Детримакс

Өнім мәліметтері
ӨндірушіГрокам
Өндіруші еліПольша
Форматаблетки
Саны60
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
D3 дәрумені Колекальциферол, негізгі2000 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 5690 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

ДЕТРИМАКС® АКТИВ құрамында D3 дәрумені (холекальциферол) бар, ол - өмірлік маңызды майда еритін дәрумен, адам организмінің барлық ағзалары мен жүйелерінің қызметін қамтамасыз ету үшін қажет.
D ДӘРУМЕНІ АҒЗАЛАР МЕН ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ МАҢЫЗДЫ РОЛЬ АТҚАРАДЫ:
СҮЙЕК-БҰЛШЫҚ ЕТ ЖҮЙЕСІҢДЕ Фосфор-кальций алмасуын реттеуде қатысады: ішекте кальцийдің сіңуіне көмектеседі, қандағы кальций мен фосфордың қажетті деңгейін қолдайды, сүйек метаболизмін белсендіреді. Сүйектің мықтыльғын қамтамасыз етуге және рахиттің, остеомаляцияньң (сүйектің жұмсаруы) даму қаупін азайтуға ықпал етеді. D дәруменінің қалыпты деңгейін қолдау кез келген жаста аса қажет, әсіресе, құлау мен сүйектің сыну қаупі артатын егде жаста. D дәрумені тісті нығайтады, тістің қатты тінінің негізгі құраушысы - дентинді өндіруді белсендіреді. Организмдегі D дәруменінің жеткілікті мөлшері тісжегі қаупін төмендетеді. Бұлшық еттің күшін және нерв-бұлшық еттің өткізгіштігін қолдауға ықпал етөді. D дәруменінің тапшылығы бұлшық ет әлсіздігін туындатады, осының салдарынан D дәруменінің тапшылығына ұшыраған, әсіресе, егде жастағы адамдар тұрғанда және жүргенде қиындықты сезінеді.
ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ. D дәрумені барлық эндокриндік бездердің қызметін репттеуге қатысады. Ол эстроген, прогестерон, тестостерон секілді әйелдер мен ерлердің жыныстық гормондарының түзілуін ынталандырады. Қалқанша без бен қалқансерік бездердің, бүйрек үсті бездерінің қыртысының, сондай-ақ, инсулин бөлетін ұйқыбезінің бета-жасушаларының қалыпты қызметін қолдауға ықпал етеді. 
РЕПРОДУКТИВТІК ҚЫЗМЕТ. D дәрумені әйелдер мен ерлердің, оның ішінде, жүктілікті жоспарлайтын немесе бала көтеруде қиындыққа ұшыраған жұптардың рвепродуктивтік жүйесіне оң әсер етеді. D дәруменінің деңгейі жеткілікті болатын әйелдерде аналық жасушаның ұрықтануы жиірек кездеседі. D3 дәрумені тапшылығының болмауы ЭКҰ нәтижесін жақсартуға мүмкіндік береді. D дәрумені эндомертийге оң әсер етеді, жайылып өсу үрдістерінің алдын алады, аналық бездегі фолликулдың өндірілуін жақсартады, аналық жасушаның жетілуіне ықпал өтеді.
КӨМІРСУ-МАЙ АЛМАСУЫ D дәрумені көмірсу-май алмасуының жақсаруына ықпал етеді, глюкоза мен инсулиннің алмасуына оң әсер етеді, ал D дәруменінің тапшылығы инсулинге тұрақтылық, глюкозаға төзімділік бұзылуы даму қаупінің факторы. D дәрумені ұйқыбезі бета-жасушаларының инсулин бөлінісін ынталандырады, сондай-ақ, инсулиннің ізашарын белсенді инсулинге айналдыратын бета-жасушалардың кальцийге тәуелді эндопептидазасын жанамалы белсендіреді. D дәрумені тіндердің инсулинге сезімталдығына әсер етеді, жасушалардағы инсулин рецепторларының экспрессиясын (айқын әрекетін) ынталандырады. D дәрумені қандағы жалпы холестерин, үшглицеридтер мен төмен тығыздықты липидтердің деңгейін төмендетуге ықпал етеді. Осы қасиеттеріне сай D дәрумені семіздікті және алмасу бұзылыстарын түзетуде едәуір роль атқарады. Майлардың асқын тотығу үрдістерін тежейді. 
