Кокарнит

Қолдану көрсеткіштері
Тапсырыс беру шарттары

«Кокарнит» алдын ала тапсырыс беріңіз және арнайы баға алыңыз - 4440 ₸ (қалыпты баға: 5550 ₸). Алдын ала тапсырысты орындаудың болжалды күні* – 23.04.2025, егер тапсырысты 22.04.2025 14:15 дейін орналастырсаңыз және төлесеңіз.

Орындау мерзімі Рудный-дегі біздің дистрибьюторлық орталықта алу шарттарына сәйкес есептеледі. Сайттың жоғарғы жағындағы қаланы өзгертуге болады, содан кейін болжалды жеткізу күні өзгеруі мүмкін.

Тауарды алғаннан кейін оны пр-т Комсомольский, д. 34 бойынша алуға немесе ыңғайлы уақытта курьер арқылы тегін жеткізуді ұйымдастыруға болады.

Арнайы баға бойынша алдын ала тапсырыс беру тек алдын ала төлеу үшін қол жетімді. Тапсырыс үшін кез келген банктің Visa/MasterCard картасымен 20 минут ішінде төлеу керек.

Жеке және заңды тұлғаларға тапсырыс беруге болады.

Тапсырыс беруге болады: 633 бірлік өнім (әр 15 минут сайын жаңартылады).

Ең аз тапсырыс сомасы:

  • жеке тұлғалар үшін – 12 000 ₸
  • заңды тұлғалар үшін – 250 000 ₸

* Тауарды жеткізудің болжамды күні технологиялық себептер бойынша өзгертілуі мүмкін, бірақ 3 күнтізбелік күннен аспауы керек.

Өнім мәліметтері
ӨндірушіУорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж А.Ш.
Өндіруші еліТүркия
Формаампула
Саны3
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецепт арқылы
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Цианокобаламин В12 дәрумені, негізгі0.5 мг
Кокарбоксилаза, негізгі50 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 5550 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы
Тапсырыс беру күйіҚол жетімді
Тапсырыс бағасы 5126 ₸  424 ₸
Мерзімнің өту күні 22.04.2025

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

 

 

Қазақстан Республикасы 

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  министрлігі Mедициналық және 

фармацевтикалық қызметті 

бақылау комитеті Төрағасының 

20_ жылғы “____” ___________

№ _____ бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

                                          Дәрілік затты медициналық қолдану

жөніндегі нұсқаулық

 

КОКАРНИТ 

 

Саудалық атауы

Кокарнит

 

Халықаралық патенттелмеген атауы  

Жоқ 

 

Дәрілік түрі

Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған  лиофилизацияланған ұнтақ  еріткішпен жиынтықта (лидокаин гидрохлоридінің 0.5 % ерітіндісі)

 

Құрамы

1 ампуланың ішінде

белсенді заттар:   10 мг динатрий аденозинтрифосфат тригидраты, 50 мг кокарбоксилаза, 0,5 мг цианокобаламин,  20 мгникотинамид,

қосымша заттар: глицин, метилпарагидроксибензоат, пропил парагидроксибензоат. 

1 ампула еріткіштің құрамында:  10 мг лидокаин гидрохлориді, 2 мл-ге дейін инъекцияға арналған су  .

 

Сипаттамасы

Қызғылт түсті лиофилизацияланған ұнтақ.

Еріткіш: мөлдір түссіз ерітінді.

 

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Басқа препараттармен біріктірілімді қоса, В тобының витаминдер кешені. В тобының витаминдер кешені басқа препараттармен біріктірілімде.

АТХ коды А11ЕХ

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы  

Препараттың емдік әсері оның компоненттерінің жиынтық әсері болып табылады. Сондықтан фармакокинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Препарат метаболизмдік заттар мен витаминдер кешені болып табылады.

Динатрий аденозинтрифосфаты тригидраты  аденозин туындысы болып табылады, метаболизмдік үдерістерді көтермелейді. Гипотензивтік және антиаритмиялық әсері бар. Тамыр кеңейткіш әсер береді, соның ішінде коронарлық артерияларға.

Кокарбоксилаза – организмде  сырттан  келіп түсетін тиаминнен  (В1 витамині) түзілетін кофермент. Көмірсу алмасуында маңызды рөл атқарады,  a-кетоқышқылдың карбоксилденуі мен декарбоксилденуін катализдейтін карбоксилаза ферментінің құрамына кіреді. Нуклеин қышқылдарының, ақуыздардың және липидтердің синтезіне ықпал етеді. Организмде сүт және пировиноград қышқылдарының деңгейін төмендетеді, глюкозаның сіңірілуіне ықпал етеді. Жүйке тіндерінің трофикасын жақсартады.

Цианокобаламин (В12 витамині) организмде аденозилкобаламиннің белсенді түріне немесе  жоғары биологиялық белсенділікке ие  кобамидке айналады. Организмде ақуыздың синтезін арттырады және оның жиналуына ықпал етеді. Көмірсулар мен липидтердің алмасуын белсенді етеді. Қандағы холестерин деңгейін төмендетеді, бауырда май инфильтрациясына жол бермейді. Қан түзу ағзаларының қалыпты қызмет жасауы үшін қажет,  құрамында сульфгидрильді топтары бар эритроциттік қосылыстардың жиналып қалуына ықпал етеді, олардың гемолизге төзімділігін арттырады. Тіндердің регенерацияға қабілетін арттырады.  Бауыр және жүйке жүйесінің қызметтеріне жағымды әсер етеді. 

