткізгіштік жылдамдығын төмендетеді, көптеген ферментативтік үдерістерге қатысады.

Магний ағза тіндерінің маңызды компоненті болып табылады: қаңқа сүйектерінің құрамында ағзадағы магнийдің жалпы мөлшерінің жартысы бар.

Магнийдің сарысудағы деңгейлері:

- 12 мг/л мен 17 мг/л арасы (1,0 – 1,4 мЭкв/л немесе 0,5 – 0,7 ммоль/л) магнийдің орташа тапшылығын көрсетеді;

-    12 мг/л-ден төмен (1,0 мЭкв/л немесе 0,5 ммоль/л) магнийдің ауыр тапшылығын көрсетеді.

Тапшылық мынадай сипатта болуы мүмкін:

- бастапқы, метаболизмнің туа біткен аномалиясына байланысты (туа біткен созылмалы гипомагниемия), 

-    салдарлы, сырттан заттардың талапқа сай түспеуіне (ауыр сипатты тоя тамақ ішпеу, алкоголизм, біржақты парентеральді қоректену), сіңудің бұзылуларына (созылмалы диарея, асқазан-ішектік жыланкөздер, гипопаратиреоидизм) немесе бүйректік деңгейдегі артық мөлшерлі жоғалуларға (өзекшелер ауруы, ауыр полиурия, диуретиктерді шамадан тыс қолдану, созылмалы пиелонефрит, алғашқы гиперальдостеронизм, цисплатинмен емдеу) байланысты.

 

Қолданылуы

Магнийдің анықталған, оқшауланған немесе астасқан тапшылығы.

Келесі белгілердің бірігуі магний тапшылығын айғақтай алады:

- жүйкенің тозуы, ашушаңдық, жеңіл үрейлену ахуалдары, өтпелі шаршаңқылық, ұйқының аздаған бұзылулары

- асқазан-ішектің түйілуі немесе жүрек соғуының жиілеуі сияқты үрей нышандары (жүрек жағынан қандай да бір патологиясыз)

- бұлшықеттік құрысулар, бұлшықеттердің шаншуын сезіну

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Таблеткаларды бір стақан сумен іше отырып, бүтіндей жұту керек.

Ересектер: тәулігіне 2-3 қабылдауға бөлінген 3-4 таблетка, тамақ ішкен кезде.

6 жастан асқан балалар (20 кг-ге жуық салмақтағы): тәулігіне 10-30 мг/кг (тәулігіне 0,4-1,2 ммоль/кг), бұл тамақтану кезінде тәулігіне 2-3 қабылдауға бөлінген 2-4 таблетканы құрайды.

Емдеуді қандағы магний деңгейі қалыпқа түскеннен кейін тоқтату керек.

Әдетте емдеу ұзақтығы бір айды құрайды. 

 

Жағымсыз әсерлері

- диарея

- абдоминальді ауыруы

- тері реакциялары

- аллергиялық реакциялар

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар 

- компоненттердің біріне жоғары сезімталдық

- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (30 мл/минуттан аз креатинин клиренсі)

- леводопамен бір мезгілде қабылдау

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қарсы көрсетілімді біріктірілімдер

- леводопамен бір мезгілде тағайындамаған дұрыс, егер осы препаратты қабылдау шеткергі допа-декарбоксилазаның тежегіштерін қабылдаумен үйлеспесе, леводопаның белсенділігі тежеледі. Егер леводопамен бір мезгілде шеткергі допа-декарбоксилазаның тежегіштері тағайындалмаса, құрамында пиридоксин бар кез келген препаратты қабылдамаған жөн.

Ұсынылмайтын біріктірілімдер

Фосфат немесе кальций тұздары

Бұл өнімдер магнийдің аш ішекте сіңуін бәсеңдетеді.

Назарға алынуға тиісті біріктірілімдер

-  Ішу арқылы тағайындалған тетрациклиндер

Ішу арқылы қабылданатын тетрациклин мен магнийдің арасында екі сағаттан кем емес аралық сақталу қажет, өйткені магний тетрациклиндердің асқазан-ішектік сіңірілуін төмендетеді.

 

Айрықша нұсқаулар 

Сақтандырулар

Таблеткаларда лактозаның болуымен байланысты препарат туа біткен галактоземияда, глюкоза немесе галактоза сіңірілуінің бұзылу синдромында немесе лактаза тапшылығында қарсы көрсетілімді.

Сақтану шаралары

ТАБЛЕТКАЛАР ТЕК ЕРЕСЕКТЕРГЕ ЖӘНЕ 6 ЖАСТАН АСҚАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН.

6 жастан кіші балаларға сай келетін дәрілік түрлері болады.

Орташа бүйрек жеткіліксіздігінде гипермагниемиямен байланысты қауіптен сақтану мүддесінде сақтық таныту керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Магний жүктіліктің кез келген мерзімінде тек дәрігердің тағайындауымен қажеттілік туындағанда қолданыла алады. 

Әрбір құрамдас бөлік - магний немесе В6 витамині өз алдына лактациямен үйлесімді саналады. Қолжетімді деректердің шектеулі екенін назарға ала отырып, В6 витаминінің лактация кезеңінде ең жоғарғы ұсынылатын дозасы - күніне 20 мг.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Анықталмаған.

Артық дозалануы

Ішке қабылдаған кезде магниймен артық дозалану әдетте бүйректің қалыпты қызметінде уыттану реакцияларына әкелмейді. Дегенмен, магниймен улану бүйрек жеткіліксіздігі жағдайында дамуы мүмкін.

Уыттану әсерлері қандағы магнийдің деңгейіне байланысты, ал олардың симптомдары мынадай:

- артериялық қысымның түсіп кетуі

- жүрек айнуы, құсу

- ОЖЖ бәсеңдеуі,  рефлекстердің бұзылуы

- ЭКГ аномалиялары

- тыныс алудың тарылуы, кома, жүректің тоқтап қалуы және тыныс алудың салдануы

- ануриялық синдром

Емі: регидрация, қарқынды диурез. Бүйрек жеткіліксіздігінде гемодиализ немесе перитонеальді диализ қажет.

 

Шығарылу түрі 

15 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 

2 немесе 4 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

 

Сақтау шарттары

30С-ден аспайтын температурада сақтау керек.     

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

2 жыл

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

 

Өндіруші 

САНОФИ ВИНТРОП ИНДУСТРИЯ, ФРАНЦИЯ 

Орналасқан мекенжайы: 56, Route de Choisy au Bac 60205 COMPIEGNE FRANCE

Тіркеу куәлігінің иесі

санофи-авентис франс, ФРАНЦИЯ

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы: 

050016 Алматы қ., Қонаев к-сі, 21Б

телефон: 8-727-244-50-96
факс: 8-727-258-25-96
e-mail: quality.info@sanofi-aventis.com

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.