- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Ранферон
Ранферон
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Сан Фармасьютикал Индастриз Лтд. |
---|---|
Өндіруші елі | Үндістан |
Форма | таблетки |
Саны | 30 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Темір (II), негізгі | 100 мг |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 1650 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Дәрілік затты қолдану
жөнінде тұтынушыларға
арналған
НҰСҚАУЛЫҚ
(аннотация-қосымша бет)
РАНФЕРОН-12
Капсулалар
Препаратты қолдана бастаудан бұрын осы қосымша бет-парақты мұқият оқыңыз! Бұл қосымша бет-парақты сақтап қойыңыз. Ол Сізге қайта оқу үшін қажет болуы мүмкін. Егер Сізде қосымша сұрақтар пайда болса, өзініздің емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз. Бұл препарат тек Сізге ғана арналған және оны басқа адамдарға беруге болмайды.
Саудалық атауы
Ранферон-12 (Ranferon-12)
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Құрамы
1 капсуланың құрамы:
Әсер етуші заттар:
5 мг мырыш сульфаты, 0,75 мг фолий қышқылы, 5 мкг В12 витамині, 75 мг С витамині, 305 мг тeміp фумараты, 100 мг қарапайым тeміpre барабар;
Қосалқы заттар: микрокристалдық целлюлоза, жеңіл сүйық парафин, коллоидты сусыз силикагель, тазартылған тальк, магний стеараты.
Шығарылу нысаны
5 мг мырыш сульфаты, 0,75 мг фолий қышқылы, 5 мкг В12 витамині, 75 мг С витамині, 305 мг тeміp фумараты, 100 мг қарапайым тeміpre барабар; Блистерлі орамдарда 10 капсуладан. Картон қорапта 3 блистер.
Қолдану тәсілі мен мөлшерлері
Teміp тапшылығы анемиясын емдеу үшін ересектер мен 12 жастан үлкен балаларға арналған Ранферон-12-нің әдеттегі мөлшері тәулігіне 1-2 капсула құрайды. Емдеу курсы дербес анықталады және 1-3 ай қүрауы мүмкін.
Осы препаратты қолдануға қатысты дәрігер нұсқауларын қатаң ұстану
керек.
Teміp тапшылығы анемиясының және темірдің ұзаққа созылған тапшылығының (оның ішінде жүктілік кезеңінде) алдын алу үшін препараттың мөлшері күн аралатып 1 капсула құрайды.
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттестігі
Егер Сіз кез келген басқа дәрілік заттарды қабылдап жүрсеңіз, бұл жөнінде міндетті түрде дәрігерге хабарлаңыз! Препаратпен емдеу кезінде дәрігермен алдын ала келіспейінше, басқа дәрілік заттарды (оның ішіндe рецептісіз босатылатындарын да) қабылдамаңыз. Бақыланбайтын емдеу Сіздің денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін.
Ранферон-12 капсулалары мен құрамында алюминий, магний, кальций бар антацидтік дәрілер, сондай-ақ құрамында холестирамин бар препараттар біp мезгілде қолданылғанда темірдің асқазан-ішек жолынан сіңірілуі азаяды.
Препарат пен тетрациклиндік антибиотиктер, сондай-ақ, пеницилламин біp мезгілде қабылданғанда темірдің, антибиотиктердің сіңірілуін азайтатын кешенді қосындылар пайда болуы мүмкін.
Көрсетілімдері
Ранферон-12:
турлі этиологиядағы темір тапшылығы анемиясын емдеу және алдын алу;
-фолий қышқылының тапшылығымен ілесетін темір тапшылығы анемиясын
емдеу және алдын алу;
-жукті әйелдерде және бала емізетін әйелдерде фолий қышқылының
тапшылығымен біріккен тeміpдің жасырын тапшылығын емдеу және алдын
алу;
-темірдің шығындалуымен байланысты (қан кетулер, донорлық) темірдің
жасырын тапшылығын емдеу және алдын алу;
-организмнің оған жоғары қажеттері кезеңінде (жүктілік, бала eмізy, белсенді өсу кезеңі, толыққанды тамақтанбау, секреторлық жеткіліксіздік бар созылмалы гастрит, асқазанды кескеннен кeйінrі жағдай, инфекциялық аурулар кезінде/кейін иммунитеттін төмендеуі) темірдің жасырын тапшылығын емдеу және алдын алу үшін көрсетілімде.
Карсы көрсетілімдері
Ранферон-12 препараттың кез келген ингредиентіне асқын сезімталдығы бар науқастарға қарсы көрсетілімде. Сонымен біpre апластикалық немесе гемолитикалық анемиясы, гемохроматозы, гемосидерозы, организмдегі тeміp тапшылығымен байланысты емес анемияның басқа да түрлері бар науқастарға да қарсы көрсетілімде. 12 жасқа дейінгі балалар жасы.
Ескертулер
Тамақ ішу арасында қабылдау керек. Препаратпен терапия кезінде нәжістің қара қошқылдануы қадағалануы мүмкін, оньң ешқандай да клиникалық мәні жоқ. Темірдің басқа препараттарын Ранферон-12-мен біp мезгілде қабылдауға болмайды.
Айрықша нұсқаулар
Бұл препаратты Сізге тағайындаған дәрігердің емдеу барысын қадағалауы маңызды. Оған ол белгілеген мерзімде келуді ұмытып кeтпeңіздep.
Жанама әcepлеpі
Жүрек айнуы, эпигастральдық маңайдағы ауыру, іш өту, іш қату. Мұндай симптомдар пайда болған жағдайда дереу дәpігepre көpінy қажет.
Артық мөлшерлеу
Артық мөлшерлеуге күдік туған жағдайда дереу дәрігерге көpінy керек.
Сақтау шарттары
Препаратты құрғақ, балалар қол жеткізе алмайтын жерде, 25ºС-дан аспайтын температурада сақтау қажет.
Жарамдылық мерзімі
Жарамдылық мepзімі 2 жыл құрайды. Препаратты орамында көрсетілген жарамдылық мepзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Дәрігердің рецептісіз босатылады.
Өндірушінің атауы мен мекен-жайы
Ранбакси Лабораториз Лимитед Индастриал Эриа-3, Девас, 455001, Үндістан.