Никотинамид – РР витаминінің бір түрі, жасушаларда тотығу-тотықсыздану үдерістеріне қатысады, көмірсу және азотты алмасуды жақсартады, липидтік алмасуды қалыпқа келтіреді, қанда атерогендік липопротеиндердің деңгейін төмендетеді.  

 

Қолданылуы 

- невриттер, нейропатияда (қант диабеті кезінде, пернициозды  анемияда және т.б.)

- шығу тегі әр түрлі невралгияда

- миалгияда, ишиалгияда

- люмбагода, радикулитте

- бурситте, тендинитте.

- жүректің ишемиялық ауруында, миокардитте, миокардиопатияда

 

Қолдану тәсілдері және дозасы

Кокарнит препаратын тәулігіне 1-2 ампуладан бір рет бұлшықет ішіне енгізеді. 

Емдеу ұзақтығы және қайталау курстары аурудың сипатына және ауырлығына байланысты және емдеуші дәрігермен анықталады. 

 

Жағымсыз әсерлері

- жүрек айнуы,  жеңіл түрдегі уақытша диарея, диурездің күшеюі

- бас ауыруы, бас айналу, кенеттен терлеу, әлсіздікті сезіну, жүйкенің қозуы

- өкпенің ісінуі, емнің басындағы іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, шеткергі тамырлар тромбозы,

-тахикардия,  жүрек тұсының ауыруы

- аллергиялық  реакциялар (есекжем, Квинке ісінуі, анафилактикалық шок)

- гиперемия, қышыну,  енгізген жердің ісінуі

- шынайы  полицитемия

- қышыну, транзиторлы экзантема.

Айқын жағымсыз құбылыстар дамыған кезде препаратты қолдануды тоқтатады.

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар 

- препараттың кез келген компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- миокард инфарктісінің жедел кезеңі

- гиперкоагуляция (соның ішінде жедел тромбоз), эритремия, эритроцитоз,  артериялық гипертензияның ауыр түрлері, артериялық гипотензия, өкпенің қабыну аурулары, ауыр жүрек жеткіліксіздігі, псориаз, өткізгіштіктің ауыр бұзылулары, жедел жүрек жеткіліксіздігі.

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі 

Кокарбоксилаза жүрек гликозидтерінің кардиотонустық әсерін күшейтеді.

В12 витамині В1 витамині туғызған аллергиялық реакцияларды күшейтуі мүмкін екенін ескеру қажет. 

Никотинамидті әсіресе  карбамазепин, диазепам, натрий вальпроаты сияқты эпилепсияға қарсы дәрілермен бір уақытта қолданғанда олардың құрысуға қарсы әсері үдеуі мүмкін. 

 

Айрықша нұсқаулар

Кокарнит препаратын енгізер алдында препарат компоненттеріне жоғары сезімталдыққа күмәнді пациенттерде тері ішіне сынама жүргізу ұсынылады.   

Цианокобаламинмен емдеген кезде жүйелі түрде қан талдауын жүргізу қажет.  Эритро- және лейкоцитозға даму үрдісі кезінде дозаны азайтады немесе препаратты қабылдауды уақытша тоқтатады. Емдеу үдерісінде қанның ұюын бақылап отыру қажет және тромб түзілуіне бейімділігі бар адамдарға қатысты сақ болу қажет. В12 витаминін жедел тромбоэмболиялық ауруларда енгізуге болмайды. Стенокардиямен ауыратын науқастарға В12 витаминін сақтықпен және аз дозада (бір инъекцияға 0,1 мг-ге дейін) тағайындау қажет.

Кокарнитті сыртартқысында ойық жара аурулары, гастрит, подагра, қан кету, бауыр мен өт шығару жолдарының зақымданулары туралы  мәліметтері бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Препаратты ұзақ уақыт қолданғанда  қан сарысуындағы трансаминазалар, сілтілік фосфатаза, ГГТП, билирубин, несеп қышқылы деңгейін бақылап отыру қажет.

Дайындалған ерітіндінің түсі қызыл болуы тиіс.

Егер түсі өзгеріп кетсе, ерітіндіні пайдалануға болмайды.

Ерітіндіні дайындағаннан кейін бірден пайдалану қажет! 

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты балаларға қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі зерттелген жоқ.

Жүктілік және лактация

Жүктілік кезінде  Кокарнитті егер ана  үшін күтілетін  пайдасы  ұрық  үшін әлеуетті қауіптен басым болған  жағдайларда  ғана  қолдану керек.

Препаратпен емделу кезінде бала емізуді тоқтату ұсынылады.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Кокарнит препаратын қолдану кезінде бас айналу, бас ауыру пайда болатын пациенттер жоғары зейін шоғырландыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналыспауы тиіс.

 

Артық дозалануы 

Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: симптоматикалық және препаратты қолдануды тоқтату.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

Шыны ампулаларда инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған  лиофилизацияланған ұнтақ. 

Пішінді ұяшықты қаптамада еріткішпен жиынтықта 3 ампуладан (2 мл-ден лидокаин гидрохлориді 0,5% ерітіндісі 3 ампула) медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

 

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде,  25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

 

Өндіруші

Е.И.П.И. Ко., Мысыр,

Тенс ов Рамадан Сити, Бірінші өндірістік аймақ В1, а/ж 149 Тенс 

(«E.I.P.I.CO.» Egypt, Tenth of Ramadan City, First Industrial Area B1, P.O. box: 149 Tenth)

 

Тіркеу куәлігінің иесі

 «УОРЛД МЕДИЦИН», Ұлыбритания  

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның  мекенжайы 

ҚР,  «РИН Фарм» ЖШС,  Алматы қ., Түрксіб ауданы, Сүйінбай д-лы, 222б

Тел/факс: 8 (7272) 529090

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.