ЖҮРЕК-ҚАНТАМЫР ЖҮЙЕСІНДЕ. D дәрумені жүрек-қантамыр жүйесінің қызметін қолдауда қорғаныс ролін атқарады: тамырлардың ішкі қабатына және бұлшық еттік қабырғасына, сондай-ақ, қан ұюы үрдістеріне оң әсер етеді. Ренин-ангиотензивті жүйенің белсенділігіне оң әсер етеді, артериалдық қысымды реттеуге қатысады, артериалдық тамырлардың ширақтығын реттеуге ықпал етіп, артериалдық қысымның артуының алдын алады.
ИММУНДЫҚ ЖҮЙЕДЕ. Иммундық қызметтің саулығына, белсендіруге ықпал етеді, туа біткен және жүре пайда болатын иммунитетке оң әсер етеді. Терінің, респираторлық және асқазан-ішек жолдары эпителийінің жасушаларында микробқа қарсы өзіндік заттектердің: каталицидин мен дефензин ақуыздарының түзілуін іске қосады, бұл заттектер вирустарды, бактериялар мен зеңдерді жояды, осыған сай суық тию ауруларының даму қаупін азайтуға ықпал етуі дәлелденген.
ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІҢДЕ. Жүйке жүйесінің қызметін реттеу үрдістірінде қатысады, танымдық қызметке оң әсер етеді: есте сақтау, назарды шоғырландыру, ақпаратты игеру, жұмысқа қабілет. D дәрумені нейро-қорғаныстық әрекет етеді - миды зақымданудан қорғау механизмдерінде маңызды роль атқарады, Ол триптофанның (организмге тағаммен түсетін амин қышқылы) серотонинге - адамның қалыпты танымдық қызметі мен психо- эмоционалдық жағдайы үшін зор мәні бар нейромедиаторға айналуы арқылы көңіл- күйді жақсартуға ықпал етеді. D дәрумені қабыну медиаторларының түзілуін иммундық жасушалардың басуы арқылы ауырсыну сезімталдығына да оң әсер ете алады. 
БРОНХЫ-ӨКПЕ ЖҮЙЕСІНДЕ. D дәрумені - қалыпты қызметі үшін қажетті фактор. Ол тыныс алу жолдарының бұлшық етінің қызметін қолдауда, иммундық жасушалардың қызметін және қабынуға сау жауапты реттеуде қатысады. D дәрумені бұл өкпенің тыныс алу қызметін жақсартуға және организмді инфекциялардың кең ауқымынан қорғауға ықпал етеді, туберкулез бен жіті респираторлық инфекцияларды қоса. 
ТЕРІДЕ. D дәрумені терідегі алмасу үрдістерін жақсартуға, оның қорғаныс қасиеттерін арттыруға және қызметін қалпына келтіру бағдарламаларын іске қосуға ықпал етеді. D дәрумені—терінің қорғаныс қызметі мен коллаген түзілуін твмвндвтіп, сөрпімділігін жоятын, қүрғақ жене салбыраңқы етіп, қабыну өзгерістерінің дамуына бейім ететін фотоқартаюдан қорғаудың факторы.
АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕ. D дәрумені асқазан-ішек жолдарының сілемей қабатының гомеостазына (ішкі тұрақтылық) әсер етеді, эпителий қалқанының тұтастығын және эпителийдің өң бітіру қабілетін сақтауға ықпал етеді. Иммундық жасушалардың қызметіне әсер етуіне сай D дәрумені ішектегі аутоиммундық қабыну үрдістерін басуға ықпал етеді. D дәрумені асқазан-ішек жолдарының және бауырдың қызметіне оң әсер етеді. ЖАСУШАЛАРДЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН РЕТТЕУ. D дәрумені шаршауды басуға және организмнің ширақтығын арттыруға ықпал етеді, жасушалардың өзіндік энергетикалық әлеуетін реттейді: D дәрумөні әсерінің нәтижесінде жасушалардың митохондрияларында организмде өтетін барлық биохимиялық үрдістер үшін өзіндік әмбебап энергия көзі болатын АТФ (аденозинтрифосфат) өндірілуі артады. 
ЖАСУШАЛЫҚ ӨСУДІ РЕТТЕУ. D дәрумені жасушалардың өсуіне, дамуына және жаңаруына реттейтін әсер етеді.
D дәрумені ықпал етеді:
• сүйекті және тістерді нығайтуға
• бұлшық ет күшін қолдауға
• сау иммундық қызметті қолдауға
• иммундық жасушалардың қабынуға қарсы сау жауабын реттеуді қалыптастыруға
• шаршауды басуға және ширақтықты арттыруға
• организмнің энергетикалық әлеуетін реттеуге
• жасушаның қалыпты өмірлік циклін қолдауға
• танымдық қызметтің дамуына: есте сақтауға, назарды шоғырландыруға, ақпаратты игеруге
• репродуктивті қызметті қолдауға
• терідегі алмасу үрдістерін жақсартуға
• көмірсу-май алмасуын реттеуге.
Бір таблеткасында 50 мкг (2000 ХБ) холекальциферол бар. 
ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР. Ересектерге – күніне ¼ таблеткадан, тағам ішу кезінде қабылдау қажет. Қабылдау ұзақтығы – 6 ай. D дәруменін қабылдау, әсіресе, қыркүйектен бастап сәуір айларына дейінгі суық тию кезеңінде ұсынылады. 
Қолдану алдында дәрігермен кеңесу қажет. 
Жүкті және бала емізетін әйелдер дәрігердің ұсынысы бойынша қабылдауы тиіс. 
D3 дәруменін (холекальциферол) ішу арқылы қабылдаған кезде аш ішекте мицеллярлық қосылыстар түзілуі есебінен аш ішектің шеткі бөлігінде толығымен (80% дейін) сіңеді. 4-5 сағаттан кейін тіндерде шоғырлануы жоғары мөлшеріне жетеді, одан кейін сәл азайып, ұзақ уақыт бойы тұрақты деңгейде сақталады. 
ҚҰРАМЫ. Кальций орто-фосфаты 2-алмастырылған (нығыздалуға қарсы бөлік), микрокристалдық целлюлоза (толтырғыш), D3 дәрумені (холекальциферол), таблеткасының қабықшасы (гидроксипропилметилцеллюлоза (тұрақтандырғыш), титан диоксиді (бояғыш), полидекстроза (тұрақтандырғыш), тальк (нығыздалуға қарсы бөлік), мальтодекстрин, орташа тізбекті үшглицеридтер), стеарин қышқылының магнийлі тұзы (нығыздалуға қарсы бөлік). 
ҚОЛДАНУ АЯСЫ. ДЕТРИМАКС® 2000 тағамға биологиялық қоспа ретінде – D дәруменінің қосымша көзі ретінде келесі жағдайларда ұсынылады: сүйекті және тістерді нығайту, иммунитетті қолдау, шаршауды басу және ширақтықты арттыру, бұлшық ет күшін қолдау, есте сақтауды дамыту, назарды шоғырландыру, ақпаратты игеру, репродуктивті қызметті қолдау, D дәруменінің тапшылығын толықтыру және қалыпты деңгейін қолдау. Шығарылу түрі. Қабықшасы мен бөлетін сызықізі бар, салмағы 240 мг таблеткалар, 15 данадан блистерде, 2, 4, 6 немесе 8 блистерден картон қаптамада. 
Қарсы көрсетімдері: құрамбөліктерін жеке көтере алмау. 
Сақтау шарттары: 15°С-тан 25°С-қа дейінгі температурада, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75%-дан аспайтын, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет. 
Жарамдылық мерзімі: 3 жыл. 
Тарату шарттары: дәріханалар жүйесі, сауда жүйесінің арнайы дүкендері, бөлімдері арқылы таратуға арналған. 
Тағамға биологиялық белсенді қоспа. Дәрінің қатарына жатпайды. 
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік: № АМ.01.48.01.003.R.000177.09.19 Берілген күні: 13.09.2019 ж.

